Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 14-сабақ.


1- тапсырма Ж.,ЖЖ.,ТЖ.

  • Жыраулар поэзиясы туралы білетініңізді еске түсіріңіз.
  • Жұбыңызбен, тобыңызбен пікірлесіп, жыраулық поэзияға тән ерекшелікті (кемінде үш) жазыңыздар.
  • «Карусель» әдісі арқылы жазбаларыңызды басқа топтармен бөлісіңіздер.

2- тапсырма Ж.

  • Б.Тілеуханның орындауындағы Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын тыңдаңыз.
  • Толғауды мұқият тыңдай отырып, түсініксіз сөздерді бірден А4 парағына жазып отырыңыз.

Мысалы, күдері, кіреуке, шығыршық т.б.

3- тапсырма ТЖ.

1-топ: түсіндірме сөздікпен жұмыс. («Қазақ тілінің сөздігінен» әр топтың А4 парағына жазып алған түсініксіз сөздерінің мағынасын табады, толғаудағы маңызын ашады).

2-топ: түсіндірме сөздікпен жұмыс. («Қазақ тілінің сөздігінен» әр топтың А4 парағына жазып алған түсініксіз сөздерінің мағынасын табады, толғаудағы маңызын ашады).

3-топ: толғаудың тақырыбы, көтеріп отырған мәселесі, негізгі идеясын анықтау.

4-топ: толғау жолдарында айтылатын ұлттық құндылықтар, пафосқа тән белгілер, олардың бүгінгі таңдағы көрінісін анықтау. Ұлттық құндылық тұрғысынан талдай алады

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Толғау мазмұнын жете меңгереді;

Көтерген тақырыбын, негізгі идеясын анықтап, өз пікірін білдіреді.

Ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, сыни пікір білдіреді.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды (түсіндірме сөздікпен жұмыс жасағандар сөздің мағынасын, толғауда не үшін қолданылғанын түсіндіреді).

[attachment=28333:aza-debieti_8-synyp_1-tarau_14-saba_osymsha-resurs_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу