Ата салтым – асыл қазынам. Мухтар Әуезов «Абай жолы». Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қалаасы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Ғасырлық туынды.

Мухтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Сабақтың тақырыбы

Ата салтым – асыл қазынам

Мухтар Әуезов «Абай жолы»

Оқыту мақсаттары

 

11.1.5.1 шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Сабақтың мақсаты

Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін тадай отырып,тұжырым шығарады

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін тадайды;
  • Тұжырым шығарады.

 Тілдік дағдылар

Жылулық, өнеге, тәрбие көзі, парасаттылық, даналық

 Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, қоғам

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі ЖЖ

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін талқылайды.

  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

Сабақтың ортасы

 

7 мин

 

 

10 мин

15 мин

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырм. С.

Сынып оқушылары қорапшадан сұрақтар мен жауаптар (романда кездесетін ұлттық құндылықтарға қарай бағыттау керек) алады. Әр оқушы өз сұрағының жауабын немесе жауаптың сұрағын іздестіріп, жұпта талқылайды және сол жаңалықтар туралы өз ойларын сыныпқа таныстырады.

2-тапсырм. ЖЖ.

1.Алдымен оқушыларға М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы бөлімдерден және әлем әдебиеті шығармаларынан ұлттық құндылықты көрсететін мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтіндермен толық танысып, ұлттық құндылықты көрсетіп тұрған детальдарға тоқталып, өзара талдау жасайды және өзіндік бағасын береді.

2.Содан соң мәтіндегі негізгі ақпаратты құрылымды жолмен табу үшін жаңалық репортерлері өз әңгімелерін жазу үшін сұрайтын сұрақтарын жазады. Осы сұрақтарға тапқан жауаптар оқушылардың өз тақырыптарын ретпен және жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар келесі алты сұрақты, Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? Негізге алады. Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік береді.

3-тапсырм. Т.

Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз идеяларын айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз идеяларын ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады. Тұжырым шығарады.

Кері байланыс.

  • Шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін тадайды;
  • Тұжырым шығарады.

http://adebiportal.kz/kz/books/view/abai_zholi_1_kitap__603

«Абай жолы» романы

І кітап

https://bilimainasy.kz/

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу