Қозғалыстағы миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.
1-тапсырма. «Тұжырым жаса»:
Ғылыми стильдің үш шағын стильге жіктелетінін білемін, олар:
-
-
-
Ғылыми стильдің жазбаша және ауызша түрлері болатынын білемін.
Ауызша түрлері:
Жазбаша түрлері:
2-тапсырма. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін есіңе түсір:
-тақырыпқа қатысты терминдердің кездесуі;
-жекеше түрде келіп көптік мағынаны беретін зат есімдер;
-етістіктің осы шағы;
-ырықсыз етіс тұлғасындағы баяндауыштар;
-толымды, жақты сөйлемдер қолданысы.
3-тапсырма. Ж/ЖЖ. «Қозғалыстағы миграция» тақырыбындағы мәтін мазмұнымен жеке таныс, жұбымен бірге талқыла.
Талдап оқу стратегиясы арқылы мәтіннің стилі мен жанрын, кімдерге арналғанын анықта;
Астын сызып немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілдік құралдарын ажырат.
Қозғалыстағы миграция
Карин Шершель, Рейн қолданбалы ғылымдар бас университеті, Германия
Жай айтқанда, миграцияның динамикасы және босқындық – әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси құқықтарды әділетсіз жаһандық бөлудің нәтижесі. Егер заманауи жаһанданған әлем шекаралар арқылы ұлттық мемлекеттерге бөлінбегенде, миграция туралы ойламас та, айтпас та едік. Заманауи әлемнің саяси тәртібін азаматтық пен территорияны таңдау туралы шешімді қабылдау құқығына үміткер ұлттық және ұлттықтан жоғары құрылымдар анықтайды. Миграциялық процестерді, атап айтқанда, пана іздеген босқындардың ағынын бақылау бойынша шектеу шаралары миграцияның ерекшелігіне айналды, тек екі танымал және кеңінен талқыланатын мысалды келтіретін болсақ – Еуропа және Құрама Штаттардың шекарасында орналасқан мемлекеттер.
Азаматтық – бір жағынан, заманауилықтың жетістігі, екінші жағынан, әлеуметтік теңсіздіктің ерекше тетігі және қозғаушы күші. Адамдар өмірдің қолайсыз жағдайларына байланысты оқу, жұмыс істеу және өмір сүрудің жақсы жағдайларын іздеу үшін шекарадан асулары керек. Дегенмен, миграция – бұрыннан келе жатқан құбылыс: адамдар адамзаттың тарихы басталғаннан бері қоныс аударып жүрген. Герда Хек өзінің «Еуропалық қиял және африкалық мобилдік болмысы» туралы ойларында бізге миграцияның ежелгі ұмыт болған тарихын еске салады. Африка құрылығы ХІХ-ХХ ғасырларда пана және/немесе жақсы өмір іздеген мыңдаған босқындар және экономикалық мигранттарға «пана» болды.
Қазіргі уақытта жаһандану – миграция және босқындықтың қозғаушы күші; осы қуатты күш кеңістіктік қашықтықтың ықпалын азайтты. Бүгінгі күні миграциялық процестер жүріп жатқан елдер мен адамдардың саны тарихтың бастапқы кезеңдеріне қарағанда, әлдеқайда көп. Иммиграция саласындағы бұрынғы және заманауи саясат миграциялық ағындарда маңызды рөлге ие. Капиталдың, тауарлардың, ақпараттың және адамдардың өсіп келе жатқан трансұлттық ағындары арасындағы байланыс – тағы бір аспект. Халықаралық миграциялық процесс бірнеше факторлардың өзара іс-қимылы негізінде жүзеге асады және көші-қонның негізгі үлгісін анықтау мүмкін емес. Миграциялық процесс экономикалық, саяси, мәдени немесе экологиялық факторлар негізінде орын алуы мүмкін. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі бойынша жоғары комиссары келесі бірнеше жыл ішінде климаттың өзгеруінен босқындардың үлкен қоныс аударуы болады деп болжайды. Сонымен қатар, жерді басып алу – көптеген қоныс аударудың негізгі себебі.
Миграцияны оқшауланған құбылыс ретінде қарастыруға болмайды; оны жоғарыда аталған факторлардың өзара байланысының өрмегі ретінде қарастырған жөн. Халықаралық миграция – адамдар бір елден екінші елге қоныс аударатын процесс емес; миграциялық процесс кеңістіктік және уақыт шегінен тысқары тұрақты құбылыс ретінде қарастырылуы тиіс. Карлос Сандовал өзінің
«Орталық америкалық керуен: XXI ғасырдағы жаппай көшу» еңбегінде осындай миграциялық қозғалыстардың әлеуметтік тұстары туралы ойын айтады. Керуенге әртүрлі факторлар түрткі болады: Гондурас немесе Сальвадордан адамдардың топтасып көшуіне кедейлік деңгейі, электр қуаты бағасының өсуі, табиғи ресурстар – газ және бензин түрткі болады. Адамдар топтасып қоныс аударады және бірге шекаралардан асады. Керуен адамдарды ұрлау немесе бопсалаушылық сияқты зорлық-зомбылықтан қорғап қана қоймай, сонымен қатар миграцияның ұжымдық тұстарын көрсетеді. (387 сөз).
http://globaldialogue.isa-sociology.org/wp-content/uploads/2019/12/v9i3-kazakh.pdf
4-тапсырма. Мәтінде кездескен тілдік құралдарға сүйеніп және өмірмен байланыстыра отырып, төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап мақала жаз.
Ұсынылатын тақырыптар:
«Интеллектуалды миграция»
«Миграциялық қозғалыстардың әлеуметтік тұстары»
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?