Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп:

Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 10 1Т 3

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина

Уақыты:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: 1-сабақ.

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

О3. Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Сабақ мақсаттары:

  • Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін біледі;
  • мақаланың жанрлық ерекшеліктерін талдайды.

Жетістік критерийлері:

Оқушылар:

  • көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін ажыратады;
  • мақаланың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, талдайды.

Құндылықтарды дарыту

Халыққа деген құрмет, өзара ынтымақтастық, жауапкершілік

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

экономика, журналистика, қоғам, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп, талдады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут бейне + 5=

15 мин.

І. Қызығушылықты ояту. Оқушылар өткен сабақта бөлінгендей әркім өз топтарында отырады. Үй тапсырмасына: Ел жаңалықтарынан (Экономикалық интеграция) тақырыпқа сай әр топтан 1 бейнематериал жүктеп әкелу және оған жан-жақты талдау жасау берілген. (ұзақтығы 2-3 мин.) 1-2-3-4-1 ретімен тыңдайды. Оқушылар топта екі-екіден жұптасадыжәне олар ішінара рөлге бөлінеді. Бірі-әңгімелеуші, екіншісі –тілші.Тілші бейнематериал бойынша сынитұрғыда сұрақ қояды, ал әңгімелеуші мәселеге өзіндік пікірін білдіреді. Бағалау жұпта «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жүреді.

Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын, жетістік критерийін айтады.

Сабақтың ортасы

3 мин

25 мин

ІІ. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Мұғалім тақырыпты қайталап, мақсатқа оралады. Онда мақала туралы сөз қозғалғандықтан, әр топқа бір сұрақтан қояды.

М: 1. Мақала деген не? 2.Мақала жанрдың қай түріне жатады? 3.Мақала қай стильде жазылады.4.Мақала жазғанда қандай сұрақтарға жауап берген дұрыс?

Ескеру:Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Оқушылар мақала туралы өз ойларын ортаға салғаннан кейін, оқылым тапсырмасын ұсынады.

Оқылым. Экономикалық интеграциядан Алматының өзі былтыр 8,6 млрд. доллар пайда тапты. (ҚОСЫМША 1)

Тапсырма:

1.мәтінді оқып, оның құрылымын, жанрын, стилін ажыратып, талдаңыз.

2.Мәтін мазмұнын Блум таксономиясы бойынша талдаңыз:

( Кім, Не, Қайда, Қашан, Неліктен, Қалай?)

Жетістік критерийі:

  • көпшілікке арналған мақаланың құрылымын анықтайды;
  • стилі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтап, талдайды;
  • мәтін мазмұнын Блум бойынша талдайды.

Бағалау ЖК бойынша 1-2-3-4-1 жүреді.

Оқылым материалдары

Қосымша 1

Сабақтың соңы:

5 мин

Үй тапсырмасы:естіген, тыңдаған, оқыған, бөліскен ақпараттарды жинақтап, іріктеп мақала жазу ережесін құрастырыңыз. (ғаламтор көмегіне жүгінуге болады)

Рефлексия

1 – не қызықты?

2 – не пайдалы?

3 – не қиын?

4 - қалай қолданамын?

5 - көңіл-күйім қандай?

Бүгінгі сабақтағы мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ҚОСЫМША 1

Оқылым. Экономикалық интеграциядан Алматының өзі былтыр 8,6 млрд. доллар пайда тапты

Мінеки, осы жерде алдыңғы қатарға экономикалық интеграция шығады. Ал бұл дегеніңіз – бүгінгі бүкіләлемдік даму үрдісі. Осылай болатынын осыдан көп жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жіті көре білген. Соның бір белгісі, осыдан 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Ломоносов атындағы Мәскеу ММУ-нде алғаш рет Еуразиялық одақ идеясы туралы айтып, оның жобасын ұсынған болатын. Бұл ретте қазіргі таңда жиі-жиі айтылып жүрген ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік сол Елбасы көтерген еуразиялық интеграцияның бір-бірімен жалғасқан бөлшегі екендігі бәрімізге белгілі.

Әрине, еуразиялық экономикалық интеграция – қазір көпшілік елдерді қызықтырып отырған жоба. Сондықтан да, қазір Армения мен Қырғызстан Кедендік Одаққа кіруге ұмтылуда. Оның үстіне Қазақстан да өзіне шығатын өнімнің барлығын жалғыз өзі ғана тұтына алмайды. Міне, сондықтан да республикамыз Ресей және Беларусьпен бірігіп, Кедендік Одақ құрды. Оның үш тарапқа да мол пайда әкеліп жатқанын қазір бүкіл әлем байқап отыр. Нақтылап айтар болсақ, Кедендік Одақтың жұмыс істеген соңғы төрт жылында Қазақстан, Ресей және Беларусь аралығындағы өзара сауда көлемі екі есеге артып, өткен жылы 64 млрд. долларды құраған. Көріп отырмыз, бұл дегеніміз, қыруар қаржы ғой. Ал егер осындай қарым-қатынас болмаса, бұл елдер мұндай пайда көрер ме еді?!

Керек десеңіз, еуразиялық экономикалық интеграция бір ғана Алматы қаласының өзіне де аса қажет. Өйткені, біздің қаламыздың Кедендік Одақ елдерімен сыртқы тауар айналымы тек өткен жылы ғана 8,6 млрд. долларды құраған. Мұның өзі, ең алдымен, Алматы қаласының Ресей мен Беларусь елдерінің қалалары және облыстарымен тығыз интеграциялық байланыстар орнатуының жарқын көрінісі.

Жасырын емес, соңғы кезде елімізде «Еуразиялық экономикалық кеңістіктің ортақ валютасы болады екен», «Интеграциялық бірлестікке қосылу егемендігімізге салқынын тигізбей ме?» – деген пікірлер жиі айтылатын болып жүр. Әрине, осыларды терең зерделеу үшін биылдың өзінде бірнеше кең ауқымды талқылаулар өтті.

Қорыта айтқанда, қазіргідей жаһандану заманында халықтарға, елдерге экономикалық интеграцияның аса қажеттілігі байқалуда. Өйткені, бұл ретте әлемде сауда, экономикалық және жалпы нарықтық ұйымдарға бөлінген 300-дей ұйым бар екен. Мысалы, бір ғана АҚШ, Канада және Мексика біріккен НАФТА ұйымының бір жылғы тауар айналымы триллион доллардан асып жығылған. Көрдіңіз ғой, қарым-қатынастар мен байланыстың қажеттілігін. Демек, біздің еліміз үшін экономикалық интеграцияның әкелер пайдасы орасан зор боларын түсінуіміз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев:

  «ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, әлем көшінің соңына қалдырады. Біз – дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады. Интеграция – ел тәуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бәсекелік қабілетімізді шыңдайды».

  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінен.

http://almaty-akshamy.kz/2014/04/23/экономикалық-интеграция-бүгінгі-кү/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу