Шешендік сөздер. Шығармашылық жұмыс. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 7 сабақ. 1 нұсқа.


Шешендік сөздер. Шығармашылық жұмыс

11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Қызығушылықты ояту

С/Т «Болжау» әдісі бойынша өтілетін тақырыпты оқушы болжау арқылы анықтап, суреттегі шешендік сөздің мағынасын ашады

Топқа бөлу

4 топ оқушылары шешендіктің туын тіккен данагөйлердің аттары арқылы топқа бөлінеді, ол адамдар туралы ақпараттарды ортаға салады.

1-топ: Төле би

2-топ: Қазыбек би

3-топ: Әйтеке би

4-топ: Жиренше шешен

1-топ: Төле би

2-топ: Қазыбек би

3-топ: Әйтеке би

4-топ: Жиренше шешен

Жазылым алды тапсырмасы

Берілген нақыл сөздердің мағынасын ашып, көркемдегіш құралдарды анықтаңыз.

1.Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді (Төле би)

2.Құт берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат (Қазыбек би)

3.Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нәрсені айту ғана емес, қажеті жоқ нәрсені айтпау (Әйтеке би)

4.Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім (Жиренше шешен)

1-топ: Төле бидің әңгімесіндегі ақпараттарды өңдеп қолданып, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, Төле бидің атынан сөз көлемі 150-170 сөзден тұратын естелік жазыңыз.

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселені өңдеп қолданады;

2.Кемінде 2 теңеу, 1 мақал-мәтел, 2 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды қолданады;

3.Сөз санын сақтайды

2-топ: Қазыбек бидің әңгімесіндегі ақпараттарды өңдеп қолданыңыз, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, сөз көлемі 150-170 сөзден тұратын әңгіме құрастырыңыз

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды өңдеп қолданады;

2. Композициялық құрылымын, сюжетін қызықты етіп құрастырады;

3.Кемінде 1 теңеу, 1 мақал-мәтел,1 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды жұмсайды.

3-топ: «Буриме» әдісімен Әйтеке бидің толғауындағы ақпараттарды перифразалап, көркемдегіш құралды орынды пайдаланып, өлеңдегі тақырыптан ауытқымай өлең құрастырып жазыңыз.

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды перифразалап қолданады;

2.Кемінде 1 теңеу, 1 мақал-мәтел,1 эпитет орынды жұмсайды.

3. Ұсынылған үлгі негізінде тақырыптан ауытқымай өлең құрастырып жазады.

4-топ: Жиренше шешен әңгімесіндегі негізгі ақпараттарды өңдеп қолданып, көркемдегіш құралды пайдаланып, қарапайым жоспар бойынша шығарма жазады.

Жоспар

1.Жиренше шешеннің әңгімелерінің басты тақырыбы

2. Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген – өтірік

3.Мәтін ішінде кездескен кейіпкерлерге сипаттама

4. Қорытынды ой

Бағалау дескрипторы:

1.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды өңдеп қолданады;

2. Кемінде 2 теңеу, 1 мақал-мәтел, 2 эпитет, 1 метонимияны, 1 метафораны орынды жұмсайды.

3. Ұсынылған жоспар негізінде тақырыптан ауытқымай, шығарма құрастырып жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Келісемін, келіспеймін» стратегиясы

1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жатады

2. Шешендік сөздер - жазба әдебиетінің мұрасы.

3. Шешендік сөздер ХІХ ғасырда пайда болды. 

4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты болған.

Рефлексия

«БЛУМ кубигі»

Үйге тапсырма

«Шешендік сөз - өнер падишасы» тақырыбында 1 минуттық ауызша мәтінге дайындалып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу