Жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдары. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма

Мектеп:

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдары

Грамматикалық материал

Сөз қолданысындағы ерекшеліктер және стиль. Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Сабақ мақсаты

Сұқбат мәтініндегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау және коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу.

Бағалау критерийлері

  • сұқбат мәтінінен мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдай алады;
  • коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, ойын дұрыс жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды іріктей алады.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: жаһандық сын-қатерлер, ғаламдық мәселелер, глобалистика, жаһандық қауіпсіздік т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «жаһандық сын-қатерлер» мәселесіне қатысты көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

География, физика, химия, биология

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан Арал теңізінің тартылуы, жаһандық жылыну туралы түсінігі бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-3

4-8

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1.Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

Жаһандық жылыну тақырыбына қатысты суреттер көрсетіліп, болжам жасалады.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

9-13

14-16

17-21

22-26

27-37

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Тыңдалым алдындағы тапсырма

Жаһандық сын-қатерлерді шешудің қандай жолдары бар?

Оны шешудің жолдарын көрсететін кластер сызыңдар.

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді ден қойып тыңда: Жаһандық сын-қатерлерді шешу жолдары

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Т. 1-тапсырма. Сұқбат берушілердің сөздеріне назар аударып, қандай ғаламдық мәселелерді көтеріп отырғанын талқылаңдар. Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдаңдар. Осы жиыннан кейін жаһандық қауіп-қатерге байланысты мәселелер қаншалықты шешімін табады деп ойлайсыңдар?

ЖЖ. 2-тапсырма.

Мәселелердің маңыздылығын «Бір тезис, үш дәлел» әдісіне сүйеніп дәлелдеңдер.

тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел

Топтар/жұптар бір-бірінің жауабын бағалайды, өзара кері байланыс береді.

Бағалау.

4. Дескриптор

- кластер сызады;

- мәтінді тыңдайды;

- сұқбат берушілердің пікірлерін талқылайды;

- терминдер мен тілдік оралымдарды талдайды;

- мәселелердің маңыздылығын дәлелдейді.

5.Қабілеті жоғары оқушылар сұқбат мәтініндегі ақпараттарды талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар мазмұнын баяндаумен шектеледі.

Сабақтың аяғы

38-40

6. Рефлексия

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Оқу мақсатына жеттіңіз бе?

Оқу мақсатына жетуде сізге не көмектесті?

Оқу мақсатына жетуде бағалау критерийі көмектесті ме?

Қай тапсырманы орындауда қиындықтар туды? Неге?

Сабақты қорытындылау.

слайд

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу