ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 1 нұсқа.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 10 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелер |
Грамматикалық материал | Сөз қолданысындағы ерекшеліктер және стиль. Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. |
Сабақ мақсаты | Сұқбат мәтініндегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау және коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды іріктей алады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: жаһандық сын-қатерлер, ғаламдық мәселелер, глобалистика, жаһантану т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «жаһандық сын-қатерлер» мәселесіне қатысты көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс | География, физика, химия, биология |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан Арал теңізінің тартылуы, жаһандық жылыну туралы түсінігі бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурс тар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-3
4-8 | Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу. 1.Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару. Жаһандық жылыну тақырыбына қатысты суреттер көрсетіліп, болжам жасалады. 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады. | МД слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 9-11 12-15 16-23 24-28 29-33
34-37 | 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. ЖЖ. Тыңдалым алдындағы тапсырма ХХІ ғасырдағы жаһандық мәселелерді атаңдар. Жаһандық сын-қатерлер тізбесін жасаңдар.
С. Тыңдалым тапсырмасы Мәтінді ден қойып тыңда: «Халықаралық қауымдастық тағдыршешті кезеңде тұр». Т. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 1-тапсырма.
Топтар бір-бірінің жауабын бағалайды, өзара кері байланыс береді. ЖЖ. 2-тапсырма. Сіз 9-сынып оқушыларының алдында жаһандық мәселелердің туындау себептерін талқылауыңыз керек. Сөйлейтін сөзіңіздің қысқаша мәтінін жазыңыз, тақырыпқа қатысты тілдік оралымдарды, терминдерді қолданыңыз. Бағалау. 4. Дескриптор - жаһандық сын-қатерлерді тізеді; - мәтінді тыңдайды; - тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтайды; - автор ойына талдау жасайды; - коммуникативтік жағдаятқа сай мәтін құрастырады. .5. Оқушы сөйлейтін сөзінің мәтінін сынып алдында оқиды. Оқушылар мен мұғалім кері байланыс береді. Қабілеті жоғары оқушылар сұқбат мәтініндегі ақпараттарды талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар мазмұнын баяндаумен шектеледі. | ||||||||||||
Сабақтың аяғы 38-40 | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. 6. Рефлексия «Сэндвич» тәсілі Жағымды пікір: Не ұнады? Сындарлы пікір: Нені жақсарту керек? Болашаққа ұсыныс: Оң көзқарас білдіре отырып, болашаққа ұсыныс білдіру. Сабақты қорытындылау. | слайд | |||||||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды