Қозғалыстағы миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Қазіргі қоғам: миграция және Мұғалімнің аты-жөні:

зияткерлік миграция. Сыныбы: 11

Шешендік сөздер қатысқаны: қатыспағаны:

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыстағы миграция

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу.

Сабақ мақсаттары

  • таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
  • тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • таза ғылыми стильде жазылған мақаланың жанрлық, тілдік ерекшеліктерін талдай алады;
  • тілдік құралдарға сүйене отырып мақала жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жаһандық миграция туралы түсінік қалыптастырады.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: миграция, миграциялық процесс, иммиграция, экономикалық, саяси, мәдени немесе экологиялық факторлар т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын, себебі ... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, топта жұмыс жасау және көшбасшылық, жаһандық азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтар сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Экономика, саясаттану пәндерімен байланыс.

Алдыңғы білім

Қазақстандағы зияткерлік миграция

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-6

1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

2.Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында «Тұжырым жаса» тапсырмасы орындалады:

Ғылыми стильдің үш шағын стильге жіктелетінін білемін, олар:

  • таза ғылыми шағын стиль;
  • оқулық-ғылыми шағын стилі;
  • көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль.

Ғылыми стильдің жазбаша және ауызша түрлері болатынын білемін. Ауызша түрлері: баяндама, жарыссөз, лекция т.б.

Жазбаша түрлері: монография, мақала, диссертация, рецензия, ғылыми баяндаманың тезистері, оқулықтар мен оқу құралдары т.б.

МД слайд

таратпалар

Сабақтың ортасы

7-10

11-18

19-28

29-30

31-37

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Оқылымалды тапсырма

Оқушылар ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін естеріне түсіреді:

  • тақырыпқа қатысты терминдердің кездесуі;
  • тура мағыналы атау сөздер;
  • жекеше түрде келіп көптік мағынаны беретін зат есімдер;
  • етістіктің осы шағы;
  • ырықсыз етіс тұлғасындағы баяндауыштар;
  • хабарлы, толымды, жайылма, сабақтас құрмалас сөйлемдер қолданысы.

Оқылым тапсырмасы

Ж/ЖЖ. «Қозғалыстағы миграция» тақырыбындағы мәтін мазмұнымен жеке танысады, жұбымен бірге талқылайды.

Талдап оқу стратегиясы арқылы мәтіннің стилі мен жанрын, кімдерге арналғанын анықтау;

Астын сызып немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілдік құралдарын ажырату.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Мәтінде кездескен тілдік құралдарға сүйеніп және өмірмен байланыстыра отырып, төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап мақала жазады.

Ұсынылатын тақырыптар:

«Интеллектуалды миграция»

«Миграциялық қозғалыстардың әлеуметтік тұстары»

Қабілеті жоғары оқушылар мәтінде берілген ақпараттарды таратып, өмірмен байланыстыра талдаса, қабілеті орташа оқушылар мәтіннің жалпы идеясын қайталап жазып шығуы мүмкін.

5. Дескриптор

- ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін есіне түсіреді;

- мәтінді жеке оқиды;

- жұбымен талдайды;

- тақырыпқа сай мақала жазады;

- өзара бағалайды.

6. Тыңдау және бағалау

Оқушылар жазған мақаласын топ ішінде оқып, ең жақсы жұмысты анықтап, «Автор орындығына» шақырады.

Олар критерийге сай өзара бағалайды, мұғалім тиімді кері байланыс береді.

Түрлі-түсті стикерлер

«Жаһандық диалог» журналы

Мақала жазуға байланысты нұсқаулықтар МД слайдта толық берілген.

Сабақтың аяғы

38-40

7.Рефлексия. «Сұқбат» әдісі:

Қай оқушының жауабы ұнады?

Неліктен?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу