Қозғалыстағы миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


1-тапсырма. «Ми шабуылы»

  • «Ақыл-ой миграциясы» деген не?
  • «Трансұлттық мигранттар» дегенді қалай түсінуге болады?
  • Миграцияны жаһандық маңызы бар құбылыс деп бағалауға бола ма?

 

2-тапсырма. Ғылыми стильдің қысқаша талдау үлгісімен танысып шық.

Қарым-қатынас аясы

ғылыми еңбектер мен зерттеулерде, ғылыми баяндамаларда, дәрістерде, ғылыми кеңес, мәжілістер, пікір алысуларда, т.б.

Қарым-қатынас мақсаты

заттар мен құбылыстардың себеп-салдарын, жалпы ерекшелігін ашып, теориялық мәлімет беру; мәнді белгісін көрсету; шындықты ұғым түрінде логикалық жүйемен пайымдау.

Стильдік сипаты

негізгі айтылатын ой дәлелді, логикалылық, дәлдік, қисындылық, т.б.

Тілдік ерекшеліктері

а) лексика-фразеологиялық: тура мағыналы атау сөздер, ғылыми терминдер,...

ә) морфологиялық: осы шақ және ауыспалы келер шақ тұлғалы етістіктер,...

б) синтаксистік: хабарлы, толымды, жайылма, сабақтас сөйлем түрлері, күрделі синтаксистік тұтастық, ...

 

 

3-тапсырма. Ж/Т. «Қозғалыстағы миграция» тақырыбындағы мәтін мазмұнымен жеке таныс.

Үзіндіні белгіленген уақытта оқып болғаннан кейін «INSERT» (түртіп алу) кестесімен жұмыс жаса. Әуелі бірінші бағанын, қалғанын рет-ретімен толтыр.

Жазғандарыңды топ ішінде дауыстап оқып талқылаңдар.

Мен мұны білемін

Мен үшін жаңа

Мен басқаша ойладым

Қызықты

 

 Қозғалыстағы миграция

 Карин Шершель, Рейн қолданбалы ғылымдар бас университеті, Германия

  Жаһандану шекаралардан асуды және экономикалық қатынастарды жеңілдетуге алып келді. Капитализмнің жаһандық қайта құрылуы иммигранттардың еңбегіне үлкен сұранысты туындатады. Мигранттардың еңбегі қабылдаушы елдердің ұлттық экономикасында маңызды рөлге ие. Түркия үшін Бедиз Йылмаз көрсетіп отырғандай, бұл жұмыс жиі бейресми сипатқа ие. Соғыстан қашқан 3,6 миллион сириялық қазіргі уақытта Түркияда тұрады. Сириялық жұмысшыларды қанау кең таралған, түрік билігі бұған төзімділікпен қарайды. Йылмаздың «Босқындар – еріксіз жұмыс күші: Түркия жазбалары» мақаласында еріксіз жұмыс күшін қанау талқыланады. Біз халықаралық миграцияның уақыт және кеңістіктік шекаралар арқылы кеңеюін және жалғасуын бақылап отырмыз. Қазір көп мигранттар екі немесе одан көп қоғамда өмір сүре алады: өздерінің Отанында және қабылдаушы елдерде. Трансұлттық мигранттар ұлттық мемлекеттен тыс ортақ кеңістік немесе нышандық және ұжымдық ұғымдар қалыптастырады. Әртүрлілік – заманауи миграциялық қозғалыстардың негізгі аспектісі. Мигрант түрлерінің кең шоғыры бар: пана іздеген тұлғалар, босқындар, құжаттары жоқ мигранттар және еңбек мигранттары (оның ішінде зияткерлік немесе бизнес-элиталар, сонымен қатар үй шаруасындағы қызметкерлер).

 Заманауи миграциялық ағындар саяхаттау және коммуникациялық мүмкіндіктердің жақсаруына байланысты жаһандық маңызы бар құбылысқа айналды...

 Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар замандастың заманауи тәжірибесі туралы білуге, оны сезінуге мүмкіндік береді. Біз әділетсіздіктің, соғыс пен қудалаудың әлеуметтік салдарларын дәл көз алдымызда болып жатқандай бастан кеше аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдары әділетсіздіктің таралуына ғана емес, өмір сүру жағдайларын, миграция жолдары мен демократиялық құқықтарды жақсартуға да ықпал етеді.

 Атақты әлеуметтанушы Зигмунт Бауман айтқандай: «Байлық – жаһандық, кедейлік – жергілікті». Адамдардың қоныс аудару құқықтары және мүмкіндіктері ақшаға, азаматтыққа немесе жынысына байланысты. Біз, сөзсіз, бүкіл әлемдегі қозғалыстың жеңілдеуі мен оны герметикалық тоқтату арасындағы қосарлы динамиканы байқап отырмыз. Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасына дуал салу бойынша Дональд Трамптың агрессиялық саясаты мен Еуропа бекінісін құру және іске қосу танымал мысал бола алады. Біз бір мезгілде оңшыл қозғалыстар мен жаңа агрессиялық ұлтшылдық, сондай-ақ ынтымақтастық актілерін байқап отырмыз. Адам құқығына негізделген идеялардың жаһандық таралуы шектеу саясатына қарсы қозғалысқа алып келеді.

 Сара Шиллигер өзінің «Ынтымақтастық қалаларындағы шекараларды жою» материалында ынтымақтастық қалаларының концепциясы туралы айтады. Қаланың саяси кеңістігі қала өмірін демократияландыру алаңына айналды. Азаматтық концепциясы статус ретінде емес, тиістілік туралы келіссөздер мен құқықтарға қолжетімділікті қамтитын процесс ретінде қарастырылатын болады.

 Миграция туралы ойлар шекаралардың күтпеген жағдайлары, тиістілік және құқық критерийлері, сондай-ақ қазіргі заманғы тең емес және жаһанданған әлемде құқықтарды жүзеге асыру туралы ойлауды білдіреді. (352 сөз).

  http://globaldialogue.isa-sociology.org/wp-content/uploads/2019/12/v9i3-kazakh.pdf

 

 4-тапсырма. ЖЖ. Мәтінде кездескен тілдік құралдарды орынды пайдалана отырып, бір-бірінен интервью алуға дайындалады. Жұпта рөлдерін бөлісіп алады: «сұрақ қоюшы - жауап беруші»

 Интервью жазуға дайындық кезеңі:

 1.Тақырыпқа қатысты ақпарат жинау;

 2. Мақсатын анықтау;

 3.Сұрақтар тізімін жасау;

 4.Интервью алу.

Интервью алушы

Интервью беруші

Тақырыбы: Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция

Сұрақтары

Жауаптары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу