Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жанаева Г.Ш.

Сынып:10

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі

Сабақтың мақсаты

10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу;

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

Бағалау критерийлері

 

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазады;

Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Синонимдер, сөздердің тура мағынасы, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем

 Құндылықтар

Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу

 Пәнаралық байланыс

Экономика

Осыған дейін меңгерілген білім

-

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Оқушылар 1 минут ішінде тақырып бойынша жасырылған сөздерді анықтайды. Елімізде осы сөздерге қатысты қандай мәселердің орын алып жатқандығына байланысты ой-пікір білдіреді.

a.

Сауда, аукцион, сыртқы, биржа, патент, тауар, мемлекет, үлес, әлемдік, айналым, нарық, келісім.

b.

Ішкі, айырбас, лицензия, көтерме, баға, халықаралық, экономика, ұйым, ел, пайда, пайыз, бизнес.

* Өзін-өзі бағалау (мен қанша сөз таптым?).

Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Мұғалім құрастыруы

Сабақтың ортасы

7 мин

5 мин

15 мин

5 мин

Жазылымалды тапсырмасы

Оқушылар https://syrboyi.kz/ сайтынан алынған «Экономикалық интеграция мемлекетті нығайтады» тақырыбында мақалаларды оқиды, талқылайды.

«Түртіп алу» стратегиясы

Оқушылар ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді іріктейді, түсіндіреді.

  • Қазақстан үшін Еуразиялық Одақтың пайдасы мен қауіптері қандай? ЖЖ/Т. Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Жазылым тапсырмасы

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, көпшілікке арналған стильде сұхбат-диалог жазады.

*Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктері

*Экономикалық интеграция: пайым мен бағдар

Оқушыға нұсқаулық

Сұхбат – гуманитарлық ғылымдар саласында көп қолданылатын әдістердің бірі. Мысалы экономикалық тақырыптағы сұхбатты – экономист, әлеуметтік мәселені – әлеуметтанушы, психологиялық зерттеу сұхбатын – психолог, тарихи тақырыптағы сұхбатты – кәсіби тарихшы ж.б. жүргізеді, яғни оқушылар өз рөлдерін анықтайды.

Әр оқушы корреспондент ретінде стратегиялық құралдарды даярлайды.

*Сұхбат мақсатын анықтап, жоспар құрады;

*Сұрақтар тізімін құру. Әр оқушы таңдаған тақырыбы бойынша ойды өрбітетін ашық сұрақтар құрастырады;

*Респондентті анықтайды;

*Сұхбат жүргізілетін орынды, уақытты белгілейді;

*Тақырып аясында ғылыми теориялық білімін тереңдетеді, ғылыми терминдерді анықтайды;

*Сұхбат процесіндегі үш фаза, яғни кіріспе, негізгі кезең, аяқталу кезеңін сақтайды.  

Дескриптор:

Мәтіннен ғылыми терминдерді анықтап, сөйлемді дұрыс құрастырады;

Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, сұхбат-диалог жазады;

Сұхбат құрылымын сақтайды;

Тақырып аясындағы терминдерді түрлендіріп, сауатты қолданады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Шеңбер бойымен» әдісі

Бағалау. Жұмыстарын шеңбер бойымен жылжыта отырып, дескриптор бойынша бағалап шығады. Ұсыныстарын білдіреді.

Кері байланыс.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушы жұмыстарының жақсы және жетілдіру тұстарын жазып жүреді. Әр оқушыға жеке тоқталып кері байланыс береді.

https://syrboyi.kz/akparat/2846-ekonomikaly-integraciya-memlekett-nyaytady.html

http://www.iref.kz/s-hbat-zh-rgizudi-tehnologiyasyi-men-disteri/

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия

«Блоб ағашы» әдісі.

Өзіңіздің қай жерде тұрғаныңызды көрсетіңіз және бояңыз. Неге сіз ол жерде тұрсыз? Қандай дәлеліңіз бар?

Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу