Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; 11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Тақырыпқа қатысты мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау. Мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Тақырыпқа қатысты мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтайды, талдау жасайды. Мәтінде тыныс белгілерін қолдана біледі. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: тамаша табиғат, экологиялық туризм, ішкі туризм саяхатшылар, қызығушылық, ғажайып сезім Қажетті сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша… | |||||||||||
Құндылықтарды игерту | Сабақ барысында оқушыларға жауапкершілік, құрмет құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | География | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 10-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылығын ояту. Оқушылар бейнематериал арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. https://kazakh-tv.kz/kz/category/kazakhstan_tourism
Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| таныстырылым | ||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 12 мин 8 мин 12 мин | Тыңдалым алды тапсырма тапсырма. 1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жаса. Жұпта талқыла. Ішкі туризм – Қазақcтан Республикаcының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұрaтын адaмдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты. Экологиялық туризм - табиғат аймақтарын сақтау, қоршаған ортаның теңгерімін бұзбай, жауапкершілікпен саяхат жасау, табиғатты қорғауға деген ұқыптылық. Резерват - табиғи кешендердiң биологиялық сан алуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Тыңдалым тапсырмасы https://www.youtube.com/watch?v=JNtAFpXJgL4 Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, кестені толтырады.
Оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Тапсырманы орындау барысында мұғалім тарапынан оқушыларға жеке қолдау көрсетіледі. (Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау). Тыңдалымнан кейінгі тапсырма «Шеңбер әдісі». Оқушылар жұмыстарын сағат тілімен жылжыта отырып, бірін-бірі өзара бағалайды. Ең үздік жұмыс анықталады және оны барлық сыныптастарымен бөлісу үшін оқушы ортаға шақырылады. «Менің сөзім...» Оқушылар сұраққа жазбаша жауап жазып, өз жауаптарын оқиды. Тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіреді. Тапсырма. Тыңдаған мәтінге сүйене отырып, екі сұрақтың біріне жазбаша пікір білдір. Өз ойыңды дәлелдеп жеткіз. Тыныс белгілерінің қолданылуына мән бер. 50-60 сөз.
Өзара бағалау Дескрипторлар: Мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиториясын анықтайды. Маңызды ақпараттарды табады. Тақырыпқа сай терминдерді, тілдік оралымдарды талдайды. Сұраққа пікірін жазбаша білдіре алады. Тыныс белгілерін қатесіз қолданады. Мұғалімнің сындарлы кері байланысы | |||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия. 3-2-1 | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?