Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп : Қызылорда қаласы ХББ НЗМ | Сыныбы: 10 | |||||
Мерзімі: | Оқушы саны: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Пән аты: | Құқық негіздері | |||||
Тақырып: | Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын құқықтық реттелуі | |||||
Оқу мақсаты: | 10.3.4.1 ҚР еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру 10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарын іске асыруын зерттеу | |||||
Сабақ мақсаты: | Еңбек қатынастарының құқықтық реттелу ерекшеліктерін, қағидаларын, еңбек құқығының жүзеге асу жолдарын анықтау | |||||
Бағалау критерийлері: | Бағалау критерийі: Берілген жағдаяттардың шешімін анықтайды Дескриптор:
| |||||
Тілдік міндеттер |
| |||||
Терминдер | Еңбек Еңбек құқығы Еңбек субъектілері Еңбек құқығының қағидалары Еңбек кодексі | |||||
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер |
| |||||
Құндылықтарды дарыту | - Өз елінің заңдарына деген құрметті қалыптастыру; заңды орындау міндеттілігін ұғындыру - Жаһандық азаматтылық: жағдаяттарды шешу, өзге елдермен салыстыру - Құрмет пен ашықтық. | |||||
«Мәңгілік ел идеясы құндылығы: | Оқушылар бойында: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік қалыптастыру | |||||
Пәнаралық байланыс | Әлеуметтану, тарих | |||||
АКТ-ны қолдану | Интернет материалдары, презентация, слайд т.б. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Уақытты жоспарлау | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Дерек көздері | ||||
Қызығушылықты ояту кезеңі. 3 минут Жаңа сабақ 1 қадам 15 мин 2 қадам тапсырмалар 3 мин 3 қадам 15 мин Қорытынды 4 минут | Ұйымдастырушылық кезеңі Суреттер мен сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын ашу. Анықта: берілген суреттер бойынша нені еңбек деп айталамыз? Жаңа сабақты түсіндіру: Сабақ мақсаттарын баяндау. Бағалау критерийлерімен таныстыру. Еңбек құқығының түсінігі
Еңбек құқығы азаматтардың еңбек бостандығына конституциялык құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен кызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек катынастарын реттеуші саласы. Еңбек құқығы - жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығының субъектілері Еңбек құқығының субъектілері дегеніміз еңбек құқықтық қатынастарына және олармен тығыз байланысты қатынастарына еңбек құқықтары мен міндеттері бар және оларды жүзеге асыра алатын қатысушылар (заңды және жеке түлғалар).Еңбек құқығы субъектілерінің түрлері: азаматтар (жұмысшылар); әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар - жұмыс берушілер; жеке жұмыс берушілер; еңбек ұжымдары; кәсіподақ ұйымдары; республикалық, салалық және аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер. Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар (келісім комиссиялары, бітістіру комиссиялары, еңбек арбитражы, еңбек заңдарына сәйкес еңбекті қорғауды қадағалайтын және бақылайтын органдар. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығының қағидалары: 1.Еңбек шартының бостандығы; 2. Жұмысқа негізсіз қабылдамаудан және жұмыстан заңсыз шығарудан қорғау; 3. Еңбектің саламатты және қауіпсіз талаптарын қамтамассыз ету. 4. Мемлекетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне құқық; 5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету; 6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру; 7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы, мекеме мүлкін сақтау; 8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру; 9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы; КР Конституциясы24-бап. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар 1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. 2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi. Азаматтың қандай еңбек түрімен айналысатындығы туралы шешімді кім қабылдайды? Ерікті еңбек ету дегеніміз не? Еріксіз еңбек ету қандай жағдайларда мүмкін? Топтық жұмыс: Еңбек қатынастарының ерекшеліктері: ҚР Еңбек кодексі мен ҚР заңнамаларын негізге ала отырып жағдаяттар шешу Бағалау критерийі: Берілген жағдаяттардың шешімін анықтайды Дескриптор:
1 топ: Жағдаят №1 Мектеп директоры өзіне кедергі келтіріп жүрген кәсіподақ ұйымынан құтылмақшы болды. Осы мақсатта ол мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлерін өз кеңсесіне бір-бірлеп шақырды және екі арыздың бірін жазуға таңдауды ұсынды: не кәсіподақтан шығу арызы немесе өз еркі бойынша жұмыстан шығу арызын жазу. Математика мұғалімі өз құқықтарын қорғау үшін сотқа баруға шешім қабылдады. Мектеп директоры еңбек заңнамасының қандай қағидаларын бұзып отыр? 2-топ: Жағдаят №2 Колледж оқытушысы өз құқықтарын қорғау барысында колледждің жетекшісімен бірнеше рет қақтығысып қалды. Біраз уақыттан соң оқытушы өз еркімен жұмыстан шығу жөнінде өтініш береді. Жұмыстың соңғы күнінде жұмыс кітапшасын алғаннан кейін, ол ондағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7б.1 б. 54 т. (қызметкердің жұмыс орнында алкогольді, есірткелік, уытты мас күйінде болу) сәйкес жұмыстан босату туралы жазбаны көреді. Кадр бөлімінің бастығына жүгінген кезде, ол кездейсоқ қателік кеткенін айтып жазбаны түзетіп береді. Алайда, оқытушы бұны кездейсоқ қателік емес деп өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуді шешеді. Сотқа берген талап арызында оқытушы еңбек заңнамасының негізгі қағидалары оған қатысты бұзылғанын көрсетті.
Бұл жағдайда қандай қағидалар туралы айтылуы мүмкін?Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының қандай заң актілерінде тұжырымдалған? 3-топ: Жағдаят №3 Мемлекеттік еңбек инспекторы бір колледж қызметкерлерінің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін шағымдарын қарастырған кезде үнемі жұмыс берушінің (колледж директоры) жағына шығып, қолдау көрсететін. Уақыт өте мемлекеттік еңбек инспекторы колледж директорының жақын туысы екендігі анықталады. Колледж ұжымы еңбек инспекторын шеттету туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне жазбаша шағым жіберу туралы шешім қабылдады. Еңбек ұжымы өз шағымында еңбек құқығының қандай қағидалары бұзылды деп көрсете алады? 4-топ: Жағдаят №4 Бюджеттік оқу орнының мұғалімдеріне 8 айдан астам уақыт бойы еңбекақысы толығымен төленбей келген. Директордың айтуынша, бұл қаржы жетіспеушілігіне байланысты, яғни жергілікті бюджеттен толық қаржының бөлінбеуі мен мектептің жөндеу жұмысына жұмысалғандықтан. Бұл жағдайда қандай қағидалар бұзылды? Топтық талқылау және топтардың өзара бағалауы Рефлексия Мен мына тұстарды басқаларға түсіндіре аламын... Тақырыппен таныстым, бірақ ... ... сәйкес жағдаяттарды шеше аламын | Құқық негіздері, Практикум, Әдістемелік құрал, Астана 2015 ж. Тажибаева А.Х. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ Оқу -әдістемелік құрал, 2016 Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы.Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 405 бет. ҚР Конституциясы Сборник задач по трудовому праву Республики Казахстан: учебное пособие / Сост. Пилецкая Е.Н. – Костанай: Костанайская академия МВД РК, 2014. – 60 с | ||||
Қорытынды бағалау(рефлексия) Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты) 1. 2. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқуға және үйренуге қатысты) 1. 2. Осы сабақтың барысында мүмкіндік барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? 1. 2. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?