Жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдары. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.


1-тапсырма. Сұрақтың жауабын кластер сызбасы арқылы көрсетіңдер.

Жаһандық сын-қатерлерді шешудің қандай жолдары бар?

Оны шешудің жолдарын көрсететін кластер сызыңдар.

2-тапсырма. Мәтінді ден қойып тыңда.

Жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдары

12-13 қарашада Назарбаев орталығында «Үлкен Еуразияға апарар жол: ортақ болашақты қалай құрамыз?» деген тақырыпта Astana Club-тың төртінші отырысы өтті. Басқосуға әлемнің 30 елінен 50-ге жуық спикерлер қатысты. Олардың арасында экс-президенттер мен экс-премьер-министрлер, бұрынғы сыртқы істер министрлері, Нобель сыйлығының лауреаттары, геосаясат жөніндегі әлемдік бестселлердің авторлары және халықаралық қатынастар, геосаясат пен экономика бойынша сарапшылар болды. Екінші күні алқалы жиынға қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа замандағы жаһандық қауіп-қатерлерді ашық айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Елбасы әлемдегі негізгі төрт қуатты құрылымды Астанада келіссөздер үстеліне отыруға шақырды.

Мұхаммед Эль-Барадей, Мысырдың экс-президенті, Нобель сыйлығының бейбітшілік бойынша лауреаты:

– Ядролық қаруды сатып алуға тыйым салатын шартқа әлемнің 122 мемлекеті қол қойды. Бұл шарт ядролық державаларға атом қаруынан бас тартуға шақырады. Қазіргі кезде көптеген ұлттар мен халықтар осы тұжырымдаманы бірауыздан қолдап, атомнан бас тартуда. Алайда АҚШ, Ұлыбритания және Франция бұл тұжырымдамаға қосылудан бас тартты. Атом қаруын таратпау туралы шартқа сәйкес, атом клубының 5 мүшесі тек келіссөздер жүргізіп қана қоймай, адамзат үшін аса маңызды мәселені халықаралық сотта қарауға құқылы. Өкініштісі сол, шартқа қол қойылғанына 50 жыл өткенде ядролық клубтың мүшелері жан-жаққа қашып жатыр. Олар өз ұстанымы мен көзқарасын қалыптастырғысы келеді. Алайда ең қорқыныштысы, жер бетінде атом қаруын жаратын болсақ, бәріміз орта ғасырларға немесе одан да ерте дәуірге кері шегінеміз. Ондай апаттың салдарын ешкім тап басып айта алмайды. Сондықтан жаһандық қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын дайындап, оған әлемдегі ядролық қаруы бар мемлекеттер де қосылуы тиіс. Біз қауіпсіз, бейбіт ғаламшарда өмір сүруге құқылымыз.

Дэн Смит, Әлем проблемаларын зерттеу бойынша Стокгольм халықаралық институтының директоры:

– Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған елдер де үлкен қауіптің үстінде отыр. Өйткені ақпараттық технологиялар қарқынды дамуда. Мұндай үрдіс қару-жарақтар жүйесін автономдауға мүмкіндік берді. Мынаны қараңыз: қазір қарудың өзі нысанасын таңдап, атыла ма, әлде, атылмай ма, оны да өзі анықтай алады. Ақылға сыймайтын нәрсе деуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл – ақиқат. Жүргізушіні қажет етпейтін көліктер көшеде жүйткіп жүр. Адамзат баласы әскери технологиялардың жаңа секторына, қаруланудың жаңа үрдісіне алаңдайтын күн туды. Астанадағы басқосуда осындай мәселелер ашық айтылды.

http://www.astana-akshamy.kz/zhahandyq-syn-qaterlerdi-sheshu-zholdary/

3-тапсырма.

Сұқбат берушілердің сөздеріне назар аударып, қандай ғаламдық мәселелерді көтеріп отырғанын талқылаңдар. Осы жиыннан кейін жаһандық қауіп-қатерге байланысты мәселелер қаншалықты шешімін табады деп ойлайсыңдар?

4-тапсырма. Мәселелердің маңыздылығын «Бір тезис, үш дәлел» әдісіне сүйеніп дәлелдеңдер.

тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу