Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп:

Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 10 1Т

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина

Уақыты: 40 минут

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Ж7. Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

- мәтінді абзац пен бөліктерге бөледі;

-мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды.

Жетістік критерийлері:

  • Мәтінді абзац пен бөліктерге бөле алады;
  • мәтінді логика мен стиліне қарай түзетіп, редакциялайды.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өзара құрмет, жауапкершілік

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

экономика, қоғам, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп,талдайды.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушыладың көңіл күйлерінің қандай екенін «Басмармақ» әдісі арқылы анықтап, бүгінгі күндеріне «Сәттілік!» тілейді.

Он сұрақ!

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі (МАҚАЛА) сөзі жазылған стикерді жапсырады – қатысушылар аталған сөздің алғашқы белгілерін айтады. Оның мақала екенін анықтағаннан кейін, құрылымына қатысты сұрақтарды кезектесіп қоя алады, оқушылардың жауабы тек не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Мұғалім сынып оқушыларына сұрақтар қою арқылы, сабаққа, бүгінгі тақырыпқа деген ойларын жинақтайды.

Мақаланың құрылымы қандай бөліктерден тұрады?

Кіріспе неліктен солай аталады?

Негізгі бөлімде не туралы айтылуы тиіс?

Қорытынды бөлімде не жайлы сөз болады?-деген сұрақтар болуы мүмкін.

Соңында мұғалім сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

30 мин

Сынып оқушылары жеке жұмыс жасайды.

ІІ. Ж7. Жазба жұмысын ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, оны абзац пен бөліктерге бөліңіз. Бөлу себебін өз жазба жұмысыңызда түсіндіріп, дәлелдеңіз. Мәтінді дұрыс жүйеге келтіріңіз және логикасы мен стиліне қарай түзетіп, редакциялаңыз.

Жетістік критерийі:

  • - мәтінді абзац пен бөліктерге бөле алады;
  • мәтінді логика мен стиліне қарай түзетіп, редакциялайды

Мәтін. (ТҮПНҰСҚАСЫ) Қазақстанның қуатты Экономикалық одақ құрудағы алған бағыты: шекараны қорғау, көші-қон саясаты...

Мәскеуде өткен мемлекет басшылары отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен, Армения Республикасының Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуының жол картасымен жұмыс барысы, сондай-ақ экономикалық интеграцияның бірқатар басқа да ағымдағы мәселелері қаралды, деп хабарлайды Bnews ақпараттық қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық интеграциялық үдерістер аясында атқарылған жұмыс қорытындысын шығарудың игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

– Өтіп бара жатқан жыл кездесулерге толы болды, соның арқасында біз өзіміздің ортақ интеграциялық ісімізді табысты ілгерілетудеміз.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдымен интеграция үшін іргетас дайындап алып, өзара ықпалдастықтың тереңірек түрлеріне содан кейін өту қажеттігін ескере отырып, кезеңділік қағидасын сақтауға назар аударды.

– Осыған байланысты қазіргі кезеңде үйлестірілген немесе келісілген саясатқа, барлық қатысушыларды қызықтыратын салаларда ортақ нарық қалыптастыруға ден қойған пайдалырақ болар еді. Сауда саясаты біз бірыңғай саясатқа қол жеткізген бағыттарда, сақталуға тиіс.

Қазақстан Президенті құрылып жатқан Одақты саясиландыруға жол бермеу қажеттігіне ерекше тоқталды.

– Біз экономикалық одақ құрудамыз. Сондықтан Комиссияның міндеті – Шартқа экономикалық интеграция шегінен шығатын ережелерді қоспау. Қылмыстық және әкімшілік тәртіп бұзушылықтар жөніндегі жауапкершілікті біріздендіру туралы мәселе көтерілуде, алайда бұл салалар таза ұлттық салалар, мемлекеттің ішкі саясатының мәні болып саналады және жүйеленген шарттан алынып тасталуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер басшылары және үкіметтер деңгейіндегі Жоғары кеңеске ұлтүстілік өкілеттіктерді беруге болмайтынын атап өтті.

– Комиссия – ұлтүстілік орган. Біз интеграцияны ілгерілету үшін осыған бардық. Оның өкілеттігі қол қойылған шарттармен және келісімдермен нақты реттеледі әрі тек қана экономикалық салаға жатады. Біз Сіздермен бірге, мемлекеттер басшылары ретінде, Комиссия мүшелерін тағайындаймыз, біздің шешіміміз стратегиялық және ұйымдастырушылық сипатқа ие. Біз тапсырмалар береміз, Комиссияның іс-қимылын мақұлдаймыз және шарттарға қол қоямыз. Комиссия оларды орындайды, себебі ол – Жоғары органның тапсырмасы. Осы құрылымды сақтау қажет, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Одақ туралы шарт оған мүше мемлекеттердің өзге елдер мен ұйымдармен арадағы халықаралық шарттарына нұқсан келтірмеуі тиістігін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қабылданатын шешімдерге Алқа мүшелерінің жеке жауапкершілігін бекітуді ұсынды. Бұл халықаралық шенеуніктерді әр қадамын салмақтап, кез келген мәселеге обьективті қарауға мәжбүрдейді.

Сонымен бұл нормаларды Шарт жобасына қазірден-ақ қосып, бірлесіп жеке құжат әзірлеуді және оны кезекті отырысымызға ұсынуды тапсыруымыз қажет. Мұндай одақ оған қатысушылардың барлығының мүдделерін ескергенде ғана қалыптасуы мүмкін екенін түгел мойындады. (346 сөз)

Бағалау. Әр оқушы «Өзіңді өзің бағала» тәсілімен мәтіннің түпнұсқасы мен өз нұсқасын салыстыру арқылы түзетіп, жүргізеді.

Дәптерлерін мұғалімге тапсырады.

http://www.qamshy.kz/article/qazaqstanninh-qwatti-ekonomykaliq-odaq-qurwdaghi-alghan-baghiti-shekarani-qorghaw-koshi-qon-sayasati.html

Сабақтың соңы:

3 мин

«Сабақта өзіңді бағала» (рефлексия )

1.Сабақта мен… жұмыс істедім

белсенді, селқос

2. Мен өз жұмысыммен

ризамын, риза емеспін

3. Сабақта мен

шаршадым, шаршамадым

4. Сабақты …

түсіндім, түсінбедім

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ҚОСЫМША 1

Оқылым.

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, оны абзац пен бөліктерге бөліңіз. Бөлу себебін өз жазба жұмысыңызда түсіндіріп, дәлелдеңіз. Мәтінді дұрыс жүйеге келтіріңіз және логикасы мен стиліне қарай түзетіп, редакциялаңыз.

Жетістік критерийі:

-- мәтінді абзац пен бөліктерге бөле алады;

-мәтінді логика мен стиліне қарай түзетіп, редакциялайды

Қазақстанның қуатты Экономикалық одақ құрудағы алған бағыты: шекараны қорғау, көші-қон саясаты...

Мәскеуде өткен мемлекет басшылары отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен, Армения Республикасының Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуының жол картасымен жұмыс барысы, сондай-ақ экономикалық интеграцияның бірқатар басқа да ағымдағы мәселелері қаралды, деп хабарлайды Bnews ақпараттық қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық интеграциялық үдерістер аясында атқарылған жұмыс қорытындысын шығарудың игі дәстүрге айналғанын атап өтті.– Өтіп бара жатқан жыл кездесулерге толы болды, соның арқасында біз өзіміздің ортақ интеграциялық ісімізді табысты ілгерілетудеміз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдымен интеграция үшін іргетас дайындап алып, өзара ықпалдастықтың тереңірек түрлеріне содан кейін өту қажеттігін ескере отырып, кезеңділік қағидасын сақтауға назар аударды. Осыған байланысты қазіргі кезеңде үйлестірілген немесе келісілген саясатқа, барлық қатысушыларды қызықтыратын салаларда ортақ нарық қалыптастыруға ден қойған пайдалырақ болар еді. Сауда саясаты біз бірыңғай саясатқа қол жеткізген бағыттарда, сақталуға тиіс. Қазақстан Президенті құрылып жатқан Одақты саясиландыруға жол бермеу қажеттігіне ерекше тоқталды. – Біз экономикалық одақ құрудамыз. Сондықтан Комиссияның міндеті – Шартқа экономикалық интеграция шегінен шығатын ережелерді қоспау. Қылмыстық және әкімшілік тәртіп бұзушылықтар жөніндегі жауапкершілікті біріздендіру туралы мәселе көтерілуде, алайда бұл салалар таза ұлттық салалар, мемлекеттің ішкі саясатының мәні болып саналады және жүйеленген шарттан алынып тасталуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер басшылары және үкіметтер деңгейіндегі Жоғары кеңеске ұлтүстілік өкілеттіктерді беруге болмайтынын атап өтті. – Комиссия – ұлтүстілік орган. Біз интеграцияны ілгерілету үшін осыған бардық. Оның өкілеттігі қол қойылған шарттармен және келісімдермен нақты реттеледі әрі тек қана экономикалық салаға жатады. Біз Сіздермен бірге, мемлекеттер басшылары ретінде, Комиссия мүшелерін тағайындаймыз, біздің шешіміміз стратегиялық және ұйымдастырушылық сипатқа ие. Біз тапсырмалар береміз, Комиссияның іс-қимылын мақұлдаймыз және шарттарға қол қоямыз. Комиссия оларды орындайды, себебі ол – Жоғары органның тапсырмасы. Осы құрылымды сақтау қажет, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Одақ туралы шарт оған мүше мемлекеттердің өзге елдер мен ұйымдармен арадағы халықаралық шарттарына нұқсан келтірмеуі тиістігін атап өтті.Сондай-ақ Мемлекет басшысы қабылданатын шешімдерге Алқа мүшелерінің жеке жауапкершілігін бекітуді ұсынды. Бұл халықаралық шенеуніктерді әр қадамын салмақтап, кез келген мәселеге обьективті қарауға мәжбүрдейді. Сонымен бұл нормаларды Шарт жобасына қазірден-ақ қосып, бірлесіп жеке құжат әзірлеуді және оны кезекті отырысымызға ұсынуды тапсыруымыз қажет. Мұндай одақ оған қатысушылардың барлығының мүдделерін ескергенде ғана қалыптасуы мүмкін екенін түгел мойындады. (346 сөз)

http://www.qamshy.kz/article/qazaqstanninh-qwatti-ekonomykaliq-odaq-qurwdaghi-alghan-baghiti-shekarani-qorghaw-koshi-qon-sayasati.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу