Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма. . Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма

Сөз қолданысындағы ерекшеліктер және стиль. Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма.

(2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

 Сабақтың мақсаттары

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Оқылым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу.

 Бағалау критерийі

  • мәтіндерді салыстырады, талдайды.
  • мәтіндерді конспектілейді;
  • негізгі ақпараттарды іріктейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жаһандану, тілдік мәселелер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Отбасылық құндылықтарды дарыту, еліміздің демографиясы туралы мәліметтерді білу.

Пәнаралық байланыс

Экономика пәні

Бастапқы білім

9 сыныпта алған білімдері мен білік, дағдыларын қолданады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

«Түсін мені» ойыны

Бірінші топтың оқушылары екінші топқа тақырыпқа қатысты кез келген бір сөздің анықтамасын айтады, келесі оқушылар оны табуы қажет. Сөзді таппаса бірінші топ қайта жасырады, тапқан жағдайда оқушылар рөлдерімен ауысады. Осылай ойын жалғасады.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Оқушыларға қазақ зиялыларының тіл туралы қанатты сөздері ұсынылады.

Оқылымалды тапсырма

1.Берілген стильдердің ерекшеліктерін анықтаңыз.

2.Ұқсастықтары бар ма?

Публицистикалық стиль

Көркем әдебиет стилі

Оқылым тапсырмасы

Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңыз.

Тақырыбы

Мақсаты

Аудиториясы

Құрылымы

Тілдік ерекшеліктері

1-мәтін

Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.

Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.

Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде.

2-мәтін

Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ат жақты, қапсағай сары жігітті құшағына қысты. Одан соң омырау, жеңдері ашық, шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақсары, ажарлы келіншекті шіміркеніңкіреп, маңдайынан сүйген болды.

-Әлгі жаман қайда? Әкеліп пе едіңдер?

-Әкелдік қой. Әй, Жеңіс қайда? Жеңіс!

-Жеңіс!

Жаюлы сөреден құрт алып үлгірген аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала табалдырықты кесіп тұра қалды.

-Бар, бар, атаңа бар.

Шал өзіне зорға келген немересін бауырына басып, бетінен сүйді. «Ой, тентек, атаны сағынбайсың-ау», – деп жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.

-Кел, келе ғой, әй, – деді есік жақтан көрші кемпірлердің бірі қолын созып. – Шалдың баласысың ғой, кел.

Қитар ұл енді ешкімге бармады. Тіпті шақырған Ерекеңнің өзіне де жолаған жоқ.

-Келсеңші, ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді, Сапабекжан? – деп әлгі кемпір қапсағай сары жігітке қарады.

Сапабек алдына келген баланың қысқа кекіліне қолын тигізіп:

-Ептеп түсінеді, – деді.

-Қой, қазақша үйретіңдер.

-Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған кінә жоқ, – деп Сапабек қазақша білмейтініне риза болғандай күлімсіреп, ақ сары келіншегіне қарады. – Тома, мынаның бет-аузы кір, жуындыршы, – деді орысшалап.

Көп ұзамай ауыл қонақтары да жиналып қалды. Ерекең сыртқа шығып, қой-ешкілерін жинап, бір семіз тоқтысын ұстап, бауыздап, «қолыңның қаруы бар ғой» деп кепкесін теріс киген бір жігітке терісін іреттіртіп, мүше-мүшеге бөлдіріп, қалғандарын қатындарға тапсырып, үйге кіргенде бағанағыдай емес, әңгіме қыза түсіпті. Көрші ауылдан шалдар келген. Сөйлеп отырған Сапабек.

-Жалпы геология халық тіршілігінің ең басты қажеттілігіне айналды, – деді ол «мұны тыңдап алыңдар, бұл өте қажет жері» деп балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып. – Мынау тұрған жердің асты – тұнған байлық. Біздің Қазақстанда өте сирек кездесетін элементтер бар. Асыл тастар қаншама! Меруерт, маржан, інжу, жақұт, гауһар – не керек, бәрі бар. Гранитке байланысты пайда болатын мөлдір, қызыл, көк түсті слюда, ашық кызыл микроклин, мөлдір көк флюорит, қою жасыл турмалин, қан қызыл граниттердің өзі неге тұрады. Бұл жөнінен бар ғой, бұл жөнінен біздің Қазақстан бүкіл дүние жүзіне әйгілі.

Оқушыларға жинақы мәтін туралы ақпарат айтылады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Мәтін мазмұнын сақтап, сөздерді синонимдермен алмастыра отырып, 1-мәтінді түртіп алу әдісін қолдана отырып жинақтаңыз. Автордың негізгі ойын сақтап жазыңыз.

Дескрипторлар

  • Стильдердің ерекшелігін ажыратады.
  • Ұқсастығын табады.
  • Мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін салыстырады.
  • Тілдік ерекшелігін, құрылымын салыстыра отырып талдайды.
  • 1-мәтінді конспектілеп қайта жазады.
  • Түртіп алу әдісін қолданады.

http://www.sarap.kz/index.php/ru/rubikon/113-2013-05-22-05-12-28.html

Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер

https://qamba.info/site/book/online/tolen-abdikv-qnaqtar/content/toc.ncx/

Төлен Әбдіков. Қонақтар

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Сұрақтар салоны»

Мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс арқылы сабақтың рефлексиясын жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу