Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп:

Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 10 1Т

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина

Уақыты:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: 1-сабақ.

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап жазылған мәтінін құрастырады;
  • жағдаятқа қатысты өз ойын сыни тұрғыдан талдап, тартымды етіп жеткізеді.

Жетістік критерийлері:

  • көпшілік алдында сөйлеу үшін сөз әдебі сақталған, тілдік оралымдары түсінікті мәтін құрастырады;
  • сыни тұрғыда өзіндік пікірін нақты білдіріп, көпшілікке жеткізеді.

Құндылықтарды дарыту

- сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілік

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

экономика, қоғам, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп, талдады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

І. Қызығушылықты ояту. Оқушылар ортаға шығады.

«Соңғы жаңалықтар» әдісін қолданып, 3 адамнан шағын топ құрып тұрады. «Экономикалық интеграция» жайлы естіген әлемдегі соңғы жаңалықтарымен бөліседі. Онда БАҚ мәліметтерді, пәнаралық байланыстағы естіген ақпараттарды және үйге берілген « Экономикалық интеграция елге қалай әсер етеді?» атты жұмысынан да қолдануы қажет.

Мақсаты: өз ойын еркін, өмірмен нақты байланыстыра жеткізу.

Бағалау: өзара ауызша мадақтау, қолдау білдіру. Креативті пікір.

Мұғалім оқушылардың арасында жүріп, олардың қандай жаңалық айтып жатқанын бақылайды.

-Оқушыларға: «Бұл жаңалықтарды қайдан естідіңіздер?» – деген

сұрақ қояды.

Оқушылар 1,2,3,4 сандары арқылы 4 топқа бөлінеді. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын, жетістік критерийін айтады.

Сабақтың ортасы

25 мин

Сабағымыздың мақсаты сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызының әдістерімен таныстыру. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне жағдай жасау, мүмкіндік беру.

ІІ. Топпен жұмыс. Проблемалық тапсырма тақырыбы:

«Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері» атты постер құрастыру

  • Көпшілік алдында өзін-өзі ұстау ережелері
  • Қызықтыра білу, тартымды сөйлеу әдістері
  • Талдаудың логикалық тәсілдері
  • Баяндаудың түсіндіру тәсілдері
  • Сөйлеуші баяндамасына деген сұраныстың пайда болу себептері

Әр топ аталған сұрақтарға креативті жауап беріп, ақпаратты зерттеп, топ алдында қорғайды.

Бағалау жетістік критерийі бойынша 1-2-3-4-1 ретінде жүреді.

Ортақ жетістік критерийін топтар өзара бірігіп, құрастырады.

Мұғалім сөзі: көпшілік алдындағы сөйлеу ережелерін анықтағаннан кейін, әркім өз бетінше жағдаятқа байланысты өзінің сөйлеу сөзін дайындайды.

Жағдаят. Бір өндіріс орнында саясаткердің: «Экономикалық интеграция елге тиімді әсер етеді» деген тұжырымына күмән туындап, қызметкерлер арасында дау болды. Сіздің міндетіңіз-осы күмәнді дәлелді сөзіңізбен сейілту.

Тапсырма: жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап мәтін құрастыру. Сыныптастарының алдында өзіндік пікірін дәлелді жеткізу. Көлемі 100-150 сөз.

Жетістік критерийі:

  • көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтап жазды;
  • жағдаятқа қатысты өз ойын сыни тұрғыдан талдап, тартымды етіп жеткізді.

Бағалау жұпта ЖК бойынша жүргізіледі. (сұранысы бойынша әр жұптан 1 баланы тыңдау)

А3 форматындағы ақ қағаз және түсті маркерлер

Оқылым материалдары

Сабақтың соңы:

5 мин

Үй тапсырмасы: Ел жаңалықтарынан тақырыпқа сай 1 бейнематериал жүктеп әкелу, оған жан-жақты талдау жасау.2-3 м.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ҚОСЫМША

ІІ. Топпен жұмыс. Проблемалық тапсырма тақырыбы:

«Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері» атты постер құрастыру

1.топ:Көпшілік алдында өзін-өзі ұстау ережелері

2. топ:Қызықтыра білу, тартымды сөйлеу әдістері

3. топ:Талдаудың логикалық тәсілдері

4. топ:Баяндаудың түсіндіру тәсілдері

5. топ:Сөйлеуші баяндамасына деген сұраныстың пайда болу себептері

Әр топ аталған сұрақтарға креативті жауап беріп, ақпаратты зерттеп, топ алдында қорғайды.

Бағалау жетістік критерийі бойынша 1-2-3-4-1 ретінде жүреді.

Ортақ жетістік критерийін топтар өзара бірігіп, құрастырады.

Ескеру. Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде сөйлеушінің сөздерді байланыстыра отырып, маңызды ой шығаруы үшін үш тәсіл – дедукция, индукция, аналогия керек деген.

Талдаудың логикалық тәсілдері

Баяндаудың түсіндіру тәсілдері

Анализ. Зетттеу, талдау арқылы негізгі белгілерін саралау.

Дедукция. Жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке ауысуы

Синтез. Пікірлерін біріктіру арқылы негізгі ойының бүтін болмысын таныту.

Индукция. Жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.

Салыстыру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау.

Аналогия. Салыстыра отырып, нақты бір затқа тән қасиеттерді ашу.

Жинақтау. Қорытындылау, негіздеу, айтылған ойдың бас-аяғын жинап, түйін жасау.

Дәлелдеме. Ой өзектілігін нығайтатын қажетті дәлелдемелерді пайдалана білу шешеннің сөз құндылығын арттырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу