Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Топқа бөлу
Сұрақтар жауыны
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем, бастан - аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман. Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек. Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры. Бұл – психологиялық роман, мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез - құлық, болмыс - бітім кеңістігі бар.
- Реалистік роман екенін немен дәлелдейсіздер?
- Қандай әлеуметтік тартыстар беріледі?
- Шығармадағы тап күресін көрсетіңіздер
- Ел мойнына қандай салмақ түсті?
- Адамдардың тағдыры қандай болды?
- Неге психологиялық роман деп аталады?
- Психологиялық ерекшелікті көрсететін қандай мінез-құлық пен болмыс-бітімді атай аласыздар?
Топтық жұмыс.
1-топ.
1. Романдағы оқиға қай кезеңде бейнеленген?
2. Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
3. Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
- Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
- Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
2-топ
4. Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
5. Ақбілек тығылып жатып қандай сезімде болды?
6. Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінді?
- Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
- Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
3-топ
7. Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
8. Қара мұрт қандай адам?
9. Бекболаттың сүйген қызынан бас тартуы туралы не ойлайсың?
- Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
- Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
4-топ
10. Әкесінің қызын үйінен қуып жібергені дұрыс па?
11. Жеңгесі қандай адам (жеңгесінің жасаған жақсылығы)
12. Ақбілектің қалаға кетуі оның өміріне қалай әсер етті?
- Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
- Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
Болған оқиғаға Ақбілек кінәлі ме? Ақбілек қандай қыз? Роман сізге ұнады ма? Романның қай жері ұнады?
«Ақбілек романы – ұлт тағдыры» деген пікрмен келісесіздер ме? Неге?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?