Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Туризм: экотуризм.

Шешендік сөздер

Әңгіме және дөңгелек үстел.Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туризм: экотуризм.

(2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау.

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.

 Бағалау критерийі

  • мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
  • мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады;
  • сыни тұрғыда баға береді;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Экотуризм,аумақ, тарихи мекен,қорық, мұражай, ескерткіш, ландшафт, бизнес, туристік өнім, қолжетімділік, жабдық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Отбасылық құндылықтарды дарыту, туған еліміздің көркем жерлері туралы мәліметтерді білу.

Пәнаралық байланыс

География, тарих, экономика

Бастапқы білім

9-10 сыныптарда алған білімдері мен білік, дағдыларын қолданады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Оқушылар санау арқылы екі топқа бөлінеді.

Суретке назар аударады. Өз ойларын айтады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, оқушылармен бағалау критерийлерін талдау.

МД слайд

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

1.Қызығушылықты ояту

Тыңдалым, айтылым алды тапсырма

Экотуризм туралы кластерді толтыр.

Мағынаны тану

Оқушыларға Қазақстандағы туризм туралы мәтіндер таратылады.

1-мәтін

 Қазақстан – мәдениет пен тарихқа бай мемлекет, сол себептен де туризмнің бір бағыты – экотуризм деуге болады. Қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына қызыққан туристер Қазақстанның барлық аумағынан өзіне қажетті мағлұматтарды ала алады. Ең маңызды көрікті, тарихи мекендердің бірі - Жамбыл облысында орналасқан Берқара мемлекеттік қорықшасынан орын тепкен Берқара тау шатқалы. Шатқалда 504 қорған бар, оның 4-еуі тарихшылардың айтуынша, сақ кезеңінен сақталып қалған. Осы қазіргі Бері Қара жерінде, Шыңғысхан тұрақтаған делінеді. Алматы облысының маңында Жамбыл Жабаевқа арналған мұражайлар бар. Ол жерде ақынның тұрған үйі, бақтар мен ұйымдастырушы бөлімшелері бар. Мұнда Ж. Жабаевтың мавзолейі де орналасқан. Мұражай қызметкерлерінің жанашырлықпен қызмет етуінің арқасында, үйді баяғы бәз қалпында сақтай алған, бұйымдардың көпшілігі ақынның өзіне тиесілі. Бұл мұражай Жамбылдың өмірін ғана бейнелеп қоймай, ақын өмір сүрген дәуірдің бет-пердесіндей. Қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін тарихи ескерткіштерден өзге этнографиялық саябақтар жұмыс істейді. Солардың бірі – Астана қаласындағы «Қазақстан картасы «Атамекен». «Атамекен» - ашық аспан астындағы ерекше мұражай. Картада 14 облыс және екі қала – Алматы мен Астана орналасқан. Туристердің назарына Қазақстанның табиғи-климаттық зоналары мен мемлекет ландшафтісі, тарихи ескерткіштері мен қалалардың назар аударарлық орындарының макеттері қойылған. Этно-мемориалды комплекстің жалпы жер аумағы 1,7 гектар жерді алып жатыр.

 

2-мәтін

Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы жөнінде Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының (ОАЕҚ) атқарушы директоры Ринат Темірбеков әңгімелейді. - Қазақстанда туризмді, оның ішінде экотуризмді дамытудағы проблемалар қандай? Және бұл саланы көптеген шет елдерде сияқты мемлекеттің негізгі табыс көзіне айналатындай деңгейге көтеру мүмкін бе?

 - Туризм, оның ішінде экотуризм - бұлар, табысы бірқатар факторлардың жиынтығына тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Әдетте, кез-келген шетелдік сапар үшін туристік компаниядан сатып алынатын ең қарапайым туристік өнімнің ішіне визаны рәсімдеу және демалу орнына дейін жеткізіп салу қызметтері, қонақ үйде тұру, тамақтану, көңіл көтеру бағдарламалары мен түрлі қауіптерге қарсы сақтандырулар кіреді. Туристің алатын әсері сапардың қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қол жетімділікке, көрсетілетін әр қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне байланысты болады. Осы тұрғыдан біздің қазақстандық мүмкіндіктерге қарап көрейікші, онда тиісті талаптарға сай емес сапасыз жолдарды, интернеттің әлі де жоғары тарифтерін және көптеген осы сияқты кемшіліктерді көреміз. Сонымен қатар, қонақтарды күту үшін арнайы жабдықталған үйлердің қызметін құқықтық реттеу әлі де жолға қойылмаған. Оларға кейде ірі қонақ үйлерге арналған талаптар қойылып жатады. Кейде экотуризм бизнесіне машықтанған жергілікті тұрғындар өздерінің шағын бизнесін заңды тіркеудің және маркетингтің маңызын түсінбей жатады. Бізге бір-бірімен әкімшілік тұрғыда байланысы жоқ салаларды жетілдіру қажет - визаны ресімдеуді жеңілдету және оның бағасы, темір және автокөлік жолдары, қонақ үй бизнесі (шетелдік әр туристің қалтасы көтере бермейтін «бес жұлдызды» қонақ үйлерді есепке алмағанда) және қызмет көрсетуші қызметшілерді сауатты дайындау.

Тыңдалым айтылым тапсырмасы

1. Мәтінді оқып шық. Мәтіндегі ақпараттарға мұқият мән беру арқылы түртіп алып, мазмұндауда қолдан, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйле. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелде.

2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырыс. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қой. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңді білдір.

Дескрипторлар:

  • Мәтіндегі тілдік оралымдарды талдайды.
  • Терминдер мен ұғымдарды ажыратады.
  • Ойы мен көзқарасын ортаға салады.
  • Қарым-қатынасқа қиындықсыз түседі.
  • Бейвербалды қарым-қатынас орнатады.

Тыңдалым айтылымнан кейінгі тапсырма

«Қазақстан экотуризмді дамыту мүмкіндігі жоғары//кенжелеу» деген ойды келесі әдіс арқылы түсіндіреді.

ПОПС формуласы

1.Менің ойымша...

2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін..

3. Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын...

4. Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім..

Бағалау.Оқушылардың және мұғалімнің сындарлы кері байланысы арқылы бағаланады.

Сұрақ-жауап

  https://kazakh-tv.kz/kz/category/kazakhstan_tourism

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.inform.kz/kz/ekoturizm-kazakstandyk-turizmnin-damuyn-karkyndy-zholga-koyatyn-birden-bir-bagyt-r-temirbekov_a2199570

 

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«3-2-1» стратегиясы

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу