Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.
Тыңдалым мәтіні
Қазақстан туристік әлеуетін дамытуға ден қойды. Бұл ретте аталмыш саланың қарқын алуына елімізде барлық мүмкіндік бар. Қазақстанның көркем табиғаты, бірегей мәдениеті мен тарихи ескерткіштері саяхатшылардың қызығушылығын тудырары сөзсіз. Мысалы, Ақмола облысындағы киелі мекен Бурабайда туристер үшін 2 жаңа экотур әзірленді. Мұнда гид мамандар тек тамылжыған табиғатпен таныстырып қоймай, Бурабайдан 15 шақырымда орналасқан Қымызын-ай елді мекеніндегі ұлттық сусын дайындайтын орталыққа да апарады. Келушілер жылқы сүтін ашыту технологиясымен, қазақтың салт-дәстүрімен танысады. Ал екінші бағыт бойынша туристер Бурабайдың іргесіндегі марал шаруашылығының бір күндік тыныс-тірішлігін көреді. Бұл экотурлар наурыз айының ортасынан бастап іске қосылмақ.
АЗАМАТ ЕРБАТЫРОВ, «БУРАБАЙ ДАМУ» ЖШС МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Туристер Шучинск-Бурабай бағыттары арқылы «Қымызын-ай» мал шаруашылығы кешенінің аумағында тоқтау қарастырылған. Онда саяхатшылар бұғыларды тамашалап қана қоймай, жылқы, түйе, қой секілді үй жануарларын көре алады. Бие мен түйенің қалай сауылатынын қызықтап, саумал мен шұбаттан ауыз тиеді.
Ал Алматы облысы биыл өңірге 2 миллион турист тартуды көздеп отыр. Осы мақсатта гастрономиялық, этнографиялық, кемпингтік бағыттарды дамыту қолға алынған. 2018 жылы облыста жалпы сомасы 5 жарым миллиард теңге болатын 33 туристік нысан салынады. Солардың бірі қонақтарды қазақтың ертегі кейіпкерлері қарсы алатын ойын-сауық орталығы болмақ. Кешеннің аумағында спа орталығы мен гольф клуб орналасады. Айта кетейік, бүгінде Жетісу өңірінде 680 туристік нысан жұмыс істейді екен. Соңғы үш жылда мұнда келіп демалушылар саны 77 пайызға артқан.
ЖАНАР АЛШЫМБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Алматы облысының туристік-ақпарат орталығының негізінде экскурсиялық-транспорттық парк құрылады. Бюджет есебінен біз автобустар және шағын автобустарды аламыз және де туристік бағыттар бойынша осы транспорттық логистиканы құруды жоспарлап отырмыз.
Ал Солтүстік Қазақстан облысы медициналық, экологиялық және балалар туризміне ден қоймақ. Соңғы бағытты өркендету мақсатында облыс орталығында IT технологиямен жабдықталған «Жас өркен» оқушылар сарайы салынып жатыр. Бұдан бөлек, биыл жаңа қонақ үйлер бой көтеріп, теміржол вокзалын заманға сай жаңғырту жоспарланған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?