Жаңалықтар әлемінде. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 3-тоқсан, 7 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 (L1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

5-тарау. Білім. Ғылым. Инновация

Сабақ тақырыбы

Жаңалықтар әлемінде

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10. ӘТН3. Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаттары

Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады

Бағалау критерийлері

Мәтін тілінің сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін зерттейді, талдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбекқорлық, қазақстандық патриотизм және жалпыадамзаттық жауапкершілік

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Оқушыларды қарсы алу

Қызығушылықты ояту

  • « Сіз білесіз бе, ... » әдісі

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, сөйлемді « Сіз білесіз бе, ... » деп бастап өткен күні (апта) өз өмірінде болған елеулі оқиғамен (жаңалық) бөліседі. Мұғалім бақылайды, қажет жағдайда жекеленген оқушыларға қарым-қатынысқа түсу үшін сұрақтар қояды.

  • Тұрған шеңберлерінде ұқсас жаңалықтар бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
  • Сабақтың мақсаты, бағалау критерийі бойынша жұмыс жасалады.

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма: «Қонақ болу» Мәтінді оқып, тірек сөздер, сөз тіркестері, сөйлемді анықтаңыздар, жаңалықты өзге топ мүшелеріне қысқаша әрі түсінікті айтып беруге дайындалыңыздар.

2-тапсырма:мәтіндерінің тілін (лексика-грамматикалық қолданысы мен сөйлемдегі қызметін) зерттеп, талдау жасаңыздар.

Бірінші топ: Мәтіндегі жалқы есімдер; Қысқарған сөздер;

Екінші топ: Шылаулар; Бірыңғай сөйлем мүшелері: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері:

Үшінші топ: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері;Төл сөздер мен төлеу сөздер; Терминдер

Төртінші топ: Тірек сөздер: Тұрақты тіркестер;

Бесінші топ: Ауыспалы мағынадағы сөздер; Құрмалас сөйлем түрлері

Бағалау критерийі: мәтін тілінің сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін зерттейді, талдайды.

Бағалау: Топтар критерийге сәйкес бір-бірін бағалайды:

1 2 3 4 1

Білгенге маржан!

Пультті кім ойлап тапқан?

Пультті қазақ ойлап тапқанДемалыс сәтінде рахаттанып жатып, көгілдір экраннан жақсы бір хабар, кино, концерт көргіңіз келетіні ақиқат.Кәдімгі теледидардың пультін қолға ұстап жатып, бұл затты алғаш кім ойлап тапты екен деп ойлана қоймайсыз.Ал енді сол пультті алғаш қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков ойлап тапты дегенге сенесіз бе? Кәдімгі Қазақстан Туының авторы – Шәкен Ниязбеков! Ол өткен ғасырдың 60- жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысымен жұртты таң қалдырған екен.1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында ленинградтық студент Ш.Ниязбеков бас жүлдеге ие болады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылады. Бірақ осы дүниесі қолды болып, суық қолды ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылады. Жапонияның жансызы әшкере болады.Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлейді. Ендеше, пультті қазақ ойлап тапқан деп мақтанышпен айтуға болады.

Кері байланыс «ПОПС» Мен бүгінгі сабақтан қандай ой түйдім? (жазбаша)

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар сабақ бойынша маңызды ақпаратты саралайды, өз іс-әрекеттеріне сыни көзқараспен баға береді.

Үйге тапсырма: «Қазақстандағы ғылым жетістігі қандай деңгейде?» тақырыбында айтылым (ерікті)

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

2011 жылдың ең ұлы ғылыми ашылымдары

1-топ:  ЖҚТҚ (СПИД) қарсы дәрі-дәрмек. Әлемдегі ең атақты басылымның сарапшылары «Жылдық топ жару» байқауында, бірінші орынды антиретровирус дәрі-дәрмектерін сынап көруде табысқа жетті, бұл дәрі-дәрмектер АҚТҚ-ны жұқтырған адамдардың өмірін 41% ұзартып, бұл дертке қатысы жоқтардың жұқтыру қаупін  96% азайтқандығымен ерекшеленді. Тәжірибелер Солтүстік Каролиндегі солтүстікамерикалық ғалымдар арқасында жүзеге асырылды.

2-топ: Астероидтан топырақ. Жапондық өндірістің « Hayabusa» атты ғарыштық қондырғысы арқылы астероидтың топырағы алынды. «Hayabusa» құрылғысы Итовака астероидына 6 жыл бұрын жіберіліп, 2011 жылдың жазында қайтып оралды. Астероидттың элементтері арнайы контейнерлерде әкелінді.

3-топ«Қартаю жасушаларының» ашылымы. Осы ашылым арқылы болашақта балғындық элексирін алуға болады. Бүгінгі таңда осы саладағы тәжірибелер тышқандармен жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша жекелеген жасушалардың қартаюы бәсеңдеді, бірақ олардың өмір сүру ұзақтылығы сол қалпында қалды.

4-топӘлемдегі ең көне газдың анықталуы. Зерттеушілер «Апатты дүмпу» деп аталатын мифтік жарылыстан кейін, бірнеше миллиард жыл өзгеріске ұшырамаған химиялық қоспасы бар әлемдегі ең көне газды ашты. Сирек газдың концентрациясын солтүстікамерикалық зерттеушілер Гаваядағы Кек обсерваториясының телескопы арқылы тапты. Газ бен Жердің арақашықтығы 11 млрд. жарық жылына тең.

5-топПланеталардың «еркін» жүйелерінің ашылымы. Бізге мүлде ұқсамайтын, планеталар жүйесінің ашылымы. Ғалымдар ешқандай жұлдызға байланбаған, кеңістікте шалқып жүрген газ алыптарын анықтады. Басқаша айтқанда, ғарышта еркін траекториясы бар алғашқы планеталар.

Басқа да ғылыми жетістіктер қатарына ғалымдар малярияға қарсы жаңа вакцина; адамдық ішек-қарнында жүретін бактериялардың сараптамасы; бүгінгі таңдағы адамның ДНҚ ғасырлық геномі; өсімдіктер арасында,фотосинтез үдерісін жүзеге асыратын ақуыздың құрылысын жатқызады.

http://lenta.inform.kz/kz/5-zheltoksan-kazakparat-kuntizbesi-atauly-kunder-okigalar-esimder_a3092875

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу