Жарық пен көлеңке. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: ФМН НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарық пен көлеңке

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5.2.1 - көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;

4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну;

Сабақ мақсаттары

Көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру.Нәтижені графикалық түрде ұсынуды үйрету.

Бағалау критерийлері

Көлеңкенің кедергі өлшемі мен жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттейді және түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Жарық ,көлеңке,кедергі

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұптық жұмыс арқылы көмек көрсетуге қамқорлық жасауға үйренеді

Пәнаралық байланыстар

Дүнтетану пәнімен байланыс орнайды

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім

Жарықтың табиғи және жасанды көздері туралы және көлеңкенің пайда болуы туралы біледі,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Өткенді қайталау

«Сиқырлы қорапша» ойынын ұсыну

«Сиқырлы қорапшада» берілген сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

Жарық неше түрге бөлінеді?

Табиғи жарық көздеріне мысал келтір.

Жасанды жарық көздеріне мысал келтір?

Тіршілік үшін жарықтың қандай пайдасы бар?

Жарық өткізгіш денелерді ата.

Неліктен кейбір денелер жарық өткізбейді?

Көлеңке дегеніміз не?

Көлеңке қалай пайда болады?

Жарық қандай бағытта түседі?

Сабақ тақырыбы мен мақсатына болжам жасату

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Оқушыларға көлеңкелер театрының видеосын көрсету.

-Көлеңкелердің неліктен әр түрлі?

Тақтада жауаптардың тізімін құрастыру.

(ОТ, Т, Ж) Зерттеу нәтижесінде оқушылар «Неліктен көлеңкенің мөлшері жарық көзінен қашықтыққа тәуелді?» деген сұраққа жауап алады. Зерттеу барысында қолшамның жарығы және денелер түсірген көлеңкелер анағұрлым анық болуы үшін терезенің пердесін жабыңыз. Оқушылардың нені білгісі келетінін сұраңыз. Оқушылардың болжам жасауына, өзгертетін айнымалыларды (бірінші жағдайда тәуелсіз айнымалы – жарық көзіне дейінгі қашықтық, ал екінші жағдайда- дененің мөлшері) және өлшенетін нәтижесінде оқушылар «Неліктен көлеңкенің мөлшері жарық көзінен қашықтыққа тәуелді?

Қолшаммен экран арасында миллиметрлік қағазды орналастырыңыз.

  • Денені миллиметрлік қағазға орналастырыңыз.
  • Дененің қолшамнан арақашықтығы пен көлеңкенің биіктігін кестеге жазыңыз.
  • Тәуелсіз айнымалы – дененің қолшамнан арақашықтығы(см) және көлеңкенің биіктігі(см).
  • Денені түрлі қашықтықта орналастыра отырып, іс-әрекеттерді қайталаңыз.

Зерттеу барысында оқушылардың түсінгендігін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз. Дененің көлеңкесі қай кезде барынша ұзын болды? Кай кезде барынша қысқа болды? Сен нені ұғындың? Нені байқадың, оны қалай түсіндіре аласың?

«Егер осы тәжірибені қайта жасаған болсаңыз, сіз нені өзгертер едіңіз?» деген сұрақ төңірегінде талдау жүргіңіз. Оқушылар зерттеу нәтижелерін график түрінде береді/рәсімдейді.

(Ұ, Қ) Жұптарды немесе шағын топтарды өз қорытындыларымен бөлісуі үшін ортаға шақырыңыз. Түрлі тәсілдерді және нәтижелерді жазу әдістерін салыстырыңыз және талдаңыз.

Бағалау: көлеңке бөгет мөлшеріне тәуелді болады және жарық көзі мен бөгеттің арақашықтығына тәуелді болады.

Зерттеулер жүргізуге арналған парақтар көмегімен нақты бағалау/тест жоспарлау қабілеттерін бағалау.

Көлеңке –дененің жарықтанбаған бөлігі.

Көлеңкенің мөлшері дене мен жарық көзінің арақашықтыңына тәуелді: дене жарық көзіне жақын орналасса, оның көлеңкесі соншалықты үлкен болады.

Көлеңкенің пішіні дененің орналасуы мен жарық көзіне тәуелді болады.

Жарық көзі ұзақ болған сайын дененің көлеңкесі бұлыңғыр болады.

Оқулық. 2-бөлім: Көлеңкені үлкейтуге бола ма?,10–11-бб. Жұмыс дәптері. 2-бөлім: 5-жұмыс парағы. «Көлеңкені өзгертуге бола ма?», 7-б. 6-жұмыс парағы. «Дене көлеңкесі», 8-б.

күн сәулесі, жеті қарақшы, найзағай, май шам, қол шамы, шам тізбектері, жанып жатқан ағаш суреттері • сіріңке Әр топ үшін • экран (ақ парақтар, тақта, ватман, бөлменің бос қабырғасы); • жіп байланған кішкентай доп (теннис добы немесе домалақ жұмсақ ойыншық); • қол шам; • метр; • сызғыш; • жіп байланған үрленген (домалақ болғаны дұрыс) әуе шары; • қалыңдау жіп.

Сабақтың соңы

Бүгін сабақта не біліп не түсіндің?

Ойыңды ортаға сал.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау: қабілеті жоғарылау оқушыларға немесе оқушылардың әр жұбына гүлден басқа тағы мүк пен қырықжапырақ беріңіз. Олардың айырмашылықтарың табуды тапсырыңыз.

Қабілетті оқушыларға төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыруды ұсынуға болады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу