Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


 Тыңдалым – сөйлеу әрекетінің ауызша баяндау түрі. Тыңдай отырып, өзіміздің серіктесімізден қажетті мәліметті аламыз және оның ойын, мақсатын білеміз.

 «Тыңдалым» терминінің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну дегенді білдіреді. Бұл атаудың ең басты мәні адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу.

 Аудиомәтінмен жұмыс үш түрлі кезеңнен тұрады: мәтіналды жұмыс, мәтінмен және мәтіннен кейінгі жұмыс.

 Мәтіналды жұмыстарында белгілі бір жағдаят туғызу немесе жекелеген сөздер, сөз тіркестері, суреттер, жоспар арқылы тіл үйренушіге тыңдайтын мәтін тақырыбына болжам жасату керек.

 Мәтінмен жұмыс тікелей тыңдау барысында орындалады. Тыңдау арқылы қабылдау, түсіну қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар орындату.

 Үшінші кезеңде алынған ақпаратты дискуссияда, біреуге кеңес немесе жаңа ақпарат беруде қолдану керек: 1) тыңдалған мәтінді түсіне білу; 2) қабылданған ақпаратты шығармашылық өңдеуден өткізе білу; 3) алынған ақпаратты тілдік қарым-қатынаста қолдана білу.

 Оқушының тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ мәтін көлемі мен айтылу уақытына байланысты. Аудиомәтіннің бірінші сөйлемінен бастап, негізгі ойды білдіретін фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – тыңдалымды меңгертуге немесе бақылауға арналған әдістемелік талапқа сай мәтін деп атауға болады. Тыңдалым әрекетін меңгертуге арналған жаттығу түрлері оқушылардың тілді білу деңгейіне, жас ерекшелігіне, мақсатына, өмірдегі қажеттілігіне қарай құрастырылады. Сонымен қатар тыңдалатын мәтіндердің тәрбиелік мәні, тыңдаушының қызығушылығын арттыратындай белгілі бір мәселесі және сөйлеудің әр түрінің (монолог, диалог, полилог) қамтылуы – мәтін мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі.

 Сөйлесім әрекетінің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, тапсырмалар жүйесі де тығыз байланыста болмақ. Тыңдалым мен айтылымды бір-бірінсіз елестету мүмкін емес, өйткені ақпаратты қабылдау оның айтылуына, оқушының өнімді еңбегі айтылған ақпаратты ұғуына байланысты. Тілдесім әрекетінің нәтижелі болуы тыңдалған ақпараттың есту каналдары арқылы меңгеріліп, ішкі сөйлеудің дамуына байланысты. Жазылым әрекетінде тапсырмалардың түріне қарай тыңдалған ақпаратты дұрыс қабылдау, талдау, жинақтау, нақтылауға байланысты оқушының еңбегі көрінеді.

 https://nur.nu.edu.kz/bitstream/handle/123456789/1278/%D0%9A%D2%AF%D0%B7%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%84_The%20articls%20Kopesh%202015-03-30.pdf?sequence=1&isAllowed=y

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу