Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп:

Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 10 1Т

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина

Уақыты: 40 минут

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Ж3. Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу

ӘТН3. Сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

- мәтіндегі деректерді салыстырып, түсініп талдайды;

-мәтіндегі көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді, баға береді;

- сөздік қор мен құрам ерекшеліктерін нормаға сай түсініп қолданады.

Жетістік критерийлері:

  • Мәтіндегі деректерді салыстырып, талдайды:
  • мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды, оған өзіндік пікірін білдіріп жазады;
  • сөздік қорды орынды қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілік

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

экономика, қоғам, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп,талдайды.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Қызығушылықты ояту.

Сынып оқушылары экономиканың дамуына ауқымды үлес қосатын өндіріс сала атаулары бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топ оқушылары ҚР аталған сала қаншалықты дамығанын мысалдармен дәлелдеп, жеткізуге тырысады.

1 топ: ауыр өнеркәсіп, металлургия 

2-топ: көлік шығару

3-топ: дәнді дақылдар және азық-түлік өндіру

4-топ:технология 

Оқушылар бір-бірінің жауабын «Басбармақ» әдісімен бағалайды. Мұғалім сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

30 мин

ІІ. Жеке және жұппен жұмыс.

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі деректерді салыстырып, түсініп талдаңыз. Ондағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөздік қорын орынды қолданып, пікір білдіріп жазыңыз.

Тапсырманы орындау кезеңдері:

1- Мәтінді мұқият оқыңыз. (жеке жұмыс)

2- берілген Венн диаграммасын жұппен салыстырып толтырыңыз.

3- мәтіндегі деректерді салыстырып, түсініп талдаңыз. Ондағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөздік қорын орынды қолданып, пікір білдіріп жазыңыз. (жеке жұмыс)

Оқылым. Мұқият оқыңыз.

1-Мәтін. Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді басып озды

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді басып озды. Қазақстан 4,5 орташа балымен 42-орынға ие болып, көрсеткіш жөнінен өткен жылмен салыстырғанда сегіз сатыға жоғарылады. Ал Ресей 45-орында.  Биыл Қазақстан Италия мен Польшаның ортасында тұр. Ол Ресей, Латвия, Филлиппин және Түркия сынды елдерді артта қалдырды. Рейтингтегі бірінші орынды осымен жеті жыл қатарынан Швейцария алып келеді. Екінші орынды Сингапур елі сақтап қалды. Үшінші орын — АҚШ. Германия бесінші сатыдан төртіншіге көтерілді. Ал Нидерланды - сегізіншіден бесіншіге. ӘЭФ әзірлеген жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің алғашқы ондығына Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция мен Ұлыбритания сияқты елдер кірді. Қытай 28-орында, Бразилия - 75, Үндістан 55-орында. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Әзірбайжан елі жоғары тұрды, 40-орында. Айта кетейік, 2013 және 2014 жылдардың нәтижесі бойынша Қазақстан екі жыл қатарынан 4,4 орташа балымен бұл рейтингте 50-орынға тұрақтаған болатын. Рейтинг инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау, инновация сынды салаларды қамтыған 110-нан аса көрсеткіш негізінде жасалады. 

2-Мәтін. Қазақстандық макаронды Қытай мен Молдавия тұрғындары сатып алатын болды

Жамбыл облысындағы кеспе және макарон шығаратын кәсіпорын өнімдерін Қытай және Молдавия елдерінің нарығына шығара бастады, деп хабарлайды Today.kz "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

Жылына 9 мың тонна тауар өндіретін фабрика былтыр өнімінің 30 пайызын экспортқа жөнелткен. Өндіріс орнына Парламент Мәжілісінің депутаттары барып, ондағы өнім шығару технологиясын көрді. Зауыт өніміне жыл санап сұраныс артып келеді. Кәсіпорын индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысып, қытайлық инвесторлармен бірлескен жобаны қолға алды. Биыл экспорт көлемін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

"Ішкі нарықты емес, сыртқа да өнімін шығарып, біздің экспорттық әлеуетімізді арттырып жатқан нысанның бірі. Бұл жерде тағы да бір айта кететін жайт, Қытай Халық Республикасының азаматтарымен бірлескен кәсіпорын құрылды. Екіжақты экономикалық тиімді жұмыстар атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Осындай процестермен біз экономикамыздың өсуіне үлкен жол ашқан болар едік. Және олардың дамуына мүмкіндік туғызған болар едік", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Тапсырманың 2- кезеңі. Берілген Венн диаграммасын жұппен салыстырып толтырыңыз.

Тапсырманың 3-кезеңі. Мәтіндегі деректерді салыстырып, түсініп талдаңыз. Ондағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөздік қорын орынды қолданып, пікір білдіріп жазыңыз. (жеке жұмыс). Көлемі: 100-120 сөз

Жетістік критерийі:

- мәтіндегі деректерді салыстырып, талдайды:

- мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды, оған өзіндік пікірін білдіріп жазады;

- сөздік қорды орынды қолданады.

Бағалау «Көршіңмен бөліс» атты әдіспен жүргізіледі. Топта сағат тілі бойынша көрші сыныптасына өз жұмысын береді, бағалау жазу ережесі мен ЖК басшылыққа ала отырып, жүргізіледі.

Сабақтың соңы:

5 мин

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ҚОСЫМША 1

Оқылым. Мұқият оқыңыз.

1-Мәтін. Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді басып озды

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді басып озды. Қазақстан 4,5 орташа балымен 42-орынға ие болып, көрсеткіш жөнінен өткен жылмен салыстырғанда сегіз сатыға жоғарылады. Ал Ресей 45-орында.  Биыл Қазақстан Италия мен Польшаның ортасында тұр. Ол Ресей, Латвия, Филлиппин және Түркия сынды елдерді артта қалдырды. Рейтингтегі бірінші орынды осымен жеті жыл қатарынан Швейцария алып келеді. Екінші орынды Сингапур елі сақтап қалды. Үшінші орын — АҚШ. Германия бесінші сатыдан төртіншіге көтерілді. Ал Нидерланды - сегізіншіден бесіншіге. ӘЭФ әзірлеген жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің алғашқы ондығына Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция мен Ұлыбритания сияқты елдер кірді. Қытай 28-орында, Бразилия - 75, Үндістан 55-орында. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Әзірбайжан елі жоғары тұрды, 40-орында. Айта кетейік, 2013 және 2014 жылдардың нәтижесі бойынша Қазақстан екі жыл қатарынан 4,4 орташа балымен бұл рейтингте 50-орынға тұрақтаған болатын. Рейтинг инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау, инновация сынды салаларды қамтыған 110-нан аса көрсеткіш негізінде жасалады. 

2-Мәтін. Қазақстандық макаронды Қытай мен Молдавия тұрғындары сатып алатын болды

Жамбыл облысындағы кеспе және макарон шығаратын кәсіпорын өнімдерін Қытай және Молдавия елдерінің нарығына шығара бастады, деп хабарлайды Today.kz "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

Жылына 9 мың тонна тауар өндіретін фабрика былтыр өнімінің 30 пайызын экспортқа жөнелткен. Өндіріс орнына Парламент Мәжілісінің депутаттары барып, ондағы өнім шығару технологиясын көрді. Зауыт өніміне жыл санап сұраныс артып келеді. Кәсіпорын индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысып, қытайлық инвесторлармен бірлескен жобаны қолға алды. Биыл экспорт көлемін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

"Ішкі нарықты емес, сыртқа да өнімін шығарып, біздің экспорттық әлеуетімізді арттырып жатқан нысанның бірі. Бұл жерде тағы да бір айта кететін жайт, Қытай Халық Республикасының азаматтарымен бірлескен кәсіпорын құрылды. Екіжақты экономикалық тиімді жұмыстар атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Осындай процестермен біз экономикамыздың өсуіне үлкен жол ашқан болар едік. Және олардың дамуына мүмкіндік туғызған болар едік", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Тапсырманың 2- кезеңі. Берілген Венн диаграммасын жұппен салыстырып толтырыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу