Қазақстандағы туризм түрлері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы туризм түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау

 Сабақтың мақсаттары

Тыңдалым мәтінінен перифраз сұрақтар арқылы қажетті ақпаратты табу; мәтіндегі мәселе бойынша тұжырым жасау.

 Бағалау критерийі

Тыңдалым мәтінінен сұрақтарға жауап бола алатын ақпаратты таба алады; мәтіндегі мәселе бойынша ой тұжырымдай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

география

Бастапқы білім

Қазақстандағы туризм

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

«Суретті қолдану» тәсілі

Мұғалім сынып оқушыларын төрт-бес топқа бөледі. Әр топқа ортасына таудың, көлдің, балықтың, тарихи ескерткіштің және туристің суреті жапсырылған А2 форматты қағаз таратады. Сабақтың тақырыбын қағазға жазып конвертке салып қояды.

Мұғалімнің сөзі: Сіздерге берілген қағаздағы суреттердің бүгінгі сабақ тақырыбымен байланысы бар. Мына конвертте сабақ тақырыбы жасырулы, соны анықтау үшін болжам жасап көріңдер, өз ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер. Ол қандай байланыс болуы мүмкін?

Мұғалім топ мүшелерінің А2 форматты қағаздағы суреттің айналасына сурет пен сабақ тақырыбына байланысты ойларына келген алғашқы сөздерді, ойларын, идеяларын, сұрақтарды да жазуларын сұрайды. Бұл жерде оқушының сабақ тақырыбын дөп басып болжауы маңызды емес, ең маңыздысы креативті ой айта білуге дағдыландыру, оқушының қиялын дамыту болып табылады. Сонымен мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, сабақтың тақырыбын хабарлайды:

Қазақстандағы туризм түрлері

Мұғалім сабақтың тыңдалым, айтылым дағдысына негізделген мақсатымен таныстырады.

Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

1-таратпа

Сабақтың ортасы

5-15

15-25

25-35

Тыңдалым алды тапсырма

Жұппен орындайды.

«Борт журналы» әдісі арқылы оқушылар «Қазақстандағы туризм түрлері» тақырыбы бойынша кесте толтырады.

Оқушылар жұпта берілген тақырып бойынша идеяларды талқылайды. Қазақстандағы туризмнің қандай түрлері болуы мүмкін деген сұраққа жауаптарын әзірлейді. Оқушылар талқылаудан кейін тыңдайтын мәтін мазмұнында болуы мүмкін негізгі ұғымдардың тізімін жасайды.

негізгі ұғымдар

түсіндіру

Графикалық түрі (сурет, сызба)

1

2

Тау туризмі

3

Тыңдалым тапсырмасы

ЖЖ

Мұғалім «Қазақстандағы туризм түрлері» мәтінін оқушыларға оқып береді, оқушылар мұқият тыңдайды. Тыңдап отырып, «Борт журналы» кестесін басқа түсті қаламмен толықтырып жазады. Содан кейін мәтін мазмұны бойынша әр жұп бір нақтылау және түсіндіру сұрағын құрастырады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

С

«Автор орындығы» әдісі

Сынып ортасына орындық қойылады. Бір оқушы ең көп саяхат жасаушы рөлінде «Автор орындығына» отырады. Басқа оқушылар тыңдалым тапсырмасы кезіндеқұрастырған нақтылау сұрақтарын кезек-кезек қояды. («Автор орындығына» қалаулары бойынша және уақыттың жетуіне байланысты бірнеше оқушыны отырғызуға болады).

Сұрақтар мәтін мазмұнындағы ақпараттарды нақтылауға бағытталған болуы тиіс. «Автор орындығындағы» оқушы тақырып бойынша ойын тұжырымдап сұраққа жауап береді.

Өзара бағалау

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша топтық бағалау жасайды. Олар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Екі жұлдыз = тапсырма орындау кезінде оларға ерекше ұнаған екі нәрсе.

Бір тілек = бұл топтық тапсырма кезінде сыныптасының жауабын жақсарту үшін бір ұсыныс.

Дескриптор:

- сұрақ құрастырады;

- сұраққа жауап береді;

- мәтін бойынша қорытындылайды.

2-таратпа

«Қазақстандағы түрлері» мәтіні

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Сабақта:

Мен _______________________________білдім.

Мен ____________________________үйрендім.

Мен ____________________________қиналдым.

Менің көңіл-күйім___________________

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу