Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.


Драма – әдебиеттің үш тегінің бірі. Эпикалық, лирикалық тектерден негізгі ерекшелігі

драмалық әрекеттерге құрылатындығында. Драма – қиын жанр, өмір шындығын шиеленіскен тартыс үстінде танытатын, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен әрекеті арқылы көрсететін жанр.

Бір актылы пьеса – оқиғасы бір көрініс арқылы шешілетін пьеса. Бір актылы пьесалар тартыс пен экспозициясының қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Драмалық образ – қағаз, кітап бетінде емес, сахнада көзбе-көз сомдалатын, оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылатын бейне, сахналық образ. Артықшылығы – көрерменге сахна арқылы тікелей әсер етеді, күлдіреді, жылатады, тікелей ықпал жасап, ойлантып, тебірентеді. Кемшілігі – ғұмырының қысқалығы, бір күндік әсерінде.

Диалог драмадағы характер ерекшелігін ашу үшін қолданылады. Драмадағы диалог кейіпкерлердің рухани әлемін, ішкі драматизмін психологиялық тұрғыда тереңінен көрсетудің құралы.

Монолог – әдебиеттегі диалогқа қарама-қарсы ұғым, автордың кейіпкерді сөйлету тәсілі, яғни, кейіпкердің ішкі көңіл-күйінен хабар беретін, жан-дүниесінің тереңінде тұнып жатқан сырды ақтарудың бір тәсілі.

Ремарка – драмада көп жағдайда жақша ішінде беріліп отыратын автордың түсіндірме сөздері. Ол оқиға барысын, ситуацияны бағыттап отырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу