Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал.


Сабақтың мақсаты заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру;

Заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру

Заңдылық  құқықтық өмірдің субъектілерімен заң нормаларын бұлжытпай іске асырудағы қатаң талаптары.

Заңдылықтың көбірек бөлігі, белгілеріне мыналарды көрсетуге болады:

  • жалпылығы сонда көрінеді, егер барлық, кім болсын құқық нормасының шегінде болып міндетті түрде оларды орындаса ғана көрінеді, ешкімнің одан ауытқуы мүмкін емес: жекеленген азаматпен мемлекеттің өзімен және оның өкілімен;
  • мұндағы атап айтатынымыз, әрекеттердің өзінікі емес тек сол әрекеттер қағидалары.
  • Заңдылық кепілдігі – бұл белгілі ұйымдастырылған, экономикалық саяси, идеологиялық факторлардың және заңды шаралардың комплексі, олар құқық нормаларының сақталуын, азаматтардың құқықтарымен қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуші.

    Заңдылықтың материалдық (экономикалық) кепілдіктері, қоғам дамуының экономикалық жағдайымен, экономиканың көп салалы үйлесімді қатынастардың қалпында тиімді әрекет ететін салық жүйесімен белгіленеді.

  • Әлеуметтік жағдай, ең алдымен, азаматтардың өндіріс-тік процеске қатынасушылардың өмірі деңгейінің жақсылы-ғын қамтамасыз етуден тұрғындардың қорғалмаған қатынас-тарын қолдайтын тиімді әлеуметтік жүйенің барлығынан көрінеді.
  • Заңдылықтың саяси кепілділігі дегеніміз, барлық саяси жүйенің құрылымының жекеленген элементтері заңдылық режимді қолдауға міндетті, қызығушылығы болуы қажет.
  • Заңдылықтың мәдени кепілділігі мемлекеттік орган-дардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының және құқықтық мәдениеттің жалпылама деңгейімен белгіленеді.
  • Идеологиялық кепілділігі мемлекеттік аппараттың барлық бөліктерінің қызметіндегі үйлесімділік арқылы және бар коммерциялық және қоғамдық құрылымдармен іс жүзіне асырылады. Бұл мемлекеттің жүргізіп, атқарған саясатының дұрыстығының тікелей дәлелі.
  • Арнайы-заңдылық (құқықтық) кепілдіктер тізімі заңдарды тиімді заңдарды құрғанда сіңеді, себебі ол қоғамдық дамудың және ғылыми ұсыныстарды еске алуға негізделген (нормативті-құқықтық кепілдік); мемлекеттік органдардың арнайы бөліктері заңдылықты бұздырмауға тоқтатуға құрылған (ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер).
  • Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдық қатынастардың (жүйе) жағдайы, заң шығару ережелерін шын мәнінде іс жүзіне асы-рудың нәтижесі. Құқықтық тәртіпбұл қоғамдық қатынас-тарға қатынасушылардың барлық құқыққа сай әрекеттері.
  • Құқықтық тәртіптің белгілеріне мынадай ерекшеліктерін жатқызуға болады:
  • құқық табиғатының қалыптасу негізі;
  • барлық мемлекет көлеміндегі құқықтық тәртіптің бірлігі ол тұтастығымен, құрамдылығымен, құқықтық
  • талаптардың көнелігімен көрінеді.
  • мемлекет жағынан құқықтық әрекеттің кепілділігі, ол үшін күрделі тексеру-бақылау, соттық және құқыққорғау органдарының жүйесі бар.
  • құқықтық тәртіптің қоғамдық тексеруде таяулығы және құқықтық тәртіптің деңгейін өз мәнінде қамтамасыз етуге қатынасу мүмкіндігі.
  • Құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгісі - халықтың құқықтық мәдениетінің, құқық қорғаушылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың кәсіби мәдениетінің болуы. Бұл белгі құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты.
  • Құқықтық мәдениетқоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.

Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.

  • Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді).

Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы жөне құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.

Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.

Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.

Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (әрине бұлар құқықтық сананы бейнелейтіндер) заңдық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді.

Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?