Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


«Төртіншісі артық» ойыны.

Артық қатарды тауып, себебін түсіндіріңіз

А)

1.Абайдың әжесі Зере

2.Абай Семейде Ахмет Ризаның медресесінде оқиды

3.Абайдың анасы Ұлжан

4.Шәкәрім Абайдың немере інісі әрі шәкірті

Ә)

1.«Өнер-білім бар жұрттар»

2.«Тіршілікте құрыштай бол төзімді»

3.«Интернатта оқып жүр»

4.«Айналайын, Ақ Жайық»

Б)

1.«Желсіз түнде жарық ай»

2.«Қыс»

3.«Көзімнің қарасы»

4.«Айттым сәлем, қаламқас»

В)

1.«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»

2.«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

3.«Ғылым таппай мақтанба»

4.«Әсемпаз болма әрнеге»

Қызығушылықты ояту

– Қалай ойлайсыңдар, Абай не себепті: «Ғылым таппай мақтанба» – дейді?

– Өлең кімге және қандай тақырыпқа арналған?

– Өлеңде қай сөз жиі қайталанады? (ғылым)

– Ақын не себепті осы сөзді жиі қайталаған деп ойлайсыңдар?

– Абай ғылым, білім жолына түсуге талаптанған жастарға тағы қандай ақыл-кеңес айтады?

Оқушы жауаптары тыңдалып, талқыланады.

А деңгейі

Автор көрсеткен бес асыл іс немесе бес дұшпанның бірін таңдап,

осыған байланысты мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар. Адам бойындағы

осы қасиеттерді мақал-мәтелдердің білдіретін мағынасымен байланыстыра

отырып, талдаңдар.

Дескриптор:

Бес қасиетке байланысты мақал-мәтелді табады;

Бес қасиетті мақал-мәтел мазмұнымен байланыстырып талдайды.

В деңгейі

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты

сөз тіркестерін тауып, мағынасын талдап көрсетіңдер.

Дескриптор:

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін табады;

Автордың қолдану мақсатын талдайды.

С деңгейі

«Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз ...» Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, 50-60 сөзден тұратын әңгімелеу мәтінін жазыңдар. Мәтінде ауыспалы мағынадағы сөздерді, көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңдар.

Дескриптор:

Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастыра алады;

Жазба жұмысында ауыспалы мағынадағы сөздерді, көркем ауыстыруларды қолданады.

Ой толғау

«Ғалым» сөзіне бес жолды өлең құрастырыңдар.

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

сезімді білдіретін

сөйлем

5 синоним

Үйге тапсырма: Абай

көрсеткен бес дұшпанның

адам баласына тигізетін

зиянын көрсетіп, 80-100 сөзден тұратын сипаттау мәтінін жазып келу.

Рефлексия:

«Білетінім. Білдім. Білгім келеді»

[attachment=27601:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba_-prezentacija_2-nsa-3.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу