Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет. Бөлім тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа!

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.3.1. Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығарма мазмұнына сай мақал-мәтелдерді қолданып, мағынасын талдайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін анықтап, қолданылуын талдайды;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жазба жұмысында ауыспалы мағынадағы сөздерді, көркем ауыстыруларды қолданады

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтайды;

Көркем ауыстырулардың қолданылу ерекшелігін талдайды;

Көркем ауыстыруларды жазба жұмысында қолданады

Тілдік мақсат

Әдеби-теориялық ұғымдар: мақал-мәтел, сөздің ауыспалы мағынасы, тұрақты сөз тіркесі. Сөздікпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Патриотизм, өмір бойы оқу

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Доспамбет жырау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

«Төртіншісі артық» ойыны

А)

1.Абайдың әжесі Зере

2.Абай Семейде Ахмет Ризаның медресесінде оқиды

3.Абайдың анасы Ұлжан

4.Шәкәрім Абайдың немере інісі әрі шәкірті

Ә)

1.«Өнер-білім бар жұрттар»

2.«Тіршілікте құрыштай бол төзімді»

3.«Интернатта оқып жүр»

4.«Айналайын, Ақ Жайық»

Б)

1.«Желсіз түнде жарық ай»

2.«Қыс»

3.«Көзімнің қарасы»

4.«Айттым сәлем, қаламқас»

В)

1.«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»

2.«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

3.«Ғылым таппай мақтанба»

4.«Әсемпаз болма әрнеге»

Оқушылар артық қатарды тауып, себебін түсіндіреді.

Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін таныстыру, талқылау.

Ортасы

25 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

– Қалай ойлайсыңдар, Абай не себепті: «Ғылым таппай мақтанба» – дейді?

– Өлең кімге және қандай тақырыпқа арналған?

– Өлеңде қай сөз жиі қайталанады? (ғылым)

– Ақын не себепті осы сөзді жиі қайталаған деп ойлайсыңдар?

– Абай ғылым, білім жолына түсуге талаптанған жастарға тағы қандай ақыл-кеңес айтады?

Оқушы жауаптары тыңдалып, талқыланады.

Мағынаны тану

Деңгейлік тапсырма

А деңгейі

Автор көрсеткен бес асыл іс немесе бес дұшпанның бірін таңдап, осыған байланысты мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар. Адам бойындағы осы қасиеттерді мақал-мәтелдердің білдіретін мағынасымен байланыстыра отырып, талдаңдар.

Бес асыл іс немесе бес дұшпан

Мақал-мәтел

Білдіретін мағынасы

Талап

Еңбек

Терең ой (ақыл)

Қанағат

Рақым (мейірім)

Дескриптор:

Бес қасиетке байланысты мақал-мәтелді табады;

Бес қасиетті мақал-мәтел мазмұнымен байланыстырып талдайды.

В деңгейі

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын талдап көрсетіңдер.

Ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері

Білдіретін мағынасы

Терең ой

Ойға жию

Қайғы жеу

Көңіл суыту

Жанбай жатып сөну

Дескриптор:

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін табады;

Автордың қолдану мақсатын талдайды.

С деңгейі

«Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз ...» Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, 50-60 сөзден тұратын әңгімелеу мәтінін жазыңдар. Мәтінде ауыспалы мағынадағы сөздерді, көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңдар.

Дескриптор:

Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастыра алады;

Жазба жұмысында ауыспалы мағынадағы сөздерді, көркем ауыстыруларды қолданады.

Бағалау: Дескриптор бойынша бағалау.

Ой толғау

«Ғалым» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

Оқушылар құрастырған өлеңдерін жұпта, топта оқып, әр топтан сәтті шыққан өлеңді сыныпта оқыту.

Соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Абай көрсеткен бес дұшпанның адам баласына тигізетін зиянын көрсетіп, сипаттау мәтінін жазып келу. Сөз саны – 80-100.

Рефлексия: «Білетінім. Білдім. Білгім келеді».

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушыларға мұғалім күрделі деңгейлі сұрақтар қояды, оқушылар қабілет деңгейлеріне қарай дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде жүзеге асады.

Тарих, қазақ тілі пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта патриотизм, өмір бойы оқу құндылықтарын талдайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу