Қазақстан Республикасында отбасылық қарым қатынастардың құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «10.3.3.2. және 10.3.3.3. Отбасы құқығы жүйесі» Сабақ тақырыбы: «Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі» | Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ Бекітемін: ТГЭ ӘБ жетекшісі: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты - жөні: Абджалиев Н.А. | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары: |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері: | Білу және түсіну: Некенің бұзылуы, некенің тоқтатылуы, некенің жарамсыздығы, алименттік міндеттер ұғымдарын түсіндіреді. ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің қағидаттарын атайды Сыни тұрғыдан ойлау: 1. Балалар құқықтарының өмірдегі жүзеге асырылуын құқықтық жағдаяттар арқылы талқылап, мәселеге шешімдер ұсынады; | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту: |
| |||||||||||
Тілдік мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||
Пәндік лексика: |
| |||||||||||
Диалогтық тіркестер: |
| |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар алдыңғы сабақта өтілген «Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?» тақырыбындағы материалдарды еске түсіріп, қайталау жүргізеді | |||||||||||
Сабақ барысы: | ||||||||||||
Сабаққезеңі | Сабақтаорындалатыніс - әрекеттер | Оқытуресурстары | ||||||||||
Басы 10 мин Ортасы 20 мин | Танысу бөлімі. «Сәлемдесу» рәсімі арқылы, бір-бірімен танысу артады. Сабақ барысы: «Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі» Б. Оқушылар сабақта жаңа тақырыппен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен, терминдермен танысады. Т. Таныстырылым есебінде некенің қиылуына және тоқтатылуына қатысты нақты мысалдарымен презентациялық түсіндірілім жүргізіледі. Академиялық білімдер түсіндірілімі.Жазып ал да, жаттап ал!!! Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәрртіпте тіркелген еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ. Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы. ОТБАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ:Некені тіркеу қағидалары:1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;Отбасын құру және сақтау қағидалары:1) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;2) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 3) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 4) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 5) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 6) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру. Оқушылардың міндеті– берілген жазба жұмысының талапқа сай орындалуын қамтамасыз ету. Некені тоқтату жолдары: Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын окиғалар қатарына мысалар жатады: ерінің қайтыс болуы; соттың ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы; некенің бұзылуы (ажырасу). Некені тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалган адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгендігі туралы АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірі) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбарға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31- бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім кауігі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Отбасы мүшелерінің құқықтар теңдігінің принциптері:1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқығы. Неке заңды тіркелген кезден бастап отбасындағы екі адамның құқықтары мен міндеттері пайда болады. Отбасы заңының ең басты қағидасы әйел мен ер адамның теңдігі. Ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастары тең деп танылған. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы ” заңының 29-бабына сай ерлі-зайыптылар: -Тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. -әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді өз еркімен таңдауға ерікті. -ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасының басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірігіп шешеді. -өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасына жәрдемдесуге, өз балаларының өсіп-жетілуіне, олардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға міндетті.
Б. 10.3.3.2 ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсіндіру» оқу мақсаты бойынша игерген білімдеріне кері байланыс алу үшін БЛИЦ СҰРАҚТАР жаттығуын жүргізу ; Сұрақ №1Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі –зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім қалай аталады? Жауабы: Неке шарты Сұрақ №2Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап неше ай өткен соң жүргізіледі? Жауабы: 1 ай Сұрақ №3Қайсысы бұрыс?А) Жылқайдарова Айым БолатқызыӘ) Дастан-Жылқайдарова Айым БолатқызыБ) Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы Жауабы: Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы Сұрақ №4Неке шартының негізінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі 40/60 пайызға бөлінуі мүмкін бе? Жауабы: Мүмкін | Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518; Отбасы мүшелері http://www.youtube.com/watch?v=YCP5f16NEzg https://www.youtube.com/watch?v=61ELOQQbHdk ҚР Статистикалық агентігі | ||||||||||
«10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу» мақсатына сәйкес, Баланың құқықтарына қатысты құжаттармен және академиялық білімдермен оқушыларды таныстыру. Балалар құқықтары туралы Конвенциядан:
Құқықтық жағдаяттармен жұмыс.Жұмыс топтары балалар құқықтарының өмірдегі жүзеге асырылуын құқықтық жағдаяттар арқылы талқылап, мәселеге шешімдер ұсынады. Мәселелерге аргументтер келтіруде Бала құқығы туралы Конвенция, ҚР Бала құқықтары туралы Заңының баптары, ҚР Конституциясының заң тармақтары тәрізді арнаулы құжаттардан мәліметтер пайдаланып, түсіндіреді; | Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Құқық негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Нұр-пресс, 2008. | |||||||||||
Соңы 10 мин | Бекіту сұрақтары:
Бағалау үдерісі: Әрбір тапсырмалар орындалғаннан соң, Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс беріліп, Бағалау үдерісі жүргізіледі. Үй тапсырмасы: Ж.100 сөзден аспайтын қорытынды жазбаша жұмыс: Тақырыбы: «Некеге тұру және ажырасу кезінде заңнаманың нақтылығы неліктен маңызды?» | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтарменбайланыс (тәрбие элементі) | ||||||||||
Тарихи маңыздылық критерийлерін оқытуда бұрын өткен темір дәуіріндегі ме млекеттердің әлем мәдениетіне қосқан үлесі туралы талдауға септігін тигізеді және бұл критерийлерді қайта түсінуге мүмкіндік береді. | Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, | маңыздылығы жайлы соңғы сұрау электронды түрде болуы мүмкін | ||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Қорытынды бағалау Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды