Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

4 тарау 1 сабақ

Сабақ тақырыбы: Заттар қандай болады?

Ұйымдастыру. «Жасырынған затты тап» ойыны.

Қораптағы затты сипаттау арқылы табу. Олардың неден жасалғанын, не үшін пайдаланылатынын сұрау.

  • Дене мен заттың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

Топқа сабақ басында берілген денелердің қандай заттан жасалатынын анықтау.

Қасық- дене, зат – темір. Сөздік кітапша-дене, зат- қағаз, қарындаш-дене, зат-ағаш, ойыншық-дене, зат-резіңке.

Дене заттан құралатынын және дене мен заттың айырмашылығын ажырату.

Саналуан денелер.

Жұппен жұмыс жасау. Суреттермен жұмыс жасау. Табиғи және жасанды заттарды оқушылардың өздері ажыратуға бағыт беру.

Денелер мен заттар

Сынып бөлмесінен табиғи заттардан жасалған бес дене, жасанды заттардан жасалған бес дененің атын жазу. Олардың қандай заттардан жасалғанын айтқызу.

Мәтінмен жұмыс. Табиғи және жасанды денелер туралы ақпаратпен танысу.

Зертте. Дене қандай заттардан құралуы мүмкін? Оқулықтағы суреттегі денелердің атауын жазу. Әрбір дене атауының жанына қандай заттардан жасалғанын жазу. Табиғи немесе жасанды екенін белгілеу.

Дене атауы

Денені жасаған зат

табиғи

жасанды

үй

кірпіш

+

Көбірек дене атауларын жазған оқушыларды анықтау.

Жазған денелер бойынша жасанды немесе табиғи дене диаграммасы сызылып, қайсысы көп екенін табу.

Ойлан

Жасанды заттар туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау. Өзін-өзі бағалауға тапсырма беру.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 45, 46-жұмыс парағы (47-б. 48-б.)

Рефлексия

  • Бүгін қандай жаңа ақпарат алдың?
  • Қандай жұмыс саған ерекше ұнады?
  • Қай тапсырмада қиналдың?
  • Жұмысыңды одан әрі жақсарту үшін не істейсің?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу