ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ. 1 нұсқа.


1-тапсырма.

ЖЖ.

ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелерді атаңдар.

Жаһандық сын-қатерлер тізбесін жасаңдар.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2-тапсырма.

Ж. Мәтінді ден қойып тыңда. Стиліне, бағытталған аудиториясы мен тілдік ерекшеліктеріне назар аудар.

Халықаралық қауымдастық тағдыршешті кезеңде тұр

Жанат Байжомартұлы, әр дәуірде жалпы адамзатқа тән ғаламдық мәселелер болған ғой. Ал қазіргі таңдағы жаһандық мәселелер қалай көрініс табуда? Адамзат алдында тұрған қандай жаһандық сын-қатерлерді саралап айтар едіңіз?

– Жаһандық мәселелер жеке адамның өмірін айналып өте алмайды. Жекелеген адамның өмірінде кездесетін күрделі мәселелер қоғамдық, мемлекеттік және жаһандық деңгейлерде қордаланып, жиналып, үлкен жаһандық сын-қатерлерге ұласады. Біз өмір сүріп отырған ғасырды адам санасын шатастыратын күрделілігі мен маңыздылығы жөнінен алғанда, күллі адамзаттың даму тарихының қорытындысы ретінде қарастыруға болады. Шынында, әр дәуірде де жалпы адамзатқа тән ғаламдық мәселелер болған. Бірақ, ХХІ ғасырдағы адамзаттың күрделі жаһандық мәселелері қордаланып, шешімін таппай келеді. Жаһандық мәселелерге техногендік, яғни адамның ұқыпсыздығы мен үнемсіздігінің нәтижесінде пайда болған сын-қатерлерді және жер бетіндегі адам санының өсуі сияқты жаңадан туындаған табиғи сипаттағы өзгерістерді жатқызуға болады. Мысалы, жер шары қызуының артуы, ауа райының мың құбылып, тұрақсыздануы, Солтүстіктегі айсбергтердің еруі, Арал теңізінің сарқылуы, өзендердің тартылуы, озон қабатының желінуі, топырақтың көшуі, теңіз суларының булануы, жер сілкінісі мен дауыл сияқты табиғи апаттардың жиілеуі, т.б. Бұл мәселелер күллі адамзатқа ортақ болғандықтан, «жаһандық сын-қатерлер» (global issues or global challenges) деп аталады.

– Жаһандық сын-қатерлерді зерттеумен шұғылданатын ғалымдар бұл турасында не дейді? Ғылым тағы қандай мәселелерді жаһандық сын-қатерлерге жатқызуда?

– Жалпы, адамзатқа тән жаһандық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылымның саласын глобалистика, яғни «жаһантану» деп атайды. Бұл саланың жаңа өкілдерінің бірі Жан Франсуа Ришар («High Noon: 20 Global Problems, 20 Years to Solve Them») өзінің «20 жаһандық мәселені шешуге арналған 20 жыл» атты соңғы еңбегінде кең ауқымды да күрделі мәселелерді шешу үшін адамзаттың аз күш-жігер жұмсайтынын жазады. Мен өзім зерттеген Ж.Ф.Ришардың ойынша, қазір халықаралық қауымдастық өте маңызды да тағдыршешті кезеңде тұр. Ғалымның ойынша, адамзат дамыған технология мен экономиканың арқасында өзінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуге қажетті барлық мүмкіндіктерге ие болып отыр. ХХІ ғасырдың бірінші жартысы жер шарының келешегін айқындайтын болады. Адамзаттың бұл мәселелерді шешуге қабілетті болуына қарамастан, қолда бар құралдар мен тәсілдер қауқарсыз болып отыр. Біздің дәстүрлі институттарымыз бен маманданған ұйымдарымыз әлемдік қауымдастық бетпе-бет келіп отырған маңызды мәселелерді шешуге қабілетсіз болып шықты. Мәселені дұрыс шешу үшін мемлекеттік институттар, жеке компаниялар мен азаматтық қоғам арасында күшті ынтымақтастық болуы қажет.

https://egemen.kz/article/adamzat-zhahandyk-kanday-zhana-syn-katerlermen-betpe-bet-kelip-otyr

3-тапсырма.

Т. Мәтінді кестеге сай талдаңдар.

Сұқбаттың бағытталған аудиториясын анықта.

Мәтіндегі терминдер мен ұғымдардың, тілдік оралымдардың қай стильге тән тілдік ерекшелік екенін анықта.

Автордың мәтінде көтерілген мәселеге қатысты ойы байқала ма?

Автор тақырыпты талқылай ала ма?

Айтылған ойына оқырманын сендіре ала ма?

4-тапсырма.

Ж. Сіз 9-сынып оқушыларының алдында жаһандық мәселелердің туындау себептерін талқылауыңыз керек. Сөйлейтін сөзіңіздің қысқаша мәтінін жазыңыз, тақырыпқа қатысты тілдік оралымдарды, терминдерді қолданыңыз.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Бағалау.

4. Дескриптор

- жаһандық сын-қатерлерді тізеді;

- мәтінді тыңдайды;

- тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтайды;

- автор ойына талдау жасайды;

- коммуникативтік жағдаятқа сай мәтін құрастырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу