Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиет | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» | |||||
Оқу бағдарламасына сілтеме: | Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы орындай алады: Шығармалардың сюжеті мен фабуласын анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасайды. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады. | |||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Поэзия, өлең, фабула мен сюжет, жанр | |||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық | |||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, сурет өнері, әдебиеттану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Поэзия және оның жанрлары туралы біледі. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары ! Күліп өмір сүрейік! Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | Слайд | ||||
Ортасы 3 минут 7 минут 15 минут 5 минут | Қызығушылықты ояту
Бала Абай дана Абайға қалай айналды? Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.Мұхтар Әуезов Мұғалім сөзі. Мұғалім ақынның қысқаша өмірбаянымен таныстырып, оқушыларға «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің көшірмелерін таратады. Топта оқушылар түсінбеген сөздердің мағынасын табу үшін сөздік қолданады. Мұғалім «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін оқиды немесе таспадан (диск) тыңдатады. Топтық жұмыс Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білгендерін талқылайды. Олар ақынның лирикасы туралы (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты постер жасайды. Мұғалім оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін бөліп береді. Кейін оқушылар өлеңдер мазмұны туралы ой бөліседі. Топта бір-біріне оқып береді. Дескрипторлар:
Жеке жұмыс Менін Абайдың ақындық қабілетіне берер бағам Абай Құнанбаевты «Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған. Шынында да, Абай – қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Абайдың шығармашылық өмір жолына баға беріңіз. Дескрипторлар:
«Автор орындығы». Қалыптастырушы бағалау. | Слайд | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үйге тапсырма: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін жатқа оқу. Кері байланыс: «3-2-1» Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. | Слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды орындайды. | Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі. | Қазақ тілі, сурет өнері, әдебиеттанумен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды. | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?