Экономикалық интеграция - бүгінгі күннің даму үрдісі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Жоспар бөлімі: 4-бөлім. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Мектеп:

Өскемен қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 10 1Т

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Н. Амиргазина

Уақыты: 40 минут

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Ж2.Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

-ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық ерекшелігін ажыратып жазады;

-мәтіннің стиліне сәйкес тілдік құралдарды орынды қолданады;

-мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын білдіріп, мақала жазады.

Жетістік критерийлері:

  • тілдік құралдарды стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;
  • мәселеге өзіндік пікірін білдіріп, мақала жазады.

Құндылықтарды дарыту

өзгеге құрмет, жауапкершілік, ынтымақтастық

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша..., өз көзқарасым..., менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

экономика, қоғам, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі» тақырыбын түсініп, талдады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Қызығушылықты ояту.

Әр топ мақала түрлерінің атауы бойынша, 4 топқа бөлінеді және оны топта талқылап, дәлелдеп түсіндіреді. (мысал келтіреді)

Бас Мақала 

Проблемалық Мақала 

Насихаттық Мақала 

Публицистикалық Мақала 

ІІ. Мұғалім оқушылардан өткен сабақтардағы мақала туралы алған ақпарат, мәліметтерін еске түсірулерін сұрайды.

Келесіде оқушылар «Мақаланы жазудың негізгі әдістерімен таныс болыңыздар» деген мәтінді оқып, үй тапсырмасында өздерінің жазған ережесімен салыстырады. Келісу, келіспеу жағын ескереді.

«Мақаланы жазудың негізгі әдістерімен таныс болыңыздар»

мәтіні

Сабақтың ортасы

30 мин

ІІІ. Топпен жұмыс.

Тапсырма. Мақала түрлері мен оны жазудың негізгі әдістері туралы мәтінді мұқият оқыңыз. Жазу тәртібін сақтап, ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазыңыз. Сөз көлемі 120-150.

Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

Мақала 4 түрге бөлінеді:

Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

Насихаттық Мақала ғылымтехникаөнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Мақала жазудың негізгі әдістерімен таныс болыңыз.

1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашу тиістілігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Осының кесірінен мәтініңіз түсініксіз болады. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып. Сонымен қатар, мақаланың стилі мен жанрын анықтаңыз.

2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.

3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.

4. Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың ұзақтығы бірдей болғаны жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

5. Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз -

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)

6. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін сақтаңыз. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы тиіс.

7. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теру кезінде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанған сөздерді синонимдермен ауыстырыңыз.

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін - күнделікті мақала жазып жүрген абзал. 

Мадина Ребров

Жетістік критерийі:

  • тілдік құралдарды стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес қолданады;
  • көтерілген мәселеге өзіндік пікірін білдіріп, мақала жазады.

Бағалау «Көршіңе тапсыр» атты әдіспен жүргізіледі. Топта сағат тілі бойынша көрші сыныптасына өз жұмысын береді, бағалау жазу ережесі мен ЖК басшылыққа ала отырып, жүргізіледі.

Оқылым.

«Мақаланы жазудың негізгі әдістерімен таныс болыңыздар»

мәтіні

Сабақтың соңы:

5 мин

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

Мақала 4 түрге бөлінеді:

Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

Насихаттық Мақала ғылымтехникаөнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Мақала жазудың негізгі әдістерімен таныс болыңыз.

1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашу тиістілігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Осының кесірінен мәтініңіз түсініксіз болады. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып. Сонымен қатар, мақаланың стилі мен жанрын анықтаңыз.

2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.

3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.

4. Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың ұзақтығы бірдей болғаны жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

5. Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз -

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)

6. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін сақтаңыз. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы тиіс.

7. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теру кезінде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанған сөздерді синонимдермен ауыстырыңыз.

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін - күнделікті мақала жазып жүрген абзал. 

ҚОСЫМША 1

Мадина Ребров

Топқа бөлу

Бас Мақала 

Проблемалық Мақала 

Насихаттық Мақала 

Публицистикалық Мақала 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу