алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Гүлдер Білісбекқызы

Сынып: 6 (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

 Сабақтың мақсаттары

6.3.1.1-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

 Бағалау критерийі

  • шығарманы оқып, түсінеді;
  • көтерілген мәселені анықтайды;
  • мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Жанр, лирика, лирикалық кейіпкер.

Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр

Сабақта қамтылатын құндылықтар

ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың ортасы

20 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Топқа біріктіру. Санына қарай мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөле алады.

ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Топтың тілегі» Оқушылар топпен ақылдасып, сыныпқа, бүгінгі сабаққа қатысты әдемі тілек айтады.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийі түсіндіріледі, талқылайды.

ІІІ. Ой шақыру. «Мақалды жалғастыр» ойыны:Жақсыдан үйрен, ......... (Жаманнан жирен)Талап тұлпар, .......... (Білім сұңқар)Талант қартаймайды, ............ (Білім ортаймайды)Жақсыдан қашпа, ........... (жаманға баспа)

Ақыл азбайды, ............ (Білім тозбайды)Өнерлі .............. (өрге жүзеді)

І V. «Шеңбердегі әңгіме» Берілген сұрақтар бойынша топтар кезегімен әңгіме жүргізеді.

1-топқа:

  • Ғылымсыз неге мақтана алмайды?
  • Мақтаншақтық қасиет адамның дұшпаны ма?
  • Тағы нені адамның дұшпаны дер едіңіз?

2-топқа:

  • Адам болу дегенді қалай түсінесіздер?
  • Қанағат ету асыл іс пе?
  • Рақымшылық жасауға қандай мысал келтіруге болады?

3-топқа:

  • Сіз ақын болсаңыз, қандай асыл істерді дәріптейсіз?
  • Ақынның «ғалым болмасаң да ұқсап бақ» деуінің сыры неде?
  • Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, деген өлең жолдарында не айтылған?

4-топқа:

  • Ақын ғылым білімнің пайдасы мен жаман қасиеттердің зиянын қалай салыстыра жеткізген?
  • Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз, - деген ойды басқаша қалай жеткізуге болады?

  • Автордың түйінді ойы қандай?

5-топқа:

  • Ғылымды сүю дегенді қалай түсіндіңдер?
  • Асыл істерді тағы немен толықтыруға болады?
  • Ақын бес дұшпаннан қашудың себептерін қалай түсіндіре білді?

Таныстырылым

Таныстырылым

Үлестірме

Сабақтың соңы

5 минут

5 минут

V. Қорытынды: «Минуттық эссе»

Мұғалім бірнеше тірек сөз ұсынады. Оқушылар өлеңнен, «Шеңбердегі әңгімеден» алған әсерімен шағын ойтүйін жазады.

Тірек сөздер: өлең, ақын, көркем, мағына, құнды, бағалы, ой, жол, жақсылық, жамандық, ғибрат.

VI. Рефлексия «Тілек ағашы»

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы  ойларын стикерге жазып,

тақтаға іледі

VII. Үйге тапсырма:

Ғылым, білім туралы мақал жаттау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын.

Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

[attachment=27603:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba_-didaktikaly-material_2-nsa-2.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы