Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». (6-сағат). Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.


САБАҚ:

6-сабақ

Күні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». (6-сағат)

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушыларМәтін бойынша құбылту мен айшықтау түрлерін табады.Көптеген оқушылар

Автор стиліне баға береді.

Кейбір оқушыларҮзінділерден құбылту мен айшықтауды тауып, оларды сөйлем құрауда қолдана біледі.

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша құбылту мен айшықтау түрлерін табады.Үзінділерден құбылту мен айшықтауды тауып, оларды сөйлем құрауда қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: күнделік, метафора, кейіптеу, аллегория, символ, метанимия, синекдоха, гипербола, литота, гротеска, эвфемизм, перифраз, антитеза, градация, инверсия т.б

Пәнаралық байланыс:

тарих

Ұлттық құндылықтар

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді.

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Осыған дейін меңгерілген білім

Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». (3-сағат)

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы 2 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға

  • бөлімнің атауы
  • сабақтың тақырыбы
  • оқу мақсаты таныстырылады.

ЖЖ1) Тақтада әдеби-көркемдегіш құралдардың анықтамалары ұсынылады.

Метафора – суреттеліп отырған затты ажарландыра түсу үшін оларды өзге бір затқа балау.

Кейіптеу – жансыз нәрселерді, жансыз табиғатты жандандыра түсу.Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі затқа айналдырып суреттеу.

Символ – құбылысты не затты тура суреттемей, басқа бір затқа не құбылысқа жасырын түрде жарыстыру.

Метанимия – өзара тектес заттар мен себептес құбылыстарды не ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.

Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны не керісінше қолдану. Гипербола – затты не құбылысты ерекше үлкейтіп, қомақты етіп көрсету. Литота – затты не құбылысты ерекше тіпті кішірейтіп суреттеу. Гротеска – затты немесе құбылысты әсірелеп, оспадар, ұсқынсыз күйінде суреттеу.

Эвфемизм – ұят, дөрекі сөздерді сыпайылап айту.

Перифраз – қайта айтып беру.

Антитеза – қарама-қарсы құбылыстарды, мағыналары әртүрлі ұғымдарды, түстері әртүрлі заттарды қатар қою арқылы олардан басқа бір құбылыстың, нәрсенің суретін көзге елестету.

Градация – көркем шығармада алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асырып, асқақтата түсу.

Инверсия – прозалық немесе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

2) Автор стилі дегеніміз не? – сұрағына жауап алу.

Сабақтың ортасы

2 минут

14 минут

13 минут

10 минут

Оқушыларды үш топқа бөлу

Оқушылардың есімдерін балмұздақ таяқшаларына жазып, таяқшаларды араластырып, 3 топқа бөлеміз. Оқушылар сол ретпен топтарға бөлінеді.

ТЖ Шоқан Уәлихановтың көптомдық шығармалары бойынша «Ыстықкөл сапары» зерттеу еңбегі үш бөлікке бөлініп таратылады. Топтарға ұсынылатын тапсырма:

1) Әдеби көркемдегіш құралдарды табу. Ол үшін әр топ флипчартқа шеңбер сызады. Шеңберді бес бөлікке бөліп, өздеріне ұсынылған әдеби-көркемдегіш құралдар атауларын жазады. Содан соң ортасын сызып, кейін сол әдеби-көркемдегіш құралға мысалды үзіндіден тауып, шеңберді толтырады. 1-топ: метафора, кейіптеу, аллегория, символ, метанимия; 2-топ: синекдоха, гипербола, литота, гротеска, эвфемизм; 3-топ: перифраз, антитеза, градация, инверсия, эпитет.

ҚБ Әр топ әткеншек әдісі бойынша өзге топ жұмысымен танысқан бойда, жасыл, қызыл түсті жұлдызшалар арқылы баға беріп кетеді.

Жасыл – топ жұмысының ұтымды тұсы.

Қызыл – тілек, ұсыныс, толықтыру.

2) Әр топ тапсырмаларын әткеншек әдісі бойынша алмастырады, содан соң өзге топтың жұмысындағы әдеби-көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығарма желісі бойынша пейзаж сипатын сипаттайды.

ҚБ Топтарға жасыл, қызыл түсті жұлдызшалар таратылады. Әр топ өз ойын ортаға салған соң оқушылар түрлі-түсті парақшаны көтеру арқылы топ жұмысына баға беріп отырады.

Жасыл – топ жұмысының ұтымды тұсы.

Қызыл – тілек, ұсыныс, толықтыру.

3) Автордың зерттеу еңбекті жазу стиліне баға береді

ҚБ Топтарға жасыл, қызыл түсті жұлдызшалар таратылады. Әр топ өз ойын ортаға салған соң оқушылар түрлі-түсті парақшаны көтеру арқылы топ жұмысына баға беріп отырады.

Жасыл – топ жұмысының ұтымды тұсы.

Қызыл – тілек, ұсыныс, толықтыру.

https://abai.kz/post/5471

Сабақтың соңы Рефлексия 1 минут

Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

1. Қызық?

2. Қажет?

3. Қиын?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу