Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Сабақтың тақырыбын болжаңдар.

Сабақтың тақырыбы:Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер.

Сабақтың мақсаты: Тақырыпқа қатысты мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау.

Мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

Бағалау критерийі: ???

Сөздік жұмысы

Жұпта талқыла.

Гастрономиялық тур – жергілікті тұрғындардың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тағамдарды даярлау жолдарын көрсету, дәм тату, жергілікті тағамдардың ерекшелігімен танысу.

Этнография – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

Кемпинг - автотуристерге арналған шатырлармен немесe жазғы үйлермен және автомобильдер үшін тұрақпен жабдықталған жазғы лагерь.

Мәтінді мұқият тыңдап, кестені толтырыңдар.

Шеңбер әдісі

Дәптерлеріңді сағат тілімен жылжыта отырып, бір-біріңнің жұмыстарыңды өзара бағалаңдар. Ең үздік жұмысты анықтап, оны барлық сыныптастарыңмен бөлісіңдер.

«Менің сөзім...»

Тапсырма.

Тыңдаған мәтінге сүйене отырып, екі сұрақтың біріне жазбаша пікір білдір. Өз ойыңды дәлелдеп жеткіз. Тыныс белгілерінің қолданылуына мән бер. 50-60 сөз.

 

Қазақстанға келген туристерге қандай экотуризм қызметін көрсетуге ұсыныс жасар едің?

Қазақстанда экотуризмнің дамуына қандай мүмкіндіктер бар?

Дескрипторлар:

Мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиториясын анықтайды.

Маңызды ақпараттарды табады.

Тақырыпқа сай терминдерді, тілдік оралымдарды талдайды.

Сұраққа пікірін жазбаша білдіре алады.

Тыныс белгілерін қатесіз қолданады.

Рефлексия

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Ұсынысыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу