Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.

Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп:

Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 10 1Т

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина

Уақыты: 80 минут

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Т/А2. Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Қолдану аясы тар арнайы мәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды түсінеді;
  • мәтінге қатысты өз ойын сыни тұрғыдан талдап, айтады.

Жетістік критерийлері:

  • мәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды нақты түсінеді;
  • сыни тұрғыда өзіндік пікірін білдіріп, талдайды;
  • мәтіндегі ақпаратқақатысты креативті ойлар айтады.

Құндылықтарды дарыту

- бір-біріне құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

экономика, қоғам, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет» тақырыбын түсініп,талдады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Қызығушылықты ояту.Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.Әр топ өз суретін сипаттап,түсіндіреді.

Оқушылар барлық суретке ортақ түсінік қандай?-деген сұраққа жауап беру арқылы,бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап, анықтайды.

Сабақтың ортасы

30 мин

25 мин

15 мин

ІІ. Топпен жұмыс. Бейнематериал.

«Жаһандық саясат». Экономикалық интеграция.

Тапсырма:

1.бейнематериалды мұқият көріп, ақпаратты тыңдап, терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды іріктеп жазып алыңыз. Оларды топта талдаңыз. Бейнематериалдың негізгі ойын анықтап, өзіндік көқарасыңызды білдіріп, жұпта, топта бөлісіңіз.

2.Экономикалық интеграция деген не? Ол біздің елге не береді? Әр топ аталған сұрақтарға креативті жауап беріп, ақпаратты зерттейді.

Бағалау жетістік критерийі бойынша 1-2-3-4-1 ретінде жүреді.

Жетістік критерийі:

  •  ақпаратты тыңдап, терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды іріктеп, талдады;
  •  бейнематериалдың негізгі ойын анықтап, өзіндік көзқарасын білдірді;
  •  шағын зерттеу жұмысын жүргізеді.

ІІІ. Оқылым тапсырмасы.

Т/А2. Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.

Топтық жұмыс.

Ғаламтордан алынған «Экономикалық интеграция мемлекетті нығайтады» атты «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Амангелді Арысбаевтың пікіріне талдау жасау.

Тапсырма:

1. Пікірді мұқият оқып, көтерілген мәселені SWOT тәсілі арқылы талқылаңыз.

2. Мәтінде көтерілген мәселеге өзіндік пікір білдіріңіз. Қажет деп санаған мәліметті дәптерге жазып алыңыз.

SWOT-талдау әдісін қолдану барысында мәтінде көтерілген мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, оның мүмкіндіктері бағаланып, орын алатын қауіптері туралы айтылады. SWOT-талдаудың 4 топқа 4 жағы

S - мәтінде көтерілген мәселенің жағымды жақтары (Strengths)

W - мәтінде көтерілген мәселенің жағымсыз жақтары (Weaknesses)

O - мәтінде көтерілген мәселенің мүмкіндіктері (Opportunities)

T - мәтінде көтерілген мәселенің қатерлері (Threats)

Жетістік критерийі:

  • пікірді мұқият оқып, көтеріліп отырған мәселені SWOT тәсілі арқылы талқылады;
  • мәтінде көтерілген мәселеге өзіндік пікір білдірді.

Бағалау: ЖК 1-2-3-4-1 ретінде жүреді.

https://www.youtube.com/watch?v=S7WWauZzmuY

4,31

Оқылым материалдары

Сабақтың соңы:

5 мин

Үй тапсырмасы: " Экономикалық интеграция елге қалай әсер етеді? деген сұраққа жауап ретінде 150 сөзден тұратын мақала жазыңыз.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен ....................................................................білдім

Мен....................................................................үйрендім

Маған..................................................................ұнады.

Маған...............................................қиындық туғызды

Менің көңіл-күйім...........................................................

Бүгінгі сабақтағы мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ҚОСЫМША

Экономикалық интеграция мемлекетті нығайтады

Жаһандану үрдісі кең етек алған XXI ғасырда әлем елдерінің алдында туындаған жалпы ортақтық сипаттағы мәселелер адамзат баласын алаңдатпай қоймайды. Мұндай мәселелердің шешілуі барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шараларын қажет етеді. Ал әрекеттер мен шаралар тиімді әрі нәтижелі болу үшін үйлесімділік қажет. Мемлекеттер арасындағы әрекеттерді үйлестіруге апаратын бірден-бір жол интеграция болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи құжатқа қол қойғаны баршамызға мәлім. 2015 жыдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісетін жаңа одақ оған енген мемлекеттердің халқы үшін игілікке қызмет жасайтын болады. Олай дейтінім, экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтады. Экономиканы дамыту арқылы одан әрі беріктендіре түсуге ықпал етеді. Себебі, интеграциялық бірлестіктердің өзегінде экономикалық прагматизм, өзара сыйластық, барлық шешімді қабылдауға қажетті тең құқықтылық және ашықтық жатыр. Сондықтан Еуразиялық одақты құру басқалардан іргемізді ажырату үшін емес, керісінше, басқа серіктестермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату үшін құрылып отыр. Олай болса, экономикалық одаққа бірігуден мемлекеттер тек қана ұтысқа ие болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес. Себебі, қандай да бір мемлекет өзге елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл жасамайынша, алға жылжи алмайды» деген болатын. Шыңдығында да қазіргі заман экономикалық интеграцияның заманы. Экономикалық тұрғыдан жасалып отырған тиімді бастама Қазақстанның әлеуетіне оң ықпал етеді. Үш ел тауарларының еркін қозғалысы алыс-берісті арттырып қана қоймай, бірлескен кәсіпорындар құруға да бірегей мүмкіндік бермек. Үш ел арасында қызмет жасап жатқан Кедендік одақ та кең өріс алмақ. Еуразиялық интеграция аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің экономикасы бұрынғысынан да қарқынды дамитын болады. Өйткені Қазақстанда жалпы нарыққа, бизнеске арналған жобаларды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасалған. Біздің елімізде теміржол құрамдары, жүк көліктері мен электротехника салалары қарқынды дамып келе жатыр. Сонымен қатар одақ аясында әр кәсіпорын өз қызметін емін-еркін жүргізетін болады. Ол үшін қосымша лицензия немесе тағы басқа келісім-шарт әзірлеудің қажеттілігі туындамайды. Жаңа нарық әр кәсіпорын мен әр азамат үшін ұтымды болады.

Елбасы «Минск-Мәскеу-Астана-Алматы» бағдары бойынша жүрдек теміржол магистралін салу, қолданыстағы теміржол және автокөлік жолдары желісін жаңғырту мәселелерін көтеріп отыр. «Әсіресе, Батыста – Еуропалық елдерге, ал Шығыста Қытайдың көлік жүйесіне шығатын бағыттар ескерілуі шарт. Сондай-ақ «Каспий-Қара теңіз каналы» жобасын жүзеге асыру қажет. Бұл көліктік коммуникациялар біздің экономикаларды қаншалық ықпалдастыруға бел буып отырғандығымызды көрсетеді және оған басқалары назар аударады», – деді.

Еуразиялық одақтың құрылуы бұл мүше елдердің XXI ғасырдың күрделі әлемінде өзінің сенімді орнын табуға мүмкіндік беретін жол. Осындай Еуразиялық кеңістікті қамтитын бірлестікке енуге көптеген мемлекет басшылары қызығушылық танытып отыр. Демек, бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. (395)

Амангелді АРЫСБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы «Теміржол»

филиалының төрағасы, облыстық мәслихат

депутаты.

SWOT-талдау әдісін қолдану барысында мәтінде көтерілген мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, оның мүмкіндіктері бағаланып, орын алатын қауіптері туралы айтылады. SWOT-талдаудың 4 топқа 4 жағы

  • S - мәтінде көтерілген мәселенің жағымды жақтары (Strengths)
  • W - мәтінде көтерілген мәселенің жағымсыз жақтары (Weaknesses)
  • O - мәтінде көтерілген мәселенің мүмкіндіктері (Opportunities)
  • T - мәтінде көтерілген мәселенің қатерлері (Threats)

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу