Қазақстан Республикасында отбасылық қарым қатынастардың құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі

Оқу мақсаттары мен Бағалау критерийлері:

Оқу мақсаты:

10.3.3.2 ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсіндіру;

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну:

1. Некенің бұзылуы, некенің тоқтатылуы, некенің жарамсыздығы, алименттік міндеттер ұғымдарын түсіндіреді.

2. ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің қағидаттарын атайды

Оқу мақсаты:

10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу

Бағалау критерийлері:

Сыни тұрғыдан ойлау:

1. Балалар құқықтарының өмірдегі жүзеге асырылуын құқықтық жағдаяттар арқылы талқылап, мәселеге шешімдер ұсынады;

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары:

• «Мәңгілік ел» идеясының негізізайырлы қоғам мен жоғары рухани деңгей

Пәндік терминдер:

Отбасы

қоғам бірлігі

тәрбие

некенің тоқтатылуы

ұлттық құндылық

некенің бұзылуы

некенің тоқтатылуы

некенің жарамсыздығы

алименттік міндеттер

Академиялық білімдер түсіндірілімі.

Жазып ал да, жаттап ал!!!

Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәрртіпте тіркелген еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.

Жазып ал да, жаттап ал!!!

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.

ОТБАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ:

Некені тіркеу қағидалары:

1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;

2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;

Отбасын құру және сақтау қағидалары:

1) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;

2) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 

3) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 

4) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 

5) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 

6) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру. 

Некені тоқтату жолдары:

Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. НекеНеке заң (мұндай бет жоқ) Неке заң (мұндай бет жоқ)заңдаНеке заң (мұндай бет жоқ) айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын окиғалар қатарына мысалар жатады:

ерінің қайтыс болуы;

соттыңСот ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

некенің бұзылуы (ажырасу).

Некені тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады.

Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалган адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгендігі туралы АХАТАХАТ (мұндай бет жоқ) органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.

Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірі) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбарға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.

ҚазақстанҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіРеспубликасыныңҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіАзаматтықҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексікодексініңҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 31- бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлімӨлім кауігі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сотСот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.

Отбасы мүшелерінің құқықтар теңдігінің принциптері:

1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;

2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;

3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;

4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 

7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 

8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру. 

Отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқығы.

Неке заңды тіркелген кезден бастап отбасындағы екі адамның құқықтары мен міндеттері пайда болады. Отбасы заңының ең басты қағидасы әйел мен ер адамның теңдігі. Ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастары тең деп танылған. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы заңының 29-бабына сай ерлі-зайыптылар:

-Тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

-әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді өз еркімен таңдауға ерікті.

-ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасының басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірігіп шешеді.

-өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасына жәрдемдесуге, өз балаларының өсіп-жетілуіне, олардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншіктері

Зейнетақылар,жәрдемақы-

лар, көмек сомалары, т.б.

Әр түрлі еңбек қызметтерінен

немесе бөлек мүліктерінен түскен

кірістер.

Жылжымайтын, жыл-

житын мүліктер

Үйде бала тәрбиесімен айналасып отырған, өзі қаражат таппайтын жұбайдың ортақ мүлікке тең құқығы сақталады. Отбасындағы ортақ мүлікті пайдалану, иелену, билік ету олардың ортақ келісіміне сай жүзеге асады. Кез келген жылжымайтын мүлікке қатысты мәліме(үй, машина, т.б. сатып алу, сату) жасағанда оны тіркеу, нотариус арқылы куәландыру ортақ келісім болғанда жүзеге асады.

Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі неке шарты деп аталады. Неке шарты мүлікке қатысты қолданылатын азаматтық шарттардың бірі. Неке шарты неке мемлекеттік тіркелгенге дейін де, неке заңды тіркелгеннен кейінгі барлық уақытта жасалады.

Неке шартын тоқтату жұбайлардың өзара келісімі болған кез келген уақытта жүзеге асады. Неке шартын нотариалды куәландырылып, жазбаша жасалынады. Неке шартынан бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Неке тоқтатылған кезде неке шарты да тоқтатылады.

«10.3.3.2 ҚР отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсіндіру» оқу мақсаты бойынша игерген білімдеріне кері байланыс алу үшін

БЛИЦ СҰРАҚТАР жаттығуын жүргізу ;

БЛИЦ СҰРАҚТАР

Сұрақ №1

Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі –зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім қалай аталады?

Жауабы:

Неке шарты

Сұрақ №2

Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап неше ай өткен соң жүргізіледі?

Жауабы:

1 ай

Сұрақ №3

Қайсысы бұрыс?

А) Жылқайдарова Айым Болатқызы

Ә) Дастан-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Б) Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Жауабы:

Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Сұрақ №4

Неке шартының негізінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі 40/60 пайызға бөлінуі мүмкін бе?

Жауабы:

мүмкін

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

Мемлекет әрбір баланың амансау өсіп, жанжақты дамуын қамтамасыз етеді;

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

Әрбір бала өз отбасында, атаанасымен бірге өмір сүруге құқылы;

Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы атаанасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Құқықтық нормативтік актілер

Құқықтық жағдаяттармен жұмыс.

Жұмыс топтары балалар құқықтарының өмірдегі жүзеге асырылуын құқықтық жағдаяттар арқылы талқылап, мәселеге шешімдер ұсынады. Мәселелерге аргументтер келтіруде Бала құқығы туралы Конвенция, ҚР Бала құқықтары туралы Заңының баптары, ҚР Конституциясының заң тармақтары тәрізді арнаулы құжаттардан мәліметтер пайдаланып, түсіндіреді;

Жағдаят №2

З. есімді баланың ата-аналары үнемі ұрсысатын. Әкесі ер азаматтарға жатпайтын әрекеттерді жасамайтынын айтып, балаға қарамайтын. Ал анасы баланың тәрбиесі әкесінің міндеті болатынын айтып, баланың әкесіне шағымданатын. Бала үнемі әкесі мен шешесінің ұрыс-керісін еститін. Баланың әкесі қаржыны негізінен адамдарды қорқыту, күш көрсету, тартып алу жолымен табатын. Ерлі-зайыптылар заңды некеде 5 жыл бірге тұрады, З. есімді балаға 3 жас толғанда, оның әкесін полиция қызметкерлері тұтқындайды. Әкесіне 6 жыл бас бостандығынан айырады. Әйелі ажырасу туралы сотқа шағым жазады, әкесі ажыраспайтынын және баласын бермейтінін айтып, наразылылық танытады.

Сот қандай шешім қабылдайды?

Ж. есімді азамат әйелімен ажырасады. Ұлын өз қолында алып қалады. Артынан ол ішімдікке салынып, ұлына ақша табуды сұрайды. Баласы сабаққа барып келгеннен кейін, газет сатып, кейде түнгі ауысымда официант болып жұмыс жасайтын. Көршілері оның 13 жаста болса да, әкесінің орнына үй ақысын төлеп, беске оқитынына таң қалатын. Жоғары сынып кезеңінде ол сабақтарды көп босататын болды, сондықтан мектептің оқу ісінің меңгерушісі әкесіне баланың сабаққа келуін қамтамасы етуін талап етеді.

Қалай ойлайсыз, оқу ісінің меңгерушісі қорғаншылық ұйымына шағым түсірген жағдайда, ұйым қандай шешім қабылдайды?

К. есімді 15 жасар баланың нағашы атасы ауырып қалады, бала сүйікті атасының көңілін тауып, рух беру үшін ата-анасынан өз ата-тегін атасының атына көшіруін сұрайды. Атасының ұл балалары болмағандықтан, жиенінің бұл әрекетіне өте қатты сүйсінеді. Бірақ, К. есімді баланың ата-анасы жұмыс басты адам болып, үнемі жұмыстан кеш келетін. Сондықтан олар балаға ата-тек ауыстырудың оңай емес екендігін, көптеген қағаздар толтыру керектігін айтып, күнде ертеңгі күнге қалдыра береді. Бала ашуланып, сотқа өз ата-тегін ауыстыру туралы шағым жазады. Сот ата-анасының рұқсатынсыз баланың ата-тегін ауыстырмайтынын және бала кәмелетке толмағандықтан, өз атынан өтініш жаза алмайтынын айтып, баланың өтінішін қабылдаудан бас тартады.

Әрбір тараптардың әрекеттеріне баға беріңіздер.

Жағдаят №1

Жағдаят №3

Қорытындылау.

Сабақтың бекіту сұрақтары:

1. ҚР отбасын құрудың қандай қағидаттары бар?

2. Отбасын құрудың қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығы неде?

3. Бала құқығының Қазақстан қоғамындағы қазіргі жайына қандай баға бересіз?

Бағалау үдерісі:

Әрбір тапсырмалар орындалғаннан соң, Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс беріліп, Бағалау үдерісі жүргізіледі.

Үй тапсырмасы:

Ж 100 сөзден аспайтын қорытынды жазбаша жұмыс:

Тақырыбы:

Некеге тұру және ажырасу кезінде заңнаманың нақтылығы неліктен маңызды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған.

Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқожаева, т.б. Құқық негіздері: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Мектеп, 2010. – 192 б.

Шағимолдин Е., Жүйелік-әдістемелік кешендегі «Бала құқықтары қалай қорғалады?» тақырыбының материалдар жинағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?