Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 4 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:Заттар қандай болады?
Сабақтың мақсаттары
заттардың қандай түрі болатынын білесің;
• жаңа зат қалай пайда болатынын түсінесің.
Бағалау критерийлері
заттардың қандай түрі болатынын біледі;
• жаңа зат қалай пайда болатынын түсінеді.
Тірек сөздер:
таза зат
қоспа
балқу
қайна
Жаңа сабақ
Табиғаттағы заттар таза және қоспа деп бөлінеді. Айналамыздағы заттардың барлығы дерлік қоспа түрінде кездеседі. Қоспа – әртүрлі заттардың жиынтығы. Мысалы, ауа – газдардың қоспасы. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын бұйымдар, тағамдар, киімдер әртүрлі заттардан жасалады. Таза зат табиғатта өте сирек кездеседі. Ол бір ғана заттан тұрады. Біз таза деп ойлайтын ауыз судың өзі шын мәнінде таза зат емес, оның құрамында түрлі тұздар болады. Ал таза су алу үшін оны арнайы құрылғыда тазартады. Оны тазартылған (дистильденген) су деп атайды.
Қоспаның құрамындағы заттарды бөліп алуға бола ма?
Зертте
Қымыз таза зат па әлде қоспа ма?
ОЙЛАН
Қазақ халқы қара сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота шөбін өртеп, оның күліне жануар майын қосып қайнатқан.
Сен білесің бе?
?
Есте сақта!
Таза зат бір ғана заттан тұрады. Қоспалар – әртүрлі заттардың жиынтығы.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
Таза затқа және қоспаға бірнеше мысал келтір. Қоспаның құрамы қандай заттардан тұратынын анықта.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?