Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 24-сабақ.
1-тапсырма. Төмендегі үзінді сахнада жүріп жатыр деп есептеңіз. Актерлердің сөзіне сай ойын үлгісін көрсете аласыздар ма? Кім қалай сөйлеуі және ойнауы керек?
Қамажай. Сіңлім, шай ішші. Басың ауырып отыр ма?
Кәмила. Жо-жоқ, я так хочу.
Темірбек. Котенок мой, маленький. (Иығынан құшақтайды.)
Нәзила. Ағамыз ақырында мысық алып тынатын болды.
Қамажай. Ә... мейлің, мейлің... Ауырмасаң... ауырмасаң бопты.
Кәмила. Тим, с тобой как хорошо...
Нәзила. Әпке, сіз температурасы көтерілген адамды ғана ауру деп санайсыз ба? Махаббат та ауру. Одан да адамның қызуы көтеріліп, қан қысымы жоғарылайды.
Темірбек. На-аз. Не болған саған? Тоқтат енді!
Нәзила. Жоқ, тоқтатпаймын. Әпкемнен, мына өз үйіңнің шаңырағынан, қарындастарыңнан ұялсаң етті. Өз туыстарыңның алдында бұл күнә.
Қамажай. Қой, қой деймін, Нәзила. Теміржанның достарының көңіліне тиме.
Нәзила. Олар бізді неге сыйламайды?
Светлана. Сіңлім, сен қонақжай емес екенсің.
Нәзила. Солай ма? Онда кешіріңіз. Сіздерге барлық жағдайды жасап, жарықты сөндіріп шығып кетсек қайтеді? Көршілерге барып қонып, таңертең бір-ақ келсек, сонан соң сүт қосып шай берсек. Сонда қонақжай қыз болам ба?
Кәмила. Тимур, сен сау бол. Мен кеттім. Сенің туыстарыңа ұнамайды екем.
Темірбек. Кама, тоқта.
Үйден бәрі шығады. Гитарасын қасақана дарылдатып, Сұлтан шайқала басып, есікке беттейді.
Темірбек. Тоқтаңдар, тоқтаңдар деймін, Сұлтан, Светлана.
Үйде өздері ғана қалады. Төртеуі төрт бұрышта сілейіп тұр. Есік алдында – Тимур.
Қамажай. Не боп кетті, Құдай-ау?! Өң мен түстей. Теміржан, қарындасыңның балалығын кешір. Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.
Тимур. Құрып қалсын тамағың.
Нәзила. Әпке-е, мынау тағы да күнәға батты...
2-тапсырма. Актерлердің рөлді сомдау шеберлігіне, жалпы сахналық көрініске баға беріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру