ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 3 сабақ. 1 нұсқа.


БӨЛІМ: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелер

Сабақ мақсаты: Сұқбат мәтініндегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау және коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу.

Бағалау критерийлері:

сұқбат мәтінінен мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады;

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, ойын дұрыс жеткізеді.

ЖЖ. Тыңдалым алдындағы тапсырма

ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелерді атаңдар.

Жаһандық сын-қатерлер тізбесін жасаңдар.

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді ден қойып тыңда:

«Халықаралық қауымдастық тағдыршешті кезеңде тұр».

 

Т. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма.

.

ЖЖ. 2-тапсырма.

Сіз 9-сынып оқушыларының алдында жаһандық мәселелердің туындау себептерін талқылауыңыз керек. Сөйлейтін сөзіңіздің қысқаша мәтінін жазыңыз, тақырыпқа қатысты тілдік оралымдарды, терминдерді қолданыңыз.

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз және оның қолдану себебін түсіндіріңіз.

1. Мәтінде ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар ма?. Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы береді?

2. Ғылыми тілге тән халықаралықсипаттағы терминдер, шет тілдік терминдер, ғылыми терминдерді мәтіннен байқауға болады ма? Мысал келтір.

3. Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері қолданылған ба? Онда қандай тілдік қолданыстарды байқадыңыз?

4. Мәтін қай ғылым саласына қатысты ? Оны қандай тілдік қолданыстар арқылы дәлелдей аласыз?

5. Еңбекте басқа да стиль элементтері кездеседі ме? Мысал келтіріп, дәлелдеңіз.

6. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? Ойыңызды қорытындылаңыз.

Дескриптор

- жаһандық сын-қатерлерді тізеді;

- мәтінді тыңдайды;

- тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтайды;

- автор ойына талдау жасайды;

- коммуникативтік жағдаятқа сай мәтін құрастырады.

Рефлексия «Сэндвич» тәсілі

Жағымды пікір: Не ұнады?

Сындарлы пікір: Нені жақсарту керек?

Болашаққа ұсыныс: Оң көзқарас білдіре отырып, болашаққа ұсыныс білдіру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу