Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 18-сабақ.


 Жас ұрпақтың әңгіме-повестерімді оқып, осындай кездесулерге шақырғаны сенімімді сәл де болса нығайтады. «Менің шығармаларым XXI ғасырдың ұрпақтарының қажетіне жараған екен ғой» деп қуанып қаламын.

http://zhasorken.kz/

 - Ал қазіргі әпкелер қандай?

 - Құдайға шүкір, олар әлі бар. Артынан ерген бауырлары үшін өмір сүріп жүрген қаршадай қыздар жетерлік. Мен мектеп оқушыларының «Әпкені» қойғанын көріп таң қалдым. Еркежан деген бір қыз сол Қамажайдың рөлін ойнағанда, ол образдың жанын түсініп, шын қиналып жылағанда өзімнің көзіме жас келді. Демек ол жастардың бойында бауырмалдық сезім бар деген сөз. Сезініп тұр, жаны жылап тұр.

 «Айтуға оңайдан» көрген де боларсыздар. Кішкентай ғана қыз өзінің артынан ерген балаларды өзі кәмелетке толмаса да, балалар үйіне қаңғытпай өсіріп отыр. Тағы да сондай жағдайлар бар. Құдайға шүкір, қазақ болып өскен жастарда бауырмалдық сезімі әлі де болса бар. Ол - қуанарлық жағдай. Олар да «Әпке» пьесасындағы Қамажай сияқты ең соңында жалғыз қалудан қорқады. Мен оларды «Айналайындар, Құдай өзі жаратқанда бір адамдарды бір әулетке құрбандық етіп жаратады. Демек сен сол Құдайдың сүйген құлысың. Менің де әпкем жалғыз қалды. Ол – өмірдің заңы. Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ. Бірақ өзіңнің де сол артыңнан ерген бауырларыңды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіру – негізгі арманың еді ғой. Сол арманың орындалды, демек, сен мақсатыңа жеттің» деп жұбатамын. Расында да, өмір сондай қатал ғой, не амал бар? Енді солардың әрі қарайғы бақытын тілеуден басқа амал қалмайды. Өзінің туған балаларын тастап кетсе де, өмірде ешқандай іс атқармастан кетіп жатқандар да бар ғой. Оған қарағанда осы қатал өмірде үлкен миссияны атқарды ғой олар.

  https://abai.kz/post/17313

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу