қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 7 бөлім Тағам және сусын Cыныпта кафе құру.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні: 30.03.17

Сынып: 1А

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Біздің кафеде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3.9.1 Орфографиялық нормаларды сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Мәтінді тыңдау арқылы жаңа сөздермен танысамыз

мәтін түрлерін анықтаймыз;

сұрақтарға жауап беріп мәтін мазмұнын баяндаймыз .

Бағалау критерийлері

Мұғалімнің көмегімен тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.

Тілдік мақсаттар

кафе, даяшы, ас мәзірі, тапсырыс, наурыз көже

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көру арқылы оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйрету, мәдениеттілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Бастапқы білім

Сыныпта кафе құру. Ас мәзірін құрастырып үйрену

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2мин

«Шаттық шеңбері»

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау.

«Еуропа қалашығына саяхат» жасау

1 шапалақ-қол алысып амандасады

2 шапалақ -құлақтарымен амандасады

3 шапалақ-арқаларымен амандасу

4шапалақ- құшақтасып амандасу.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Мәтінді тыңдау арқылы жаңа сөздермен танысамыз

мәтін түрлерін анықтаймыз;

сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұнын баяндаймыз.

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

3 мин

2мин

10 мин

15мин

5 мин

20-25мин

3 мин

7 мин

(Ұ) Сабаққа кіріспе

Балалар жақын уақытта біз қандай мейрамды тойладық?

Бұл мейрамды қалай өткіздіңдер?

Мейрамда қандай тағам түрлерін жедіңдер?

Сендер кафеге бардыңдар ма?

Кафеге барғыларың келе ме?

Ендеше, мен сендерді сыныптағы «Айым» кафесімен таныстырайын.

Біздің кафемізде не бар?

Кафеде кімдер жұмыс істейді?

Олай болса, қазір мәтін тыңдап көрейік.

(МК) Мәтінді оқу

Мақсаты:Оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыру, мәтін түрлерін ажырату

Мәтін

Наурыз мерекесі қарсаңында атам, әжем үшеуіміз орталық алаңға шықтық. Келе жатып «Айым» кафесін көрдік. Осы кафеден тамақтануды ұйғардық.Әрқайсымыз ас мәзірімен танысып, қалаған тағам түріне тапсырыс бердік. Атам ет тағамын, шұбат, қияр салатына тапсырыс берді. Әжем наурыз көже, қымыз, сәбіз салатын таңдады. Тамақтанып отырып, әжем наурыз көже туралы әңгімесін бастады. Көже жеті түрлі тағамнан наурыз айында дайындалады екен. Оны сүрленген ет, тары,бидай, қарақұмық жармалары және қатық, тұз, су қосып дайындайтынын айтты. Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы тоқ жүреді екен.

-Балалар, біз не тыңдадық?

-Мәтіннің қандай түрлері бар?

-Сендер тыңдаған мәтіннің қандай түріне жатады?

-Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

-Оны қалай анықтадық?

(Ж) Шығармашылық тапсырма

Мақсаты:,сұрақ қою және сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын түсіну, ретімен баяндау

Нұсқаулық:

1.Мәтінді жұпта оқып, талқылаңдар

2.Мәтінде кездескен жаңа сөздерді белгілеңдер:

Орталық алаң, Наурыз мерекесі, кафе, тамақтану, ас мәзірі, тағам, шұбат, қымыз,т.с.с

3.Бір сұрақ дайындаңдар

4. Келесі жұптың сұрағына жауап беріңдер

(ҚБ) Жұптағы оқушылар бірін-бірі тыңдап, толықтыру арқылы өзара бағалайды.

2-сабақ

(Т) Орындап көр

Мақсаты:Мәтіннен алған ақпаратты іс жүзінде қолдана білу.

Нұсқаулық:Топта берілген жұмысты орындап, тақтаға шығып қорғау.

1- топ:

Наурыз көженің жасалу жолы туралы не білесің? Санамалап жазыңдар және айтып беріңдер

2 –топ:

Егер сен кафеге барсаң қандай тағам түрлерін таңдар едің? Неге? Тағам түрлерін жазыңдар

3 –топ:

Мәтіндегі пайдалы тағам түрлерін жазыңдар.Олар туралы өз ойларыңды айт.

4 топ:

Мәтіндегі оқиғаның ретін сақтай отырып баяндаңдар

5-топ:Кафеде тамақтану ережесіне нелер жатады.Санамалап жазыңдар

(ҚБ)Балалар топ жұмысын түрлі-түсті сигналдар арқылы бағалайды

Сергіту сәті

ҚБ арналған тапсырма

Кафе суреті

Мәтін

Тапсырмалар жазылған парақшалар,

дәптер

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

-Бүгін сабақта не үйрендік?

-Мәтіндегі жаңа сөздер теріп жаздық;

-Сұрақтарға жауап бердік;

-Мәтін түрлерін анықтадық.

-Мәтін мазмұнын түсіндік

Оқушылар басбармақ арқылы өздерін бағалайды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу