Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». (1-сағат). Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.


САБАҚ:

1-сабақ

Күні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». (1-сағат)

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушыларШығарма әсерін талдай отырып, автордың рухани дүниесіне үңіледіКөптеген оқушыларАдам мен қоғам тұтастығының көрінісін зерделеп, шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайдыКейбір оқушыларМифологиялық тарихилық шегініске талдау жасайды

Бағалау критерийлері

Үзінді оқып, әңгіменің ой ағысына шолу жасайды;шығарма әсерін талдай отырып, автордың рухани дүниесіне үңіледі;мәтін бойынша адам мен қоғам тұтастығының көрінісін зерттейді; шығарманың эстетикалық құндылығын зерделейді;мифологиялық тарихи шегініске талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: күнделік

Пәнаралық байланыс:

тарих

Ұлттық құндылықтар

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Осыған дейін меңгерілген білім

Өткенді қайталау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы 3 минут

Ұйымдастыру.Сабақ мақсатын таныстыру

Қызығушылықты ояту.

Сурет ұсынылады, оқушылар ойы тыңдалады (Шоқанның Ыстықкөл күнделігін жазу сәті бейнеленген сурет)

  • Сурет туралы не ойлайсыңдар?
  • Суреттің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?
  • Сурет бойынша пікір білдіріңдер.

Кері байланыс- сурет туралы ойларын айтады;- сурет бойынша сабаққа болжам жасайды;- өз ойларын білдіреді;- сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

10 минут

Оқушыларды бес топқа бөлу

Тапсырма:

1-топ: Үзіндіні оқып, әңгіменің ой ағымына талдау жасаңдар. Әуелі жұпта пікірлесіңіздер, кейін топта ортаға салып, саралаңыздар.

Бүкіл далада молалар үйінділері шашырап жатыр, олар күйдірілген кірпіштен мықты, берік жасалған. Бұл молаларға қарап отырып, далада саналы, өнерге жақын халық болған деп түюге болады. Бірақ, өмір сүру салты мен арнайы білім алмағанына қарамастан, қазақтардың өзінше қиын ғибадатхана соғу, қорған тұрғызуға деген ерекше ынтазарлығын есепке ала отырып, олардың даладағы бұзылған үйінділерді қандай да бір мола немесе ғибадатхана деп санауға болады. Бұл пікірді бекітетін мысалдар мынадай.Өткен ғасырдың қырғыздары қандай да бір батырдың тыным тапқан тұрағын келесі ұрпаққа белгі ету үшін үлкен топырақ үйіндісімен қоршап немесе күмбез салып болмаса сатылы мұнара тұрғызатын болған. Мұның барлығын олар қолданылған заттарға қарағанда, күйдірілген немесе шикі кірпіштен салған. Моланың алыптығы - марқұмның тірлікте ықпалды жан болғанының белгісі. Мұндай молалар Ұлы жүзде жиі кездеседі. Найман рулары әлі күнге дейін осындай молалар соғады.Бай, дәулетті адамдар Түркістаннан арнайы шеберлерді шақырып, оларға ескерткіш үшін қымбат төлейтін болған. (Ұлы жүздегі) Сүйіктің моласы осылай тұрғызылған. Қырғыздардың манабы Жантай қашғарлыққа мола соғып бергені үшін төрт тоғыз бен жүз қой берген. Тоғыз: біріншісі - бір құл мен 8 ат, екіншісі - түйе мен 8 ат, үшіншісі - жүйрік пен сегіз ат, төртіншісі - өгіз бен сегіз сиыр. Бұл мола расында да өте жақсы соғылған - пішіні ерекше, ал жалпы даладағы қирандыларды еске түсіреді. Далада қала қирандылары кездеспейді, даладан табылатын жекелеген кесенелер пішіні жағынан молалық ескерткіш. Қозы Көрпештің ескерткішін аңыз бойынша қазақтар мола етіп салған.

Осыған сүйеніп мен даланың оңтүстік шығысында жатқан үйінділерді көшпенді халық моласы деп санаймын. Бірақ бұл жерде ол туралы айтпаймыз.

2-топ: Адам мен қоғам тұтастығының көрінісін зерттеп, шығарма құндылықтарын анықтаңыздар

Әйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз әйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, дабыдан тігілген жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі ойығын қызыл жібекпен әдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан әйелдің киіміндегі қыздан айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Әйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Әйелдер шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, зәңкірлер және түрлі әшекей бұйымдар тағып қояды. Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, әркім шамасына қарай әдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық әйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа ие екен. Бұрынғы кезде қыздар көкөзбек деп аталатын корсет (кеуде тартқыш) киеді екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп атайды. Мұның бәрі көне заманда болған. Жас әйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сәукеле киеді.

3-топ: Шығарма әсерін талдай отырып, рухани дүниеге үңіліңіздер. Сын көзбен қарап, пікір алмасыңыздар

Қаратұрықтан Шелекке қарай жүретін жолда сол жақта сулы сай бар, ол бір батырдың моласы бойынша - Қорам деп аталады. Ол жолмен қатарласа орналасқан. Оның Шелекке жететін аяғы батпаққа айналған, жайылым шөбі көп өседі. Оның екінші жағындағы құрғақ жерде қамалдардың қирандысы, дұрысын айтқанда, қазылған ор орындары жатыр, қасында құдық бар. Қазақтардың аңызы бойынша, мұнда қалмақтардың бекінісі болған және Абылай хан оны қиратып, Шелек алқабын жаудан тазартқан. Шелектің өзінде, Бауағаштан жоғары жерде одан да үлкен қорғанның үйінділері жатыр. Маған сарыбағыштар айтқандай, марқұм Орман батыр осы жерлерде көшіп-қонып жүргенде әйелдер мен балалар сол жерлерден інжу, маржан, лағыл, моншақ тағы басқа бұйымдар тапқан. Менің өзім алғашқы балшықтан жасалған құман мен қыш құмыра сынықтарын тауып алдым.

Біздің отрядтағы қазақтар таудың басынан аю, бұғы, қабан көрдік десті. Тіпті Ыстықкөлдің маңынан жолбарысты да кездестіруге болады екен. Ары қарай жолдың ортасында, өзен ағысының оң жағынан кең сай ашылады, ол Кеңсу деп аталатын көлге тіреледі. Ол басында Тобылғотының Түпке құюынан пайда болған. Тобылғоты Үшінші Мерке ағатын таудың оңтүстік баурайынан шығады. Олардың шатқалы біз жоғарыда айтқан Тобылғоты асуын құрайды.

26 - мамыр күні менің қасымда қырғыз жыршысы болды. Ол Манас поэмасын біледі екен. Поэманың тілі, ауызекі тілге қарағанда, түсінуге әлдеқайда жеңіл. Поэма қаһарманы Манас - ноғайдан әйел жинаудың қайтпас қайсар батыры. Оның барлық өмірі соғыс пен сұлуларды іздеуден тұрады. Тек оның мінезі шығысқа тән емес - ол өзінің әкесін жиі балағаттайды, малын қуып әкетеді, онымен дөрекі сөйлеседі. Бұл жағы түсініксіз. Барлық көшпенді халықтар қарттықты құрметтейді, ақсақалдар ерекше сый құрметке ие.

Бұл поэмада Шу, Ташкент, Іле және Ыстықкөлдің маңындағы үш халық - қырғыз, қазақ, ноғай тағдыры суреттеледі. Олардың араласуы мүмкін емес, өздері айтқандай, олардың көлге келуі 70 жылдан аспаған. Қырғыздарға ноғай аңыздары жат емес. Олар Едігені біледі және олардың аңызы да қазақтарға ұқсайды. Таңқаларлығы, ноғайлар ортазиялық көшпенділердің барлық поэмаларында кездеседі. «Ташкенттік» ноғайлар Манаста аталады. Жәнібек, Асан Қайғы мұнда да танымал. Қаншама қайғы әкелетін ала тай қазақтарды да толғандырады. Ноғайлар туралы әңгімеміз жетіп қалар.

....Мұнда күндіз өте ыстық, ал түнде өте суық. Көлдің алқабынан аптап ыстық кетпейді деседі. Қазақтардың айтуынша, олар үнемі «жаңбыр шақыруға» мәжбүр.

Олардың арасында дұға оқып, жаңбыр шақыратын сиқыршылар бар, оларды «жайшы» деп атайды. Бұл сенім көне түркілік, шығыстық тарихшылар жаңбыр жауғызатын жуд тас туралы айтады, ол қасиет түркілердің атасы Яфеске, оның ұрпақтарына деген ерекше ықыласын білдіру үшін құдай берген дейді.

4-топ: шығармаңың эстетикалық құндылығын зерделеңіздер. Үзіндіні оқып, шығармадан алған әсерлеріңізді талдай отырып, пікір алмасыңдар. Шығармадан алған әсерлеріңзді, сезімдеріңізді тұжырымды түрде жазыңдар.

18 сәуірде біз Семейден Аягөзге бет алдық. Казак бекеттері арқылы өтетін жол сусыз сортаң далада жатыр. Біз мұнда бірінші рет көк шөп көрдік. Біз шыққан күні жылы болды, бозторғайлар өздерінің әдеттегі әніне салуда. Сулы шалғындарда бізге әртүрлі үйректер кездесті, әсіресе, Каспий теңізінде болатын тұрпан немесе атайка деп аталатын түрі жиі кездесті, олар тұзды суды жақсы көреді және осындай шөл далаларда ұшырасады, көбіне топталып емес, жеке - ұрғашысы мен еркегі болып жүргенді жақсы көреді. Өсімдіктерден тек қарапайым мал жейтін шөптер: жабайы аскөк пен бақбақ ғана көрінеді. Біршама жетіліп өскен тобылғы мен қараған көп болды, бірақ жаңа жапырақ жайып келеді.

Бұл сортаң аймақ Аягөзге қарай өрлеп, Арқат төбесіне айналады, одан ары қарай төмендей бастайды. Қалай болғанда да Аягөз ылдиы Ертістікінен жоғары. Арқаттың қырлы жоталары көгілдір сілемденіп алыстан менмұндалап, көңілсіз әрі тірі жан жоқ жолды сәл де болса әрлендіреді. Арқат таулары жайылымға жақсы екенімен танымал, сондықтан мұнда Аягөз округы наймандары мен уақ болыстарының қыстаулары шоғырланған. Бұл жерде бізге дейін және біз өтіп бара жатқанда жүз үйден аса сарт өтті. Өздерінің айтуынша, олар бұл жерде 70 жылдан аса көшіп жүр. Алғашында оларды көшпенділікке күнкөріс үйреткен. Семей арқылы азиялық өнімдерді саудалай жүріп, керуендерді жөнелту үшін олардың өз жылқылары мен түйелері болу керек еді - оларды бағып-жаю қажет, оған қоса олар қымызды жақсы көреді, міне осыдан қазақтардан жалға жер алып, бірнеше отбасы болып киіз үйде тұрған. Бүкіл Азияға тән көшпенді, еркін өмір оларға ұнап, аз уақытта олар 150 үйге көбейді. Генерал губернатор оларды қашқындарды жасырып, контрабанда жасайды деп күдіктеніп, Арқаттан кетуді бұйырады. Олар Ресей боданына өткеннен соң, не мещандар деп жазылуға, не бұл арадан кетулері керек болды. Олар, шамасы, соңғысын жөн деп тапса керек.

5-топ: Үзіндіні оқып, мифологиялық тарихи шегініске талдау жасаңыздар.

Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағлауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.

Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.

Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.

Бағалау: Топтар бір-біріне комментарий білдіреді.Пікірлер тыңдалып болғаннан кейін оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде бірін-бірі бағалайды. Сыртқы шеңбердегілердің қолында тақырыпқа байланысты сұрақ болады. Ішкі шеңбердегілер сұраққа сағат тілімен жүріп жауап беріп, жұлдызша жинайды. Кімнің жұлдызы көп, сол ақпаратты жақсы түсінген болады.

https://abai.kz/post/5471

Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут

Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Қызық?

2. Қажет?

3. Қиын?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу