Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Кейіпкерлер келбеті 2-сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.А/И1. Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау және композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау.

Бағалау критерийлері

10.Т/Ж3.

  • Шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;
  • Кейіпкерлер жүйесін даралайды;

10.А/И1.

  • Шығарманың композициялық құрылымын анықтайды;
  • Уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша;

Пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін;

Оның мынадай себептері бар;

Себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығымен таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

ІІ.Қызығушылықты ояту

Берілген сурет бойынша тірек сөздер жазу. Суретті шығармамен байланыстыра отырып, пікірін білдіру. Сабақтың тақырыбын болжау.

1-2 слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Тапсырма №1

Топтық жұмыс

1-сұрақ. Әңгімедегі оқиғаның даму желісін сызбаға түсіру.

2-сұрақ. Жеңіскүлдің образы арқылы автор қандай мәселе көтерген? Кейіпкердің іс-әрекеті негізінде мінездеме жазу. (100 сөз)

3-сұрақ. Бәсекелестік ұғымын қалай түсінесіңдер? Әңгімеде бәсеке қай үзінділерде көрініс тапқан?

Дескриптор

  • Оқиғаның даму желісін анықтайды;
  • Кейіпкерге мінездеме жазады;
  • Бәсекелестік ұғымын түсіндіреді;

Тапсырма №2

  • Төкең мен Керімқұлдың мінездеріне салыстырмалы талдау жасау

Төкең

Ортақ қасиеттері

Керімқұл

Ерекшеліктері

Ерекшеліктері

  • Бүгінгі күннің Керімқұлдары кімдер? (қазіргі өмірмен байланыстыру)
  • Кейіпкерлердің мінез-құлқын сипаттаудағы автор қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысына талдау жасау. (шығарма мәтінімен жұмыс)

Десркриптор

  • Кейіпкерлерді салыстырады;
  • Қазіргі өмірмен байланыстарды;
  • Көркемдегіш құралдарды табады;
  • Тілдік талдау жасайды;

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Шығарма желісі бойынша ұнаған үзіндіден диалог немесе монолог жаттау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу