Қозғалыстағы миграция. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.
ҒЫЛЫМИ МӘТІННІҢ КОММУНИКАТИВТІК АСПЕКТІСІ
Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән беріледі. Мұның өзі ғылыми мәтіннің мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.
Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсету үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады.
Ал ғылыми-көпшілік мәтіндер, ғылыми мәтіндерге қарағанда қатаң дәлелдеуді талап етпейді. Онда «идея» деңгейінде түсіндіру, қарапайымдылық рұқсат етіледі. Егер ғылыми мәтінде толыққанды дәлел қажет етілсе, ғылыми-көпшілік мәтінде материалдың түсінікті етіп берілуі жеткілікті болады. Ғылыми мәтіннің тақырыптық аясы шексіз болса, ғылыми-көпшілік мәтін тек оқырманға қажетті, көпшілікті қызықтыра алатын көкейкесті тақырыптарды қарастырады.
Ғылыми мәтін түрлі авторлармен жасалады, әр түрлі мәселелерге арналады және ғылыми танымның түрлі деңгейінде көрініс табады. Ол тілдік жүйенің белгілі бір лексикалық және лексика-грамматикалық бірліктерінің жиынтығы. Кез-келген әдеби шығарма тәрізді ғылыми мәтін де оқырман үшін жазылады, сондықтан оқушы қауымның нәтижелі білім алуы - оның негізгі мақсаты. Мәтін үзіктерінің синтаксистік жағынан ұйымдасуы оның коммуникативтік мақсат-мүддесіне астарлас келіп, семантикалық-синтаксистік ұйымдасқан тұтас мәтін ретінде көрінуіне қызмет атқарады.
Қорыта келгенде, ғылым мазмұнының негізі – оқырман сезіміне емес, миға әсер ету және де ақпаратты нақты объект бейнесінде жеткізу. Бұған қарап ғылыми мәтіннің ғылыми қарым-қатынас аясындағы негізгі тілдік өнім екенін көреміз. Мәтінді тек автор туғызбайды, мәтін автормен адресаттың тілдік ойлауының өзара әрекеті. Сондықтан да, кез-келген мәтін коммуникацияның нәтижесі, әрі коммуникациялық бірлік болып табылады.
http://oldconf.neasmo.org.ua/node/2519
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?