Жарық және көлеңке. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім. Табиғат физикасы Жарық. Дыбыс. Жылу. Электрлік | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жарық және көлеңке | |||||
Оқу мақсаттары | 4.5.2.1 - көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру; 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну; | |||||
Сабақ мақсаттары | Көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру. | |||||
Бағалау критерийлері | Көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін сипаттайды. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология: Көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзі. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарын дарыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, биология | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3 сыныпта адамның дене мүшелері туралы алған білімдерін қайталау | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 минут | I.Ұйымдастыру бөлімі «Сөйлейтин қолдар» тренингМақсаты: оқушылардың ара-қатынастарын жақындату, жағымды көңіл-күй орнату. Қуанышымызды көрстейік. Басты сипайық. Арқадан қағайық. Тілегімізді білдірейік. Оқушылар ішкі-сыртқы шеңберлерде жұп болып тұрып, мұғалімнің берген нұсқаулықтарын үндемей орындайды. -Ендеше, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап,судай таза көңілмен сабағымызды бастайық. ІІ.Өткенді қайталау Мақсаты:Сұрақтарға жауап алу арқылы өткен сабақта алған білімді қайта жаңғырту. -Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өтіп едік? «Жалғастыр» ойыны 1.Зәр шығару жүйесіне ............... жатады.2. Зәр түзуші мүшеге ... жатады.3. Ересек адам бүйрегінің салмағы шамамен...... .4. Бүйректің негізгі қызметі ............. . -Жалпы адам ағзасында тағы қандай жүйелер қызмет атқарады? -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін мен сендерге суретті жұмбақты шешуді ұсынамын. Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Бүгінгі сабақта біз жарық пен көлеңке жайлы әңгіме өрбітеміз. Құрылған БК сабақ соңында қайта оралатынымызды ескертіледі. | Слайд Тест парақшалары | ||||
Сабақ ортасы 7 -12 минут 12 -15 минут 15-18 минут 18-23 минут | (МК, Ұ)Видео тамашалау «Көлеңкелер театры» Оқушыларға көлеңкелер театрының видеосын көрсету. –Көлеңкелердің көлемі мен пішіні неліктен әр түрлі? Оқушылардың жауаптарын тыңдап толықтыру. (МК,Ұ)Суретпен жұмыс Мақсаты:Сурет арқылы көлеңке мен жарықтың ерекшеліктерін салыстыру -Қай кейіпкер үлкен, қайсы кіші? -Қоянның көлеңкесі неліктен қасқырдың көлеңкесінен үлкен? Жауаптардың тізімін құрастыру. (ОТ, Т, Ж) Зерттеу жүргізу Зерттеу сұрағы:-«Неліктен көлеңкенің мөлшері жарық көзінен қашықтыққа тәуелді?» Зерттеу барысында қолшамның жарығы және денелер түсірген көлеңкелер анағұрлым анық болуы үшін терезенің пердесі жабылады. Оқушылар топта зерттеудің іс-әрекеттерін параққа жазады. Топта талқылау жүргізеді. Сұраққа жауап іздейді. Жауаптарымен бөліседі. Зерттеу барысында оқушылардың түсінгендігін тексеру үшін сұрақтар қойылады. -Дененің көлеңкесі қай кезде барынша ұзын болды? -Кай кезде барынша қысқа болды? -Сен нені ұғындың? -Нені байқадың, оны қалай түсіндіре аласың? Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру, кері байлаыс жасау. Проблемалық сұрақ:«Егер осы тәжірибені қайта жасаған болсаңыз, сіз нені өзгертер едіңіз?» деген сұрақ төңірегінде талдау жүргізу. (Ұ, Қ) Жұптарды немесе шағын топтарды өз қорытындыларымен бөлісуі үшін ортаға шақыру. Түрлі тәсілдерді және нәтижелерді жазу әдістерін салыстыру және талдау. Қосымша ақпарат беру: (Ұ) Оқушыларға «идеялар себетін» ұсыну. Тақтаға «сіңіру/жұтылу» деген сөзді жазу. Оқушылар осы құбылысты сипаттайтын сөздерді атап жазады. Барлық сипаттамаларды сыныппен талқылап, ішінен тек жарықтың сіңірілуін түсіндіретін сөздерді іріктеп қалдыру. Зерттеуге тиімді сұрақты ұйымдастыру. Жарықтың сіңірілуі неге байланысты екенін талқылау. (беті түсі мен оның сапасына байланысты) (ОТ, Т) Болжам жасауз (қағаз түстерін ажырату). -Біз дененің шағылыстыру бетін өзгертпей, тек түсін өзгертеміз. Нұсқаулық:
Қорытынды жасату: 1.Көлеңке –дененің жарықтанбаған бөлігі. 2.Көлеңкенің мөлшері дене мен жарық көзінің арақашықтыңына тәуелді: дене жарық көзіне жақын орналасса, оның көлеңкесі соншалықты үлкен болады. | Слайд, плакаттар Үлестірмелі парақтар Оқулық, кеспе қағаздар, нұсқаулық, зерттеу құралдары Үлестірмелі қима парақтар | ||||
Сабақтың соңы 37-40 минут |
-Қандай жаңа ақпарат білдік? -Не қажет болды? -Нені түсінбедік? Оқушылардың жауаптарын тыңдау, кері байланыс жасау. Өздерін бағалау «Жетістік баспалдағы» арқылы өздерін бағалау | «Жетістік баспалдағы», стикерлер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың топтағы зерттеу жұмыстары мен жасаған қорытындылары бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?