Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: кейіпкер, эмоция, психология Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Қарға тамырлы қазақ. Ата дәстүрін білмеген. Алақанында күн күлгендей болды.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазіргі заман тарихы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ш. Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің сюжеттік-композициялық құрылысын талдады, идеялық мазмұнын терең түсінуге тапсырмалар орындады.. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Оқушылар сабаққа ұйымдастырылады. Оқу мақсаты таныстырылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 18 минут 3 +3 минут 5 минут 2 минут | 1-тапсырма ЖЖ. Сәйкестендіру кестесі
2-тапсырма Кейіпкерді талдау Сыныптың қабырғасына шығармадағы кейіпкерлердің сөзінен немесе іс-әрекетінен алынған үзінділер жапсырылады. Оқушылар оларды оқып жүріп, өзі тапсырмаға жауап беретіндей кейіпкерді үзінді арқылы таңдайды. Бір кейіпкерге қатысты тапсырманы бір оқушы да, бірнеше оқушы да таңдауына болады. (Жұптық не топтық тапсырма ретінде орындатуға да болады.) Тапсырма:
*** 1-кейіпкер 1-үзінді «Адам бейшараның ғұмыры қысқа, жүзге келсе де аз ғой. Қарға екеш қарға да үш жүз жыл жасайды дейді. Менің Ботаханым отызға таяды. Әлі бойдақ. Жоқ, бұл Керімқұлдікі де дұрыс, бір жағынан». 2-үзінді «Байғұс-ау, қарға тамырлы қазақта не көп, жегжат көп. Санай берсең, мыңнан асады. Маған десең, мың адам шақыр. Бірақ ақшаны қайдан табасың? Әлде баяғы Есей байдың Қыршынды тауына тығып кеткен алтынын тауып алдың ба?» *** 2-кейіпкер 1-үзінді «Бес жүз адам әрқайсысы ең құрығанда бес мыңнан теңге әкелмей ме? Қайта, менің есебім бойынша, ресторанның төлемінен артылып, өз қалтамда қалады. Байы да бар, бақуаты да бар. Сорлы емес. Мысалы, ана Жасылкенттегі Жеңіскүлді ал. Үш баласы үш фирма ұстайды. Бір келіні банкир. Жеңіскүл өзіміздің жиен қарындасымыз ғой. Жақында Лондонға барып қайтты. Меккеге қажылыққа барып келген. Ол үшін бір мың доллар, пішту, шемішке шаққан ғұрлы емес. Соның өзі-ақ ресторанның жарты ақысын атқарады»... 2-үзінді «Ата дәстүрін білмеген албастыпар... Қай қазақ бұрын тойға гүл ұстап келуші еді? Гүл дегенің кәдімгі шөп. Аш сиыр болмаса, мұндайды мал да жемейді. Бірер күннен кейін өрт шалғандай бүрісіп, қарайып қурап қалады. Көп қабатты үйден шығарып, қоқысқа тастап құр бекер әуре боласың». 3-үзінді Сидаң сирағы шегірткенің серпініндей ыршып кетіп, жиен қыздың қасына бір-ақ қарғып жетті. Бара бас салып құшақтап, жиенінің бетінен ары да сүйді, бері де сүйді. Женіскүл қанша қарсыласса да болмай, өліп кетердей өңмендеді. Шіркінде сезім болсашы, өзінше жағынамын дегені. Оны Жеңіскүл жақтырмайды. Өйткені Жасылкенттің «Арулар залында» үш сағат отырып жасатқан прическасы, макияжы құрыды ғой. Сілекейден беті айран жаққандай айғыз-айғыз болып қалды. *** 3-кейіпкер 1-үзінді «Шырағым Керімқұл, жаман жездеңнің тойыңа қосқаны осы. Сенен аярым жоқ. Пенсионердің бергенін азырқанбассың». 2-үзінді «Керімқұл қайным! Той құтты болсын. Пенсионер шалдың кәсібінен табылған табыс осы. Риза бол». *** 4-кейіпкер «А, жиен, тойың құтты болсын. Сенен немді аяйын, тойыңа құнан қой әкелдім, қабыл ал, деп күркіреді»... *** 5-кейіпкер 1-үзінді « Көке, өзіңіз айтқан соң екі әншіні ерте келіп едім, әрине ақысын жемейсіз ғой». 2-үзінді «Түп-тұқиянынан бері асыл затты, ақсүйек, тектілердің тұяғы, ай мен күндей ажарлы, жүрген жері құт-береке базарлы, қазақ әйелдерінің эталоны десе де болғандай Жеңіскүл ханымға сөз кезегін аса бір құрметпен ұсынамын!» *** 6-кейіпкер Жеңімен шаң-топырағын сүртті. Алақанында күн күлгендей болды. «Алуаға апарып берейін» деп қалтасына сала салды. Алуа қарындасы еді, өзі сияқты киімі жоқтан мектепке де бара алмай қалған. Шешесі екеуі бүгін базар жаққа кеткен. Сірә, Алуа да базарда әркімге алақан жайып жүрген шығар. Қайыршы қызға әсем тана не керек деп, бала судың жағасында, ақсақ иттің қасында тұрып, қалтасындағы жылтырақ затты өзенге лақтырып жібергісі де келді. Алуаның кір-кір жамау көйлегіне жараспайтын да шығар. Қалтасынан шығарып, күнге тосып, қасындағы ақсақ иттің көзіне шағылыстырды. Ит шошып түсіп, шойқаңдай басып, әрірек барып отырды. Итке гауһартастың керегі жоқ. Онан да анау кәуап, сыра сіміріп отырғандар бір түйір ет лақтырса, сол олжа. Кәуап шайнап отырғандарға мөлие қарайды. Қаңғыбас иттің көзінде адам түбіне жетпес тұңғиық терең мұң болады. *** 7-кейіпкер 1-үзінді – Ардақты нағашым Керімқұл, – деді, тамағын тағы да кенеп. – Менің аяулы анам Әсемгүлдің ағасы... – Осы арада даусы дірілдеп бара жатты. – Анам тірі болғанда осы тойға өзі қатысатын еді-ау,.. 2-үзінді – Бриллиантовые подвески на пятьдесят тысяч долларов! Ақымақ! *** 8-кейіпкер – Ау, Жеңіскүл қарағым, мен бағанадан бері сенің шашыңдағы, құлағыңдағы, мойныңдағы, білегіңдегі, саусақтарыңдағы алтын, гауһарларыңның бәрін сан қайтара санап шықтым. Екі көзім сенде. Бірақ омырауыңнан гауһар тана көрген жоқпын. Көрсем оны да қызықтар едім ғой *** Кейіпкерлер Жандарына сержант погонды милиционер келді: – Не іздеп жүрсіздер? – Бағана осы жерге бриллиант танам түсіп қалыпты, – деді Жеңіскүл омырауындағы тананың орнын сипалап тұрып, жыламсырап. Неге екенін кім білсін, оған осы милиционер мейірімді періштедей көрінді. – Бағана болғанда қай сағатта? – деп милиционер уақыт дәлдігін талап етті. – Сағат кешкі сегізден өте бере... – сөзге араласты Керімқұл. – Одан бері бұл жерден сан-сапалақ адам өтті, бәрі соқыр емес қой... – Айналайын, өзің бір иманды бала екенсің, көмектесіп жіберші, жаным, — деп Жеңіскүл әлгіге жата кеп жалбарынды дейсің. – Оу, өзіңіз қызық екенсіз, сонда мен қайдан іздемекпін? Мүмкін, мына тойға келгендердің біреуі алған шығар. – Онда қайтеміз, той тарқамай тұрғанда, солардан сіз сұрап, нетіп, тергеп, тінтіп... — деп күмілжіді Жеңіскүл. – Не деп кеттің, ойбай, — деп Керімқұл баж ете қалды. – Тойға шақырылған қонақтарын Керімқұл милиция шақырып тінткізіпті деген масқараға қалдырмақшымысың мені?! Кері байланыс Бағалау
3-тапсырма Ж. Шығарма кейіпкерлерінің сөзі, іс-әрекеті, эмоциясы, психологиясы арқылы қандай қасиеттерді жинақтап көрсетуге болады? Санамалап жазыңыз. Кері байланыс Бағалау
| https://kitap.kz/book/1894/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0) Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут | Мен үшін, өте жақсы талданған кейіпкер, себебі... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?