Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 20-сабақ.


 Шығарма оқиғасы ағайынды төрт баланың төңірегінен өрбіп, олардың тағдыры, азаматтық тұрпатының, өмірлік көзқарасының қалыптасуы драмалық тартыс үстінде өтеді. Анасы қайтыс болып кеткенде артында қалған інілері мен сіңлісінің тағдырын өз қолына алып, оларды бағып-қағып, тәрбиелеу ауыртпалығы Қамажайдың мойнына түседі. Қамажай – пьесаның темірқазығы. Шығарманың «Әпке» аталуы да осыдан. Және пьесаның көркем-идеялық деңгейі мен бағыт-бағдары Қамажайдың әрекетіне тікелей байланысты. Ол – жаны нәзік, үлкен сезімнің адамы. Інілері мен сіңлісін тәрбиелеп, адам қатарына қосу жолында талай қиындықты басынан кешіреді. Автор бейнелеген Қамажай – жеке басының қамы емес, бауырларын көбіре ойлайтын, жар сүю мен махаббат сезімін аналық сезімге құрбан еткен, соларды жеткізу жолына мүлде берілген, адамгершілік парасаты биік, қоғам алдындағы азаматтық борышын ақтаған замандасымыздың бейнесі.

 Пьесадағы екінші қыз – Нәзиланың бейнесі де сәтті өрнектелген. Ол – еркелеу, тілі удай, бір адамға жетер мінезі бар, өмірге өзіндік түйсік-түсінігі қалыптасып қалған студент жас. Оның әпкесіне болысуы, кейде «мамуля» деп еркелеуі, Темірді ызаландыруы, Омардың қызға икемсіздігіне ренжуі, т.б. көріністердегі әрекеті сәтті шыққан.

 Әпкесін көбірек «әбігерге» түсіріп, кейде уайымға салып жүретін – Темір. Әке-шешесіз кешкен тірліктің қыспағын арқалап, жұмыс істеп, үйге кіретін азды-көпті тиын-тебенді табатын да осы. Темір қанша бұлқан-талқан болып жатса да кек тұтпайтын, барынша адал, сөзіне берік, досын сүйіндіретін, дұшпанын күйіндіретін кесек қимылдың адамы. Әйтсе де, пьесаның кемшілігі де осы Темірге байланысты. Оның сүйген қызы Кәмиламен өтетін көріністерде автор көркемдік өлшемнен шығып кетеді. Кәмиланың шапылдап, көрінгенмен бет жыртысуы, баласын алдырып тастауы – басы артық, ақталмаған, басқа бір желімен тартылған мелодрамалық көріністер.

 Үй ішіндегі дау-шарға араласпай, үнемі өзінің ғылыми жұмысынан бас көтермейтін Омар - пьесада оқшау шыққан бейне. Ол өзінің ғылыми идеясына біржола берілген, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, уақытын зая жібермейтін, кісіге жаманшылығы жоқ, ойланбай қимылға бармайтын, артық сөйлемейтін, өзімен-өзі жүрген тұйықтау жан.

  Қазақ әдебиетінің тарихынан



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу