Cөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 нұсқа.


Мәтін

Өркениет әлемі уақыт өткен сайын сан мың өзгерістерді бастан кешіріп жатыр. Сондықтан Елбасы алдыңғы қатарлы елдермен иық түйістіріп, тереземізді тең ету мақсатында өркениетті дәуірдің даралық дамуына сана-сезімімізді бейімдеу уақыт талабы екендігін айтып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана»,- деп айтқан сөзінің астарында үлкен мән жатыр.

Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда дамудың өзіндік дара жолы бар дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын ұсынып отыр. Шынында, бұл - өте құптарлық әрі қуанышты жағдай. Рухани даму жолындағы жасампаздыққа жол ашатын бағдардың бірі – «сананың ашықтығы». Сол арқылы бүкіләлемдік тілдерді жетік меңгеруге қол жеткізуіміз өте маңызды. Бұл біздің халқымыздың әлемдік өркениет айдынында еркін жүзуіне жағдай жасайды. Елбасы өзінің мақаласында рухани жаңғыру жолындағы міндет-талаптарды нақты айтып отыр. Соның бірі – латын әліпбиіне көшіп, оның жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау. Латын әліпбиіне көшу – «Мәңгілік ел» болудың алғышарты және әлемдегі қауіпті тәуекелдерге тәуелді болмай, отаншылдықтың шырағын сөндірмей, ұлтжандылыққа бастайтын төте жол.

http://www.astana-akshamy.kz/ruhani-qundylyq-ult-quaty/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу